Халықаралық "ТАИМ" қаржы корпорациясы туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 30 қараша 1992 ж. N 1010

Қолданыстағы
      Экономикалық реформа жүргiзу кезеңiндегi Халықаралық "ТАИМ" қаржы корпорациясының мақсаттары мен мiндеттерiнiң әлеуметтiк бағытын ескерiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Халықаралық "ТАИМ" қаржы корпорациясын құру мен оның қызметiнiң негiзгi бағыттары мақұлдансын.
      Аталған корпорацияның қызметi өзiн-өзi қаржыландыру және өзiн-өзi өтеу принципiнде мемлекеттiң қаржы қаражатын тартусыз жүзеге асырылады.
      2. Халықаралық "ТАИМ" қаржы корпорациясының құрамында

"ТАИМ-Банк" акционерлiк банкiнiң негiзiнде белгiленген тәртiппен
құрылған Қазақстанның әлеуметтiк даму Халықаралық қоры мен
Халықаралық "ҚазТАИМ-Банк" қазақстандық банкiнiң жұмыс iстейтiнi 
еске алынсын.
     3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен 
ведомстволары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының 
әкiмдерi әлеуметтiк, сыртқы экономикалық, ғылыми-техникалық және
инвестициялық корпорациясына жәрдем және практикалық көмек 
көрсетсiн.

      Қазақстан Республикасы   
      Премьер-министрiнiң
      бiрiншi орынбасары