Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң оқу орындары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 15 ақпан N 106. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.04.20. N 348 қаулысымен. ~P980348

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1993 жылы мыналар:
      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы өрт-техникалық училищесi негiзiнде iшкi iстер органдарының "Өрт қауiпсiздiгi" және "Радиотехника" мамандықтары бойынша жоғары бiлiмдi басшы құрамын даярлайтын, жыл сайын 100 адам қабылдайтын және оқу мерзiмi 4,5 жыл Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Алматы жоғары техникалық училищесi;
      Қостанай облысы Iшкi iстер басқармасының қатардағы және басшы құрамның кәсiби даярлық мектебi негiзiнде iшкi iстер органдарының "Хұқықтану" мамандығы бойынша арнаулы орта бiлiмдi басшы құрамын даярлайтын, 1993 жылы - 100 адам, 1994 жылы - 150 адам, 1995 және одан кейiнгi жылдары - 250 адам қабылдайтын, оқу мерзiмi 2 жыл Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Қостанай арнаулы орта мектебi;
      Павлодар облысы Iшкi iстер басқармасының қатардағы және басшы құрамның кәсiби даярлық мектебi негiзiнде iшкi iстер органдарының "Өрт қауiпсiздiгi", "Радиотехника" және "Жол қозғалысын ұйымдастыру" мамандықтары бойынша арнаулы орта бiлiмдi басшы құрамын даярлайтын, 1993 жылы - 100 адам, 1994 жылы - 150 адам, 1995 және одан кейiнгi жылдары - 250 адам қабылдайтын, оқу мерзiмi 2,5 жыл Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Павлодар арнаулы орта техникалық мектебi құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарына 25 жасқа дейiнгi, iшкi iстер органдарындағы қызметке денсаулығы жарамды адамдарды қабылдауға рұқсат етiлсiн. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттары мiндеттi әскери қызметке шақырудан босатылып, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң арнаулы есебiне қойылсын. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқу мерзiмдi әскери қызметтi өткерумен теңестiрiлсiн.
      3. 1993 жылы Алматы жоғары техникалық училищесiн, Қостанай арнаулы орта мектебiн және Павлодар арнаулы орта техникалық мектебiн ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi оқу орындарының тұрақты құрамының штат саны шегiнде және республика iшкi iстер органдарының жасақталмаған кадрлары есебiнен жүзеге асырылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған оқу орындарын ұстауға арнап бұдан былай Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгiне қажеттi бюджет қаражатын бөлетiн болсын.
      5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi құрылған оқу орындарына арналған үлгi оқу жоспарын Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң келiсуi бойынша әзiрлеп, бекiтсiн.

             Қазақстан Республикасының
                  Премьер-министрi