Республикааралық қатынаста темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдау тарифтерi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 8 қаңтар 1993 ж. N 23

Қолданыстағы
      ТМД шеңберiндегi темiр жол көлiгiнде бiрыңғай тариф саясатын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Көлiк министрлiгiнiң 1993 жылғы 10 қаңтардан бастап мемлекетаралық қатынасты темiр жол көлiгiмен жүк тасымалдаудың қолданылып жүрген тарифтерiн қосылған құн салығын есепке алмай өсiру шектi коэффициентiн 2,0 деп белгiлеу туралы Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы жанындағы Баға комитетiмен және Қаржыминiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi