АҚШ-тың инспекция топтарының Қазақстан Республикасының аумағына келу пункттерiн ашу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 9 наурыз 1993 ж. N 182

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Қару-жарақты шектеу және қысқарту саласындағы халықаралық шарттар бойынша алған мiндеттемелерiн орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Орта және таяу қашықтыққа пайдаланылатын ракеталар жөнiндегi шарттардың және Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу туралы шарттың сақталуын бақылау үшiн Қазақстан Республикасына келетiн АҚШ-тың инспекция топтарының Алматы қаласына келу және кету пункттерi ашылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Орта және таяу қашықтыққа пайдаланылатын ракеталар және Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу туралы шарттарға басқа қатысушыларға Алматы қаласында инспекция топтарының келу және кету пункттерi ашылғанын хабарласын.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi республика аумағына орналасқан объектiлерде инспекциялар өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Қаржы министрлiгi мемлекет шекарасы арқылы өтетiн инспекция топтарына, көлiк-құралдарына, жүктерге өткiзетiн пункттерде Орта және таяу қашықтыққа пайдаланылатын ракеталар және Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу туралы шарттарда ескертiлген ережелердi сақтай отырып, шекаралық, кедендiк бақылау ұйымдастырсын.
      5. Қазақ азаматтық авиация басқармасы АҚШ-тың инспекция топтары ұшып келетiн авиация техникасына навигациялық, инженерлiк-айлақтық қызмет көрсетудi қамтамасыз етсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Сыртқы iстер министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрге американ жағының қатысуымен Орта және таяу қашықтыққа пайдаланылатын ракеталар және Стратегиялық шабуыл қару-жарағын шектеу жөнiндегi шарттардың орындалуы туралы ақпарат алмасу үшiн байланыс ұйымдастыруды қамтамасыз етсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрге елге келетiн инспекция топтарына инспекция жасаушы жақтың есебiнен ақы төлеу мәселелерiн шешетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi