Жасына қарай жеңiлдiк шарттарымен тағайындалатын зейнетақылар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 11 қаңтар 1993 ж. N 26

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ КСР-iнiң Заңына сәйкес азаматтарға жеңiлдiк шарттарымен зейнетақылар тағайындағанда Қазақстан Республикасының аумағында жаңа Тiзiмдер енгiзiлгенге дейiн жеңiлдiк шарттары бойынша зейнетақымен қамсыздандыруға хұқық беретiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың, лауазымдардың және көрсеткiштердiң КСРО Министрлер Кабинетiнiң 1991 жылғы 26 қаңтардағы N 10 қаулысымен бекiтiлген, бұдан кейiнгi толықтыруларымен, өзгерiстерiмен N 1 және N 2 Тiзiмдерi қолданылатын болып белгiленсiн.
      Нақты адамдарға, кәсiпорындарға, өндiрiстерге қатысты жекелеген мәселелердi шешкен кезде және еңбек жағдайларына қарай жеңiлдiк беретiн зейнетақымен қамсыздандырудың басқа да проблемалары бойынша КСРО Мемлекеттiк еңбек комитетi бұрынырақта жариялаған түсiнiктемелердi басшылыққа алу қажет.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi мен Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгiне жеңiлдiк шарттары бойынша зейнетақымен қамсыздандыруға хұқық беретiн өндiрiстердiң, жұмыстардың, мамандықтардың лауазымдардың және көрсеткiштердiң Тiзiмдерiн қолданудың тәртiбi туралы түсiнiктер беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп, бұл Тiзiмдерге толықтырулар мен өзгерiстер енгiзуге хұқық берiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi