Көлiк құралдарының иелерi - Заңды мекемелердiң мiндеттi азаматтық сақтандыру жауапкершiлiгiн енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 7 желтоқсан N 1030. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.10.31. N 1319 қаулысымен.

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Көлiк құралдарының орналасқан иелерi - заңды мекемелердiң Қазақстан Республикасы аумағында осы құралдарды пайдалану кезiнде келтiрген зияны үшiн мiндеттi азаматтық сақтандыру жауапкершiлiгi енгiзiлсiн.
      2. Республика аумағында орналасқан шетелдiк, бiрлескен, тағы басқа ұйымдарды қоса меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан көлiк құралдарының иелерi - заңды мекемелердiң азаматтық жауапкершiлiгi мiндеттi сақтандыруға жатады.
      3. Осы қаулыға қоса тiркелген N 1 қосымшаға сәйкес әрбiр көлiкке сақтандыру көлемiнiң бiрыңғай мөлшерi белгiленсiн.
      4. Көлiк құралдарының иелерi - заңды мекемелердiң азаматтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру жөнiндегi төлемдер өндiрiстiк шығынды сақтандыруға жатады.
      Мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын мекемелер мен ұйымдар мiндеттi сақтандыру жөнiндегi төлемдi оларды ұстауға кеткен шығын есебiнен төлейдi.
      Сақтандыру төлемдерi сақтандырушы мен сақтандырылушы арасындағы шартта көзделген мерзiмде төленедi.
      Төлемдi уақтылы әрi толық күйiнде төлеу жауапкершiлiгi төлем төлеушiге жүктеледi.
      Төлем төлеу мерзiмiн кешiктiргенi үшiн әрбiр кешiккен күн үшiн төленетiн соманың 0,1 процентi мөлшерiнде өсiм алынады. Өсiм алынатын кешiктiрiлген төлем салық салынатын және салық салынбайтын төлемдер үшiн белгiленген тәртiппен алынады.
      5. Егер де басқа жағдай көзделмеген болса, сақтандыру қорғанысы шартқа қол қойылғанның ертеңiне күшiне енедi. Келтiрiлген шығын төлемi азаматтардың денсаулығына зиян келуiнiң, мүлiктердiң жойылуының немесе зақымдануының қай жерде, қай күнi болғаны мен себебiн растайтын құзырлы органдардың құжаттары негiзiнде жүргiзiледi.
      6. Азаматтың немесе заңды мекеменiң мүлкiне келтiрiлген зиянның мөлшерi қолданылып жүрген заңда белгiленген тәртiппен айқындалады және азаматтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандырудың шарты бойынша толық мөлшерде өтеледi, бiрақ 75 мың сомнан аспайды.
      Жапа шегушiнiң денсаулығына келтiрiлген зиянның есесiн қайтару осы қаулыға қоса тiркелген N 2 қосымшаға сәйкес келтiрiлген зақымның деңгейiне қарай белгiленiп тiркелген сома шегiнде жүргiзiледi.
      Жапа шегушiге келтiрiлген зиян немесе зақым үшiн мiндеттi азаматтық жауапкершiлiк сақтандыруы жөнiндегi өтем ерiктi жеке сақтандыру шарты бойынша тиесiлi төлемге қарамастан төленедi.
      Сақтандыру ұйымдары зиян келтiрген жағдайда кiнәлi кiсiден төленген сақтандыру өтемiнiң сомасын талап етуге хұқылы.
      7. Сақтандырушылар Iшкi iстер министрлiгiнiң Мемлекеттiк автомобиль инспекциясы басқармасының тиiстi бөлiмшелерiне жол-көлiк оқиғаларының алдын-алу жөнiндегi шараларды қаржыландыру үшiн көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық жауапкершiлiктi мiндеттi сақтандыру жөнiндегi төлемдерiнен 2 процент мөлшерiнде аударым жасасын.
 
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                      1992 жылғы 7 желтоқсандағы
                                            N 1030 қаулысына
                                             N 1, 2 қосымша