Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 наурыз 1993 ж. N 201. ЕСКЕРТУ. Атауы мен мәтiнiндегi кәсiпорындардың, мекемелердiң сөздерi алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1878 қаулысымен. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 846 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөнiндегi қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.<*> 
      2. Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөнiндегi Ереже 1993 жылғы 1 наурыздан бастап күшiне енгiзiлсiн.<*>
       ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1878  қаулысымен .
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмi бойынша аталған Ереженi қолдану туралы шешiм қабылдауға хұқық берiлсiн. 
      4. Мыналардың: 
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты келгенде олардың шеккен зиянын өтеудiң бұрын белгiленген мөлшерiн ұйымдардың қайта қарауының уақытша тәртiбi туралы" 1992 жылғы 2 маусымдағы N 486 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 22, 351-бап);<*>
      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 2 маусымдағы N 486 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1992 жылғы 28 қыркүйектегi N 806 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы    
Министрлер Кабинетiнiң   
1993 жылғы 17 наурыздағы  
N 201 қаулысымен     
Бекiтiлген     

  Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың өтеуi жөнiндегi Ереже<*>

       ЕСКЕРТУ. Атауы өзгертiлдi, мәтiнiндегi "кәсiпорын, кәсiпорындар, кәсiпорынның, кәсiпорындарда" деген сөздер "ұйым, ұйымдар, ұйымның, ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1878  қаулысымен .

I. Жалпы ережелер

      1. Меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдар<*> жұмысшылар мен қызметшiлердiң еңбек мiндетiн<**> атқаруына байланысты ұйымның кiнәсiнен оның аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерде де мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зияндары үшiн материалдық тұрғыдан жауапты болады.<*> 
      <*> Бұдан былай ұйым делiнедi.<*> 
      <**> Бұдан былай еңбекте мертiгуi делiнедi. 
      Егер ұйым келтiрiлген зиянның оның кiнәсiнен болмағандығын дәлелдей алса, онда ол зиянды өтеуден босатылады.<*> 
      2. Зиянды өтеу зардап шеккен қызметшiге еңбек қабiлетiнен айрылу немесе оның төмендеуi салдарынан жалақысы, табысы (немесе олардың тиiстi бөлiгi) мөлшерiнде ақшалай төлем жасау, бiр жолғы жәрдемақы беру және денсаулығына зақым келтiрiлуi себептi болған қосымша шығындар үшiн өтемақы төлеу арқылы жүзеге асырылады. 
      3. Зардап шеккен қызметшi қайтыс болған жағдайда зиян өтемiн алу хұқына қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем алып тұруға хұқы болған еңбекке жарамсыз адамдар, адам қайтыс болғаннан кейiн дүниеге келген оның баласы, сондай-ақ қайтыс болған адамның 14 жасқа толмаған балаларын, iнiлерiн, қарындастарын немесе немерелерiн күтумен айналысатындарға жұмыс iстемейтiн ата-аналарының бiрi, жұбайы немесе отбасының басқа мүшесi ие болады не алады. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703  қаулысымен .
      4. Еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты мертiккен немесе денсаулығына зақым келген қызметшiнiң кәсiптiк еңбек қабiлетiн жоғалту деңгейiн (процент есебiмен) анықтауда халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi жүргiзедi. <*> Еңбекте мертігу салдарынан кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айрылу себептерін, мүгедектiк топтарын, дәрежесiн куәландыру, белгiлеу тәртiбiн халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган азаматтардың денсаулығын қорғау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлетті орталық атқарушы органмен келiсiм бойынша бекiтедi. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1878 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысымен. 

II. Өтелуге тиiстi зиянның мөлшерi 

      5. Зардап шеккен адамға айрылған жалақысына қатысты зиянын өтеудiң мөлшерi оның кәсiптiк еңбек қабiлетiн жоғалту дәрежесiне байланысты болады және осы жоғалту дәрежесi бойынша орташа айлық жалақысына проценттiк қатынаста есептеледi. 
      <*> 
      Айрылған жалақысына қатысты зиянды өтеу жөнiндегi сома зардап шеккен адамның алатын жалақысына, стипендиясына және өзге кiрiстерiне қарамастан төленедi.<*>
       ЕСКЕРТУ. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1878 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысымен.

        6. Асыраушысы қайтыс болған жағдайда зиянның өтемiн алуға хұқылы адамға зиян асыраушының орташа айлық табысы мөлшерiнде өтеледi, бiрақ одан қайтыс болған адамның өзiне және асырауындағы еңбек ететiн, зиянның өтемiн алуға хұқы жоқ адамға тиесiлi үлестер шығарылып тасталады. 
      7. Егер еңбектегi мертiгу ұйымның кiнәсiнен ғана емес, сонымен бiрге зардап шеккен қызметшiнiң өзiнiң өрескел абайсыздығы салдарынан болса, онда зиянның өтелу мөлшерi оның кiнәсiне қарай кемiтiлуi мүмкiн.<*> 
      Зардап шеккен адамның кiнәлiлiк дәрежесiн осы жазатайым жағдайды тексеретiн комиссия Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2001 жылғы 3 наурыздағы N 326  қаулысымен бекiтiлген Еңбек қызметiмен байланысты жазатайым оқиғалар мен қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру мен есепке алу ережесiнде белгiленген тәртiппен белгiлейдi.<*> 
      Комиссияның шешiмiн қайта қарау туралы өтiнiш болған кезде зардап шеккен адамның кiнәлiлiк дәрежесiн айқындау туралы мәселенi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау және еңбек жағдайлары жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы не оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi қарайды.<*> 
      Еңбектегi мертiгуiне байланысты бiр жолғы жәрдемақыны төлеу және қосымша шығыстарды өтеу кезiнде зардап шеккен адамның кiнәлiлiк дәрежесi есепке алынбайды.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақ 2,3,4-абзацтармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 
               1997.12.31. N 1878 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысымен. 
      8. Зиянды өтеу, бiр жолғы жәрдемақы мөлшерi еңбектегi мертiгу алдындағы немесе осы мертiгуге байланысты еңбекке қабiлетсiздiгiн жоғалтуы алдындағы (зардап шеккен қызметшiнiң қалауы бойынша) күнтiзбелiк 12 айдағы орташа айлық табысы негiзiнде есептеледi. Кәсiптiк ауруға ұшыраған жағдайда зардап шеккен қызметшiнiң тiлегi бойынша зиянды өтеу мөлшерiн есептеу үшiн осы ауруға душар болуы салдарынан жұмысты тоқтатқаннан бұрынғы күнтiзбелiк 12 айдағы орташа айлық табысы алынуы да мүмкiн. 
      9. Егер зиянды өтеу жөнiнде өтiнiш жасағанға дейiн зардап шеккен қызметшiнiң еңбекте мертiгуге дейiнгi нақтылы табысы туралы құжаттары сақталмаған болса, онда зиянды өтеу мөлшерi зардап шеккен қызметшiнiң өтiнiш жасаған уақытында ол атқарған жұмыстағы қолданылып жүрген тариф ставкасы (айлық ақысы) негiзiнде есептеледi. 
      10. Зиянды өтеу үшiн есептелетiн табысқа қолданылып жүрген ереже бойынша әлеуметтiк сақтандыру жарналары есептелетiн жалақының барлық түрi (колхоз мүшелерiнiң табысынан басқа) жатады, бұған еңбекке ақы төлеудiң қолданылып жүрген жүйесiнде ескерiлмеген (пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы, демалыстық жәрдемақы және басқалар) бiржолғы сипаттағы төлемдер қосылмайды. 
      Колхоз мүшелерiне зиянды өтеу мөлшерiн есептегенде колхоздың қоғамдық шаруашылығының барлық түрiндегi жұмысы үшiн жалақысы есепке алынады. 
      11. Өндiрiстiк оқуда (практикада) жүрген кезiнде еңбекте мертiккен адамдарға зиянды өтеу мөлшерi зардап шеккен қызметшi оқып жатқан кәсiбi (мамандығы) бойынша тағайындалған ставка (айлық ақы) негiзiнде есептеледi (бiрақ 2-разрядтан төмен болмауға тиiс). Оқу (практика) кезiнде табыс тапқан адамға зиянды өтеу мөлшерi олардың тiлегi бойынша осы кезеңдегi орташа айлық табысы негiзiнде есептеледi. Зардап шеккен қызметшiнiң тiлегi бойынша зиянды өтеу мөлшерi өндiрiстiк оқуда (практикада) болар алдында iстеген жұмысындағы орташа айлық табысы негiзiнде есептелуi де мүмкiн. 
      12. Шетелде жұмыста болған кезiнде еңбекте мертiккен жұмысшылар мен қызметшiлерге зиянды өтеу мөлшерiн есептеу үшiн орташа айлық табысты белгiлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi тағайындайды.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1878 
               қаулысымен.

III. Еңбекте мертiгуiне байланысты зардап шеккен қызметшiлерге қосымша шығындарын өтеудiң тәртiбi мен шарттары 

      13. Зардап шеккен қызметшiге ұйым жоғалтқан табысын өтеудiң үстiнде еңбекте мертiгуi салдарынан болған қосымша шығындарын да өтеп отырады (емделу, қосымша тамақтану, дәрi-дәрмек алу, медициналық бақылаудан өту және оңалу, протез салу, оларды күту, санаторий-курорттарда емделу, бұған зардап шегушiнiң емделетiн орынға барып-келу жолақысы, қажет болған жағдайда оған жолсерiк болған адамның да жолақысы қосылады, арнаулы көлiк құралдарын, жанар-жағар май алу және басқалар), егер ол халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесiнің ұйғаруы бойынша мұндай жәрдемге мұқтаж деп танылса, тиiстi ұйымдардан ондай көмектi тегiн алмаған болса ғана өтеледi. 
      Бiрiншi топтағы мүгедектерге (арнаулы медициналық күтiмдi қажет ететiн жағдайлардан басқа уақытта) оларды күту жөнiнде МӘСК-ның тұжырымы қажет болмайды. 
      Арнайы медициналық және тұрмыстық күтiмге мұқтаж зардап шеккен адамға, шығыстары күтiм көрсетудiң әрбiр түрi бойынша, бұл күтiмдi кiмнiң жүзеге асыратынына қарамастан кемiнде бiр айлық есептi көрсеткiш тұрғысындағы есеп бойынша өтеледi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 13-тармақтың 3-абзацы жаңа редакцияда, 4-абзац алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1878  қаулысымен .
      ЕСКЕРТУ. 13-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703  қаулысымен .
      14. Ұйым өз қарамағында қалатын пайданың есебiнен зардап шеккен қызметшiлерге және зардап шеккен қызметшiнiң қайтыс болуы себептi шеккен зиянның өтемiн алған отбасы мүшелерiне тұрғын үй ақысын өтеуге, ұйымның қарауындағы балалар мекемесiнде балаларды күтуге, отынның құнын, коммуналдық қызметтiң, тұрғын үй-құрылыс, бау-бақша, гараж құрылысы кооперативтерiндегi үлес жарналарын жарым-жартылай немесе толық төлеуге, қоғамдық көлiктiң барлық түрiнде (таксиден басқа) жүрiп-тұруға жеңiлдiктер тағайындауына, сондай-ақ басқа да жәрдем көрсетуiне хұқы бар.<*> 
      Жоғалтқан табысын, зиянды өтеудiң қосымша түрлерiн өтеудiң үстiне, ұйым зардап шеккен қызметшiге, асыраушысынан айырылуына байланысты зиянның өтемiн алуға хұқы бар адамға бiржолғы жәрдемақы төлейдi.<*> 
      Бiржолғы жәрдемақы мөлшерi ұжымдық келiсiм бойынша анықталады, бiрақ:
      - өндiрiстегi жазатайым оқиғасы немесе кәсiптiк ауру салдарынан қайтыс болған қызметшiнiң жылдық жалақысының он есе мөлшерiнен;
      - еңбекте мертiгуден немесе кәсiптiк науқастан бiрiншi немесе екiншi топтағы мүгедек деп танылған қызметшiнiң жылдық жалақысының бес есе мөлшерiнен;
      - еңбекте мертiгуден немесе кәсiптiк аурудан үшiншi топтағы мүгедек деп танылған қызметшiнiң жылдық жалақысының екi есе  мөлшерiнен;
      - мүгедектiгi белгiленбей еңбек қабiлетiн жоғалтқандығы толық анықталған жағдайда қызметшiнiң жылдық жалақы мөлшерiнен кем болмауға тиiс.

IV. Зиянды өтеу туралы арыздар мен дауларды қараудың тәртiбi

      15. Зиянды өтеу туралы арыз еңбекте мертiгiп қалған жағдайда шеккен зияны үшiн жауапты ұйымға берiледi.<*>
      Ұйым қайта құрылған немесе таратылған жағдайда оның мирасқоры болған мекемеге немесе одан жоғары ұйымға берiледi.<*>
      16. Ұйым әкiмшiлiгi зиянды өтеу туралы арызды қажеттi құжаттармен қоса түскеннен кейiн немесе қосымша құжаттар түскеннен кейiн он күннен кешiктiрмей қарауға және тиiстi шешiм қабылдауға мiндеттi.<*> 
      Зиянды өтеу туралы шешiм ұйым бойынша берiлген бұйрықпен (өкiммен) ресiмделедi.<*> 
      Ұйым әкiмшiлiгiнiң шешiмiмен келiспеген жағдайда зардап шеккен қызметшi немесе басқа мүдделi адам бұл жөнiнде сотқа шағым бере алады.<*> 

V. Зиянды өтеу сомасын төлеудiң тәртiбi 

      17. Жұмысшылар мен қызметшiлерге зиянды өтеу сомасын зиян келтiргенi үшiн жауапты ұйым төлейдi.<*> 
      Шетелде жұмыс iстеген кезеңде еңбекте мертiккен жұмысшылар мен қызметшiлерге зиянды өтеу оларды шетелге жұмысқа жiберген ұйымдар, министрлiктер мен ведомстволар арқылы жүргiзiледi.<*> 
      18. Қазақстан Республикасының ұйымдарында, еңбекте мертiккен, басқа мемлекеттерге тұрғылықты тұруға көшiп кеткен азаматтарға келтiрiлген зиян осы Ережеде белгiленген шарттар негiзiнде сол ұйымдардың қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.<*> 
      19. Шеккен зиянды өтеуге тиiстi ұйым өз қызметiн тоқтатқан жағдайда өтем азаматтық заңдарда көзделген тәртiппен төленедi. <*><*> 
        Ескерту. 19-тармақ жаңа мазмұнда баяндалған - ҚРМК-нiң 1994 ж. 16 желтоқсан N 1417 қаулысымен.
      20. Зиянды өтеу сомасы: 
      а) зардап шеккен жұмысшылар мен қызметшiлерге - олар еңбекте мертiгуi салдарынан бұрынғы табысынан айырылған күннен бастап төленедi; 
      ә) асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеу хұқына ие болған адамдарға - ол қайтыс болған күннен бастап төленедi, бiрақ зиянды өтеу сомасын алу хұқына ие болған күннен ерте болмауға тиiс. 
      Еңбекте мертiгуiне байланысты бұрынғы табысынан айрылғаннан кейiн немесе асыраушысы қайтыс болғаннан кейiн үш жыл өткен соң зиянды өтеу туралы өтiнiш жасалған жағдайда, зиян арыз берген күннен бастап өтеледi. 
      21. Зардап шеккен қызметшiге табысын жоғалтқаны жөнiнде зиянды өтеу халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы орган аумақтық бөлiмшесi еңбекте мертiгуiне байланысты еңбек қабiлетiн жоғалтқаны жайында белгiленген мерзiмге төленедi. 
      Асыраушысы қайтыс болуына байланысты зиян өтемiн алу хұқына ие болған мына адамдарға: 
      кәмелетке толмағандарға - 18 жасқа толғанға дейiн (кәсiптiк-техникалық училищелердiң, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының оқушыларына - оқуы аяқталғанға дейiн, бiрақ олардың жасы 23-ке толғанға дейiн); 
      жасы 63-тан асқан ерлер мен жасы 58-тен асқан әйелдерге - өмiр бойына; 
      мүгедектерге - еңбекке жарамсыз уақытының iшiнде; қайтыс болған асыраушысының балаларын, iнiлерi, қарындастарын, немерелерiн он төрт жасқа толғанға немесе денсаулық жағдайы өзгергенге дейiн күтумен айналысатын, жұмыс iстемейтiн ата-анасына, жұбайына немесе отбасының басқа мүшесiне зиян өтеледi. <*> 
       ЕСКЕРТУ. 21-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысымен.

      22. Әртүрлi жұмыс берушiлерде (екi және одан көп) жұмыс iстеген кезде душар болған кәсiптiк науқасынан еңбек қабiлетiнен тұрақты айрылғаны анықталғанда және оны халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы орталық атқарушы органның аумақтық бөлiмшесi жиынтықтап белгiлегенде зиянды өтеу үлестiк принцип бойынша, осы жұмыс берушiлерде жұмыс iстеген уақытына бара-бар жүргiзiледi. 
      Еңбек қабiлетiнен тұрақты айрылғаны анықталған кезде жұмыс берушiлердiң бiрi таратылған жағдайда зиянды өтеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi.<*> 
      23. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге (ТМД мемлекеттерi) тұрғылықты тұруға кететiн адамдарға зиянды өтеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 мамырдағы N 2303 Жарлығымен бекiтiлген Қызметкерлерге еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты мертiгуiмен, кәсiптiк науқасымен не денсаулығын басқадай зақымдауымен келтiрiлген зиянды өтеуге деген құқықтарды өзара тану туралы келiсiмге сәйкес реттеледi.<*>
      24. <*><*>
       ЕСКЕРТУ. 22,23,24 -тармақтар жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.12.31 N 1878 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 24-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінiң 2002 жылғы 28 маусымдағы N 703 қаулысымен.
      25. Зиянды өтеуге төленетiн соманы жеткiзiп беру және жiберу ұйымының есебiнен атқарылады.<*>
      26. Бұл сомадан да жалақыдан ақша ұстау тәртiбiне сәйкес ақша ұсталады.<*>
       Ескерту. 26-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚРМК-нiң 1995.08.02. N 1069 қаулысымен.

VI. Ұйым қайта ұйымдастырылған, таратылған (банкрот болған) жағдайда зиянды өтеу<*>

      27. Заңды тұлға таратылған (банкрот болған), қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, бөлiнген, бөлiнiп шыққан, қайта құрылған) кезде зиянды өтеудiң тәртiбi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленедi. 
      Азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлгенiне байланысты талаптары заңды тұлғаны тарату (борышкердi банкрот деп тану) туралы шешiм қабылданған күнi есептелген немесе төленген тиiстi уақыттық төлемдердi капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады. Зиянды өтеуге арналған қаражат капиталдандыруға жатады. 
      Егер таратылған (банкрот деп танылған) ұйымның құқықтары мен мiндеттерi құқықтық мұрагерге немесе жаңадан пайда болған заңды тұлғаға көшпейтiн болса, онда тарату комиссиясы (конкурстық басқарушы) зиянды өтеу үшiн төленуге тиiстi капиталдандырылған уақыттық төлемдердiң сомаларын зардап шеккендерге немесе асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеп алуға құқығы бар адамдарға олардың банктегi дербес шоттарына аударады.<*> 
      28. Осы Ереженiң қағидалары Чернобыль АЭС-ындағы аварияны жоюға қатысқандарға қолданылмайды.<*> 
       ЕСКЕРТУ. Қаулы VI-бөлiммен және 27,28-тармақтармен толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.31. N 1878 қаулысымен.