Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жұмысшылары мен қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 желтоқсан 1992 ж. N 1063

Қолданыстағы

     Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң жұмысшылары
мен қызметшiлерiн әлеуметтiк қорғауды одан әрi қамтамасыз ету
мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы
етедi:
     Бюджеттiк қаржыландыру есебiнен ұсталатын әскери бөлiмшелер,
мекемелер және ұйымдар жұмысшылары мен қызметшiлерiнiң тарифтiк
ставкалары және лауазымдық 1992 жылғы I желтоқсаннан бастап
қосымша қаржы бөлусiз 100 процентке арттырылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi