Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 25 ақпан 1993 ж. N 149

Қолданыстағы
      "Француз Республикасында Қазақстан Республикасының Елшiлiгiн ашу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 9 қаңтардағы N 1055 U931055_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшiлiгiнiң штат саны жылдық жалақы қоры 321730 АҚШ доллары сомасында болатын 24,75 адам шамасында бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық жалақысы 1705 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасы Елшiлiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық окладтары Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң шет ел валютасымен алатын окладына орайластырылып, штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      3. Француз Республикасымен қатынастардың ерекше маңыздылығы, жұмыстың күрделiлiгi мен үлкен көлемi ескерiлiп, Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкiлеттi Елшiсiнiң лауазымдық окладына оның шет ел валютасымен алатын окладының 20 процентi мөлшерiнде үстеме белгiленсiн.
      4. Елшiлiктiң қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге олардың шет ел валютасымен алатын жалақы қорының 2 процентi мөлшерiнде қаржы аударылатын болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшiлiгiнiң 1993 жылға арналған шығыстарының сметасы 1076 мың АҚШ доллары сомасында және 39874,5 мың сом мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне Қазақстан Республикасының Француз Республикасындағы Елшiлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi қаражат бөлсiн.
     Қазақстан Республикасының 
          Премьер-министрi