М.О. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтын А. Иассауи атындағы Түркiстан мемлекеттiк университетiнiң құрамына енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 24 ақпан 1993 ж. N 138

Қолданыстағы
      Республикада жоғары оқу орындарының желiсiн жетiлдiру университеттердiң мамандар даярлаудағы рөлiн арттыру, жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық және кадр базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң М. О. Әуезов атындағы Шымкент педагогика институтын А. Иассауи атындағы Түркiстан мемлекеттiк университетiнiң құрамына енгiзiп, оның заңдық әрi қаржылық дербестiгiн сақтау және бұдан былай А. Иассауи атындағы Түркiстан мемлекеттiк университетiнiң М. О. Әуезов атындағы педагогика институты деп атау туралы Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Шымкент педагогика институтының мәртебесi өзгеруiне байланысты барлық мәселелердi шешетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi