Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлiгiнiң "Қазақстан сарбазы - Воин Казахстана" газетiн, орталық армия үйiн, орталық ән және би ансамблiн құру

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 14 желтоқсан 1992 ж. N 1053

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiн құру туралы" 1992 жылғы 7 мамырдағы N 745 Жарлығы негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң орталық баспасөз органы - "Қазақстан сарбазы - Воин Казахстана" газетi құрылсын және ол (редакциясы, баспасы мен баспаханасы) бұрынғы ОАӘӨ-нiң "Боевое Знамя" газетi үйiнде орналастырылып, соның базасы пайдаланылсын.
      2. Алматы офицерлерiнiң гарнизон үйi Орталық армия үйi деп, ал бұрынғы 40-армияның ән және би ансамблi - Қазақстан Республикасы деп өзгертiлiп, олар бұрынғы Алматы офицерлерiнiң гарнизон үйiнде орналастырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне аталған мекемелердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiлерi қатарынан офицерлермен, прапорщиктермен және мерзiмнен тыс қызметшiлермен жасақтауына рұқсат етiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi:
      "Қазақстан сарбазы - Воин Казахстана" газетiнiң редакциясын, Орталық ән және би ансамблiн бюджеттегi ұйымдар ретiнде қаржыландыру туралы мәселенi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсетiн болсын;
      Орталық армия үйi мен "Қазақстан сарбазы - Воин Казахстана"

газетi баспаханасының қызметiн шаруашылық есеп және өзiн-өзi 
өтеу негiзiнде ұйымдастырсын.
     5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 
"Республикалық Жастар сарайын және балаларға арналған демалыс
лагерiн құру туралы" 1992 жылғы 6 қаңтардағы N 8 қаулысының
(Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1992 ж., N 1, 10-бап) 2 және 
3-тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi