2000 жылға дейiнгi кезеңде жолдағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң техникалық құралдарын дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 4 қаңтар 1993 ж. N 5

Қолданыстағы
      Автомобиль көлiгiндегi апатты азайту және жолдағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң техникалық құралдарын дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк автомобиль инспекциясының автоматтандырылған ақпараттық-iздестiру жүйесiн (МАИ ААIЖ) және жолдағы қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйесiн (ЖҚБАЖ) құру, оқшауланған бағдаршам объектiлерiн қалыптастыру және нығайту жөнiндегi тапсырмалар 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Жолдағы қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу мемлекеттiк қажеттiлiк тiзбесiне енгiзiлетiн және қайтарусыз негiздегi мемлекеттiк инвестициялар есебiнен қаржыландырылатын болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы Бас басқармасының "Қазавтокөлiкбелгi" мемлекеттiк кәсiпорны техникалық құралдарды енгiзу және пайдалану мiндеттерiн қоса атқаратын осы құралдардың басты әзiрлеушiсi болып белгiленсiн.
      4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi жыл сайын жергiлiктi бюджеттердiң мақсатты қаржыларынан "Қазавтокөлiкбелгi" кәсiпорнының бөлiмшелерiне қалалар мен елдi мекендерде жолдағы қозғалысты реттеудiң техникалық құралдарын ұсатуға қаржы бөлудi көздеу, сондай-ақ осы қаулының 1-тармағындағы аталған жүйелердi әзiрлеу мен енгiзу мәселелерiнде қажеттi көмек көрсету ұсынылсын.
      5. "Автомобиль және темiр жол көлiгiнде қозғалыс

қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы" КСРО
Министрлер Кеңесiнiң 1988 жылғы 14 наурыздағы N 366 қаулысын
жүзеге асыру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң 1988 жылғы
11 мамырдағы N 175 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң  
                                       1993 жылғы 4 қаңтардағы
                                           N 5 қаулысына
                                           N 1 қосымша

            Мемлекеттiк автомобиль инспекциясының мемлекеттiк
             автоматтандырылған ақпараттық-iздестiру жүйесiн
                    (МАИ МААIЖ) құру жөнiндегi
                         (Кесте)  
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң  
                                       1993 жылғы 4 қаңтардағы
                                           N 5 қаулысына
                                           N 2 қосымша

            Жолдағы қозғалысты басқарудың автоматтандырылған 
              жүйесiн (ЖҚБАЖ) құру мен енгiзу, оқшауланған 
            бағдаршам объектiлерiн қалыптастыру және нығайту
                               жөнiндегi
                                (Кесте)