Қазақстан Республикасында ғылымды және ғылыми-техникалық бағдарламаларды жоспарлау мен қаржыландыруды жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 қаңтар 1993 ж. N 61

Қолданыстағы
      Республикада ғылыми зерттеулердi жоспарлауды жетiлдiру және ғылым мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды қаржыландыру үшiн бөлiнетiн бюджеттiк қаражаттарды пайдалану тиiмдiлiгiн арттыру мақсатымен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгiнiң ғылым мен ғылыми-техникалық прогрестiң, мемлекеттiк мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың, ғылыми-техникалық iздестiру бағдарламаларының, техникалық жобалар мен талдамалардың басым бағыттары бойынша iргелi зерттеулер бағдарламаларын жасау туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Мыналар бас ұйымдар болып бекiтiлсiн:
      <*>
      мемлекеттiк мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша - Ғылым және жаңа технология министрлiгiнiң айқындауы бойынша Ұлттық ғылыми орталықтар немесе тиiстi ұйымдар;
      ғылыми-техникалық iздестiру бағдарламалары мен жобалары бойынша - Ғылым және жаңа технология министрлiгiнiң айқындауы бойынша ғылыми мекемелер немесе ұжымдар, конструкторлық, технологиялық және өндiрiстiк ұйымдар;
      салалық ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша - Ғылым және жаңа технология министрлiгiмен бiрлесе отырып, тиiстi министрлiктер мен ведомстволардың айқындауы бойынша академиялық немесе салалық бағыныстағы мамандандырылған ғылыми мекемелер мен ұйымдар.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармағындағы 2-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң
               1996.07.24. N 924 қаулысымен. P960924_
      3. Ғылым және жаңа технология министрлiгi Қазақстан Республикасының Ғылым академиясымен бiрлесiп, бiр айлық мерзiм iшiнде аталған бағдарламаларға республиканың ғылыми ұжымдары мен ұйымдарының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан кеңiнен қатысуын қамтамасыз етудi ескере отырып, аталған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастыру мен жүзеге асыру тәртiбi туралы ереже әзiрлеп, бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ғылымды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi арқылы республикалық бюджетте осы мақсатқа көзделген қаржы шегiнде бөлiнген қаржыны бекiтiлген ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберiнде тиiстi бас ұйымдарға проблемалар бойынша бөле отырып жүзеге асыру мiндеттелсiн.
      5. "Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды республикалық бюджеттен қаржыландыру тәртiбi туралы" Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      6. Ғылым және жаңа технология министрлiгi аталған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар бекiтiлгенге дейiн республиканың ғылыми мекемелерiн ғылымды қаржыландырудың 1992 жылдың IV-тоқсанындағы орташа деңгейi мөлшерiнде тиiстi министрлiктер мен ведомстволар арқылы қаржыландырсын.
      7. Республиканың өндiрiстiк әлеуетiн дамытуда принциптi маңызы бар iргелi және iздестiру зерттеулерiн мақсатты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi жанынан Ғылым қоры құрылсын. Қордың қаражаты мемлекеттiк бюджеттен ғылымға 3 процент мөлшерiнде бөлiнген қаржы есебiнен, сондай-ақ кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, ұйымдардың тапқан пайдасынан ерiктi түрде аударған қаражаттардан, министрлiктердiң, ведомстволардың мақсатты жәрдем ақшаларынан және басқа көздерден құралсын.
      Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi бiр айлық мерзiм iшiнде Ғылым қоры Кеңесiнiң құрамын қалыптастырып, бекiтсiн және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi жанындағы Ғылым қоры туралы" Ереженiң жобасын бекiтуге енгiзсiн.
      8. Қазақ ССР Министрлер Кеңесiнiң "Республикалық

ғылыми-техникалық бағдарламаларды қалыптастырудың 1991-1995
жылдарға және 2000 жылға дейiнгi кезеңге арналған негiзгi 
бағыттары туралы" 1990 жылғы 22 қарашадағы N 457 Қаулысының күшi
жойылды деп танылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 22 қаңтардағы
                                         N 61 қаулысымен
                                            бекiтiлген
     
            Ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық
              жұмыстарды және ғылыми-техникалық  
          бағдарламалар мен жобаларды республикалық
           бюджеттен қаржыландырудың тәртiбi туралы
                            Ереже

                   Жалпы ережелер
     


      1. Осы Ереже "Қазақстан Республикасының ғылымы және мемлекеттiк ғылыми-техникалық саясаты туралы" Заңға, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технология министрлiгi туралы" 1992 жылғы 12 наурыздағы N 221 қаулысына сәйкес жасалды және ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобаларды Қазақстан Республикасының республикалық бюджетiнен қаржыландыру тәртiбiн айқындайды.
      2. Ғылым мен техникалық қаржыландырудың негiзгi көздерi Қазақстан Республикасының республикалық бюджетi, бюджеттен тыс мамандандырылған қорлардың қаражаты, министрлiктердiң, ведомстволардың және басқа мемлекеттiк басқару органдарының жәрдем ақшасы, ғылыми-және ғылыми-техникалық бағдарламалардың жүзеге асуына мүдделi мемлекеттiк және коммерциялық ұйымдар мен кәсiпорындардың қаражаты, банк несиесi болып табылады.
      3. Ереже ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды мынадай негiзгi бағыттар бойынша мақсатты бюджеттiк қаржыландыруды көздейдi: iргелi зерттеулер бағдарламалары мемлекеттiк мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар, iздестiру ғылыми-техникалық бағдарламалары, техникалық жобалар мен талдамалар.
      4. Медицина саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар аталған халық шаруашылығы салаларына мемлекеттiк тапсырыс берушi болып табылатын республиканың Денсаулық сақтау министрлiгi арқылы қаржыландырылады; республиканың Ғылым және жаңа технология министрлiгi қаржыны аталған министрлiкке тiкелей бөледi.
      Агроөнеркәсiптiк кешен жөнiндегi ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар мемлекеттiк тапсырыс берушi болып табылатын республиканың тиiстi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсiледi.
      5. Халық шаруашылығының басқа салаларының ғылыми-зерттеу және жобалау, тәжiрибе-конструкторлық, технологиялық ұйымдары мен мекемелерiн осы салалардың негiзгi қызметiн дамыту үшiн бюджетте көзделген қаражат шеңберiнде тиiстi салалық министрлiктер мен ведомстволар қаржыландырады.
      6. Жоғары оқу орындары жүргiзетiн ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстар осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген негiзгi бағыттар жөнiндегi бағдарламалар шеңберiнде бас ұйымдармен келiсiм бойынша бюджеттiк қаржы есебiнен қаржыландырылады.
      7. Жұмыстардың негiзгi бағыттарына жауап беретiн бас ұйымдар өз жұмысын "Ғылыми-техникалық бағдарламалар мен жобалар туралы" Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      Ғылым және жаңа технология министрлiгi бас ұйымдардың қызметiн үйлестiредi және бөлiнген бюджет қаражатының тиiмдi жұмсалуына жалпы бақылау жасап отырады.

              Ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық
                 жұмыстарды қаржыландыру тәртiбi

      8. Бас ұйымдар үстiмiздегi жылдың үшiншi тоқсаны iшiнде Ғылым және жаңа технология министрлiгiне алдағы қаржылық жылда жасалатын бағдарламалар шеңберiнде ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды жүргiзуге және материалдық-техникалық қамтамасыз етуге арналған республикалық бюджеттен бөлiнетiн шығындардың көлемi бойынша негiздемелер ұсынады.
      Медицина мен ауыл шаруашылығы салаларында мұндай негiздемелердi Денсаулық сақтау министрлiгi мен Ауыл шаруашылығы министрлiгi енгiзедi.
      9. Ғылым және жаңа технология министрлiгi жүргiзiлген сараптар негiзiнде ұсынылған қорытындыларға баға бере келiп, алдағы шаруашылық жылда ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды республикалық бюджеттен қаржыландырудың жоспар-болжам жобасын жасайды.
      10. Қорытылған материалдар республиканы әлеуметтiк-экономикалық дамытудың жалпы жоспар-болжамын жасау үшiн белгiленген мерзiмде Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiне тапсырылады. Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгiнiң қорытындыларын ескере келiп, Ғылым және жаңа технология министрлiгi ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды қаржыландырудың жоспар-болжамын түзетiп отырады.
      11. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Қазақстан Республикасының бюджетi туралы заңды бекiткеннен кейiн Ғылым және жаңа технология министрлiгi ғылымға нақты бөлiнген бюджеттiк қаржыны есепке ала отырып, бас ұйымдарды негiзгi бағыттар бойынша қаржыландыру көлемiн түпкiлiктi түзетедi. Негiзгi бағыттар бойынша ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды бас ұйымдар арқылы және "Ғылыми-техникалық бағдарламалар туралы" Ережеге сәйкес Ғылым және жаңа технология министрлiгi қаржыландырып отырады.