"Қазақстан" Мемлекеттiк телерадио хабарларын тарату компаниясы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 қаңтар 1993 ж. N 32

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан" Мемлекеттiк телерадио хабарларын тарату компаниясын құру туралы" 1992 жылғы 18 қыркүйектегi N 920 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақстан" Мемлекеттiк телерадио хабарларын тарату компаниясы (бұдан әрi "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясы) Қазақстан Республикасының телерадиохабары мәселелерi жөнiндегi орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады деп белгiленсiн.
      2. "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясы Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi жанындағы Мемлекеттiк телерадио хабарларын тарату компаниясы және облыстық телерадиокомпаниялар жасаған шарттар мен контрактiлерден туындайтын мiндеттемелер бойынша заңды мұрагер деп есептелсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi таратылған ұйымдардың негiзгi қорларын, сондай-ақ айналымдағы және басқа қаражатын 1992 жылғы 1 қазанға дейiнгi жағдай бойынша өткiзетiн болсын, ал "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясы оны қабылдап алсын.
      4. "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясының орталық басқару аппаратындағы адам саны - 55, Төрағаның 4 орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады деп белгiленсiн.
      5. "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясына басшылық жасау Төрағаға жүктеледi, ол хұқықтары мен мiндеттерi бойынша министрлiктiң басшысына теңестiрiледi.
      "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясы Төрағасының лауазымы материалдық-тұрмыстық және медициналық қамсыздандыру, көлiк қызметi жағынан республика министрiнiң лауазымына, ал Төраға орынбасарларының лауазымдары республика министрлерi орынбасарларының лауазымдарына теңестiрiлсiн.
      6. "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясының Төрағасына белгiленген адам саны мен еңбекақы қоры шегiнде компанияның құрылымы мен штатын бекiту хұқы берiлсiн.
      7. "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясына 5 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесе отырып, 1993 жылдан бастап жыл сайын "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясына кем дегенде 5 мың шаршы метр тұрғын үй алаңының құрылысына қаражат бөлудi көздейтiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Экономика министрлiгi және "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы акционерлiк қоғамына белгiленген тәртiппен "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясына мемлекет мұқтаждарын қамтамасыз ету үшiн қаржы және материалдық-техникалық ресурс бөлудi қарастыратын болсын.
      10. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1993-1995 жылдары "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясына Алматы қаласына аппарат-студия кешенiнiң редакциялық корпусын салуға қажеттi күрделi салым бөлудi қарастырсын, ал "Алматықұрылыс" Мемлекеттiк акционерлiк құрылыс концернi оның 1995 жылы пайдалануға берiлуiн қамтамасыз етсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1993 жылдан бастап "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясының импорттық телевизия, радиохабары және кинотехнология жабдықтарын сатып алуы үшiн қажет қаржы бөлудi қарастыратын болсын.
      12. Алматы қаласы әкiмiнiң "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясына "Қазгидросушар" институтының үйiндегi 1-5 қабаттарды (цоколь қабатымен қоса) беру жөнiндегi ұсынысы қабылдансын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 12-тармақ өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1993.07.13. N 600
               қаулысымен.
      13. "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясы бюджеттен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi анықтайтын жылдық хабар тарату көлемi мен бiр сағат хабар тарату құны нормативтерiн негiзге ала отырып қаржыландырылады деп белгiленсiн.
      14. Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң қолданылып жүрген, сондай-ақ жаңадан енгiзiлетiн радиотелебағдарламалар беретiн және тарататын техникалық құралдары "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясына басымдық негiзде жалға берiледi деп белгiленсiн.
      15. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi мен Бiлiм министрлiгi "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясымен бiрлесiп Алматы қаласының жоғары және арнаулы орта оқу орындарында телережиссерлар, дыбыс режиссерларын, телеоператорлар, суретшiлер даярлау туралы мәселенi пысықтап, 1993 жылдың 1 наурызына дейiн Министрлер Кабинетiне тиiстi ұсыныстар енгiзетiн болсын.
      16. "Қазақстан" Мемтелерадиокомпаниясының қызметкерлерiн

даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн үнемi арттырып отыру
мақсатында тиiстi материалдық-техникалық базасы бар, 
тыңдаушылардың жылдық орташа контингентi 20-25 адам болатын оқу
орталығы құрылсын.
     17. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
"Қазақ Мемлекеттiк телерадио хабарларын тарату компаниясын құру
туралы" 1991 жылғы 31 желтоқсандағы N 819 қаулысының күшi жойылды
деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi