Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 қаңтар 1993 ж. N 12

Қолданыстағы
      Түрiк Республикасында Қазақстан Республикасының Сауда өкiлдiгi ашылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Сауда өкiлдiгiнiң штаттағы қызметкерлерiнiң саны жылдық айлықақы қоры 94300 АҚШ доллары сомасындағы 13 адам мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Сауда өкiлiне айына 1845 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн. <*>
      Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысы Сауда өкiлiнiң жалақысына қарай штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      Ескерту. 2-тармақтың бiрiншi абзацына өзгерiстер енгiзiлді - ҚРМК-нiң
               18.01.1994 ж. N 71 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiне Қазақстан Республикасының Түрiк Республикасындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiнiң штат кестесiн бекiту хұқығы берiлсiн.
      4. Сауда өкiлдiгiнiң қызметкерлерiне медициналық көмек

көрсету үшiн олардың шет ел валютасындағы айлықақысы қорынан 
2,5 процент мөлшерiнде аударым жасау белгiленсiн.
     5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен
бiрлесiп Сауда өкiлдiгiн ұстауға арналған шығыс сметасын қарап,
Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар 
министрлiгiне АҚШ доллары және сом есебiмен қажеттi мөлшерде
қаражат бөлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi