Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақы және балаларға жәрдемақы төлеу үшiн қолданылатын отбасы мүшесiне шаққандағы жиынтық табысын есептеу туралы ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 16 қараша N 960. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.03.21. N 382 қаулысымен.

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасының 1992 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасы Заңына және Қазақстан Республикасының кейбiр заңдық актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, сондай-ақ бағаның ырықтандырылуы жағдайында табысы аз жұмыс iстемейтiн зейнеткерлер мен балалары бар отбасыларын әлеуметтiк жағынан қолдауды күшейту жөнiндегi нысаналы және нақты саясат жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақы және балаларға жәрдемақы төлеу үшiн қолданылатын отбасы мүшесiне шаққандағы жиынтық табысын есептеу туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн және ол 1992 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      2. 1992 жылғы 1 қазаннан бастап балаларға төленетiн бiрыңғай жәрдемақы тоқсан сайын 3 жасқа дейiнгiлерге - 1850 сом, 3 жастан 18 жасқа дейiнгiлерге - 1375 сом мөлшерiнде болып белгiленсiн.
      3. Осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген жәрдемақы 1992 жылдың III тоқсанында отбасы мүшесiне шаққанда орташа айлық жиынтық табысы есептiк көрсеткiшiнiң төменгi жалақының төрт еселенген шамасынан аспайтын жағдайда, әлеуметтiк сақтандыру қаражаты есебiнен шешесiнiң жұмыс (оқу) орны бойынша төленсiн.
      4. 1993 жылдан бастап табысы аз жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге өтемақы мен балаларға бiрыңғай жәрдемақы отбасы мүшесiне шаққанда орташа айлық жиынтық табысы өтемақы немесе балаларға бiрыңғай жәрдемақы алу жөнiнде өтiнiш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанда ең төмен жалақының төрт еселенген шамасынан аспаған жағдайда тағайындалатын болып белгiленсiн. Өтемақы және балаларға бiрыңғай жәрдемақы, сондай-ақ есептiк көрсеткiшi "Қазақстан Республикасының республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының Заңында реттелетiн болады. Табысы аз жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге өтемақы зейнетақы алатын орны бойынша төленедi.
      ЕСКЕРТУ. 3 және 4-тармақтарындағы сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң
               1996.08.09. N 987 қаулысымен.
      5. Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақыны және балаларға бiрыңғай жәрдемақыны кәсiпорындардың, мекемелердiң және ұйымдардың, оның iшiнде халықты әлеуметтiк жағынан қорғау органдарының дұрыс тағайындап, төлеуiн олардың жоғары тұрған ұйымдары, қаржы және салық органдары бақылайды.
      6. Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты азаматтарға өтемақы мен балаларға бiрыңғай жәрдемақы олар бойынша заңсыз тағайындалған немесе төленген құжаттарды дұрыс ресiмдемегенi үшiн меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар жауап бередi.
      7. Кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың кiнәсiнен заңсыз төленген өтемақы мен балаларға бiрыңғай жәрдемақы сомасы жәрдемақы тағайындау жөнiндегi комиссияның шешiмi негiзiнде Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының тиiстi шотына үш есе мөлшерде қайтарылады.
 
          Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
 

                                                Қазақстан Республикасы



                                                Министрлер Кабинетiнiң

                                               1992 жылғы 16 қарашадағы   




                                                   N 960 қаулысымен



                                                     Бекiтiлген



 
 
            Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты
             табысы аз азаматтарға өтемақы және балаларға
          жәрдемақы төлеу үшiн қолданылатын, отбасы мүшесiне
             шаққандағы жиынтық табысын есептеу туралы
                              Ереже
      ЕСКЕРТУ. Ереженiң мәтiнiндегi "ең төменгi жалақының" деген
               сөздер "есептiк көрсеткiшiнiң" деген сөздер мен
               ауыстырылған - ҚРҮ-нiң 1996.08.09. N 987 қаулысымен.
 
      Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты табысы аз азаматтарға өтемақы* және балаларға бiрыңғай жәрдемақы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тағайындалады және төленедi. Сiлтеме. Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты табысы аз жұмыс iстемейтiн зейнеткерлерге өтемақы бұдан былай - өтемақы деп аталады.
      Өтемақы мен балаларға бiрыңғай жәрдемақы, отбасы мүшесiне шаққандағы орташа айлық жиынтық табысы ең төмен жалақының төрт еселенген мөлшерiнен аспайтын жағдайда тағайындалады.
      Өтемақының немесе балаларға бiрыңғай жәрдемақының мөлшерiн анықтаған кезде қолданылатын ең төмен жалақы отбасы мүшесiне шаққандағы жиынтық табысын анықтаған кезеңге орташа сарапталған шама ретiнде есептеледi (жыл, тоқсан).

 

     1-мысал. Тоқсан iшiнде жалақының ең төмен мөлшерi былайша

өзгерiп отырады делiк:

     сәуiр - 342 сом

     мамыр - 600 сом

     маусым - 600 сом

     Ең төменгi жалақының орташа сарапталған шамасы тоқсан

бойынша 514 сом болады (342х1+600х2):3. Жәрдемақының мөлшерiн

анықтау үшiн 515 сом мөлшерiндегi орташа сарапталған ең төменгi

жалақы, яғни кез-келген сома көбейту жағына қарай 5-ке немесе

0-ге ықшамдалады.



            1. Өтемақы мен жәрдемақы алу хұқығын анықтау

                   кезiнде ескерiлетiн отбасы құрамы

     1. Өтемақы мен балаларға жәрдемақы алу хұқығын анықтау

кезiнде отбасы құрамында мыналар есептеледi:


 
       - ерi, әйелi, 18-ге толмаған олардың асырауындағы балалар немесе бұл жастан асқан бала жасынан мүгедек ретiнде әлеуметтiк зейнетақы алатын балалар, сондай-ақ ерлi-зайыптылармен бiрге тұратын жұмысқа жарамайтын ата-аналары: зейнетақы алмайтын 60 жасқа келген еркектер, 55-ке келген әйелдер;
      - 18 жасқа толмаған жоғары оқу орындарының студенттерi, арнаулы орта және кәсiптiк-техникалық оқу орындарының (училищелердiң, мектептердiң, лицейлердiң, гимназиялардың, колледждердiң, кадрлар даярлайтын курстардың) оқушылары, соның iшiнде стипендия алатындары да (ата-аналарымен бiрге тұратын-тұрмайтынына немесе басқа қалаларда оқитынына қарамастан);
      - шартты түрде мерзiмiнен бұрын тұтқындау орнынан босатылып, құрылыс жұмыстарына немесе өнеркәсiпте жұмыс iстеуге (қалған мерзiмге) жiберiлген адамдар;
      - мiндеттi түрде еңбекке тарта отырып, шартты түрде бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар;
      - отбасында тұратын өгей ұлдар мен өгей қыздар, егер олар ата-аналарының отбасында есепке алынбаған болса;
      - емханада, балалар санаторийлерiнде емделiп жатқан балалар, сондай-ақ мектеп-интернатта тәрбиеленгенi үшiн ата-аналары немесе қамқоршылары iшiнара ақы төлейтiн балалар.
      2. Өтемақы мен балаларға жәрдемақы алу хұқығын анықтау кезiнде отбасы құрамында мыналар есептелмейдi:
      - ерлi-зайыптылардың атасы, әжесi, аға-iнiлерi, апа-қарындастары;
      - ата-ана хұқығынан айырылған ата-аналардың балалары;
      - мемлекеттiк қамсыздандыруға алынған балалар; әскериоқу орындары офицерлер құрамының, прапорщиктер, мичмандар әскери атақтары жоқ курсанттары мен тыңдаушылары, Iшкi iстер министрлiгi жүйесi оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушылары;
      - теңiзде жүзу училищелерi мен Азаматтық авиация министрлiгiнiң арнаулы оқу орындарының курсанттары; тамақ, киiм-кешек және жатақхана тегiн берiлетiн ақыл-есi кем және дене бiтiмi мүкiс балаларға арналған мектеп-интернаттарға, балаларға арналған санаторий-орман мектептерiне, арнаулы балалар үйлерiне, жалпы бiлiм беретiн жалпы үлгiдегi мектеп-интернаттарға, олимпиядалық резервтер мектептерiне, суворовтық, нахимовтық училищелерге, отбасылық үлгiдегi балалар үйлерiне орналастырылған балалар, кәсiптiк-техникалық училищелердiң оқушылары. Тұратын орынмен қамтамасыз етiлмеген оқушылар, мемлекеттiң толық асырауындағы балалардың қатарына жатқызылмайды;
      - қамқоршы (асырауға алушы) отбасында тәрбиеленушi балалар;
      - 18 жасқа толған және одан да ересек балалар;
      - мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшілер, оның iшiнде қызметiн әскери-құрылыс отрядтарында өтеушi әскери қызметшiлер.
      3. Егер жалғызiлiктi ана (жасына қарамастан) баласымен өзiнiң әке-шешесiмен бiрге тұратын болса, онда анаға берiлетiн жәрдемақы оның ата-анасының табысын есепке алмай есептелуге тиiс.
      4. Қамқорлықтағы балаларға бiрыңғай жәрдемақы алу хұқын анықтаған кезде қамқоршылардың табысы емес, осы балаларға алынатын зейнетақы,жәрдемақы мен алимент есепке алынады.
      5. Әке-шешесi бөлек тұрған жағдайда балалар шешесiнiң немесе әкесiнiң отбасында нақты тұруына қарай есепке алынады.
      6. Егер мемлекет тарапынан қамтамасыз етiлетiн балалар жазғы каникул кезiнде үйлерiнде тұратын болса, онда олар отбасының құрамында есептеледi және өтемақы мен жәрдемақы алу хұқығы қайта қаралады.
      7. Өтемақы мен жәрдемақы алу хұқығын анықтау кезiнде отбасы мүшелерi өтемақы немесе жәрдемақы алу жөнiнде өтiнiш жасаған сәтке есепке алынады.
      Негiзгi тамақ өнiмдерiнiң қымбаттауына байланысты табысы аз зейнеткерлерге төленетiн өтемақы және балалары бар отбасына жәрдемақы егер оны алу хұқығы пайда болған күннен бастап 6 айдан кешiктiрiлмей өтiнiш берiлгенде тағайындалады. 6 ай өткеннен кейiн өтемақы алу жөнiнде өтiнiш жасалған жағдайда ол өтемақы тағайындау туралы арызы барлық қажеттi құжаттарымен бiрге берiлген айға дейiнгi, бiрақ бұрынғы 6 айдан аспайтын уақытқа өтемақы тағайындалып, төленетiн болады.
 
          II. Отбасының орташа жиынтық табысын есептеу
      Ескерту. II-бөлiмнiң күшi жойылған, III және IV бөлiмдерi
               II және III бөлiмдер болып саналды - ҚРҮ-нiң
               1996.05.15. N 604 қаулысымен.
 
        II. Жиынтық табысты анықтаудың ерекшелiктерi
 
      10. Өтемақы мен балаларға жәрдемақы алу хұқығын анықтау кезiнде отбасы құрамында есептелген барлық адамдардың табысы қамтылады. Табыстар ұсталған соманы қосқанда (салықтарды, зиянды өтеу тәртiбiмен төленетiн соманы, т. б.) есептелген сома бойынша ескерiледi. Табыстардың сомасынан тек төленетiн алименттер ғана алып тасталады.
      Аналарға берiлетiн ай сайынғы жәрдемақы сомасы төленуге тиiстi болған жылдың табысы iшiнде есептеледi.
      11. Шетелде жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысында жалақы ұлттық валютамен де, шетелдiк валютамен де ескерiледi. Бұл орайда шетелдiк валютамен алынған табыстар отбасының өтемақы немесе жәрдем ақы алу хұқығын айқындау сәтiнде қолданылған коммерциялық бағам бойынша соммен қайта есептелiнедi.
      Егер Қазақстан Республикасының азаматшасы Қазақстан Республикасына келген шетелдiк азаматпен некеге тұрса, отбасының жиынтық табысы әйелдiң және шетелдiк азаматтың (ерiнiң) Қазақстан Республикасында алатын сом және шетелдiк валюта түрiндегi табыстарын айқындау сәтiнде қолданылған валюта бағамы бойынша соммен есептелiп айқындалады.
      Баланың әкесi шетелдiк азамат болып шешесi онымен некеге тiркелмеген, бiрақ онымен бiрге тұрған жағдайда отбасының жиынтық табысы оның табыстарын есептемей айқындалады және ол отбасының құрамында есептелмейдi.
      12. Осы кәсiпорында, мекемеде, ұйымда еңбекке ақы төлеу жүйелерiнде көзделмеген және отбасының жиынтық табысын айқындау кезiнде есепке алынуға тиiс сыйлықтар олардың төлену кезiнде (ай сайынғы, тоқсандық, жылдық, жұмыстың белгiлi бiр кезеңдерi үшiн) қарамастан, оның есептелген уақытына қарай, яғни ол төлем ведомосына не оны ауыстыратын құжатқа енгiзiлген айдағы жиынтық табысқа қосылады.
      13. Азаматтық-хұқықтық шарттар бойынша жұмыс iстейтiн отбасы мүшелерiнiң табыстары шарт негiзiнде айқындалады, ал егер онда алынған сома көрсетiлмесе, онда жұмыс iстелген кәсiпорынның, ұйымның анықтамасы негiзiнде айқындалады.
      Азаматтық-хұқықтық шарттарда алынатын ақының сомасы көрсетiлмеген жағдайда осы шарттар бойынша iстелген жұмыс үшiн табыстар жиынтық табыста берiлген арызға сәйкес және қайта тексеру материалдары негiзiнде есептеледi.
      Ғылым, әдебиет пен өнер шығармаларын жазу, басып шығару, орындау немесе өзге де пайдалану жөнiндегi шарттар болған жағдайда осы шарттың есебiне аванс ретiнде және түпкiлiктi есеп айырысу кезiнде төленетiн сыйақы бiр жылғы табысты айқындау мақсатымен шарттың күшi қолданылатын жылдардың санына жинақталып, бөлiнедi.
      14. Жеке азаматтарда немесе азаматтар ұжымында жұмыс iстейтiн адамдардың жиынтық табысында олардың нақтылы алған ақысы ескерiледi. Бұл орайда осы адамдардың жалақысының заттай бөлiгi олардың жиынтық табысына ақшалай төленетiн ақының 100 процентi мөлшерiнде қосылады.
      15. Әскери қызметшiлердiң ақшалай түсiмi отбасының жиынтық табысына үстеме мен қосымша ақыны ескере отырып қосылады. Бұл арада мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң, оның iшiнде әскери-құрылыс отрядтарында қызметiн өтеп жатқан әскери қызметшiлердiң де, ақшалай қаражаты қосылмайды, өйткенi олар отбасының құрамында есептелмейдi.
      16. Алынатын алименттер отбасының жиынтық табысында олар есептелетiн және аударылған уақыт бойынша есептеледi, ал төленген алименттер есептелмейдi. Әке-шешенiң табысын қайта есептеуге байланысты балаларға алынған алименттер сомасы берешек болып табылмайды және отбасының жиынтық табысында олардың аударылған уақыты бойынша есептелiнедi.
      Ерлi-зайыптылар арасындағы неке бұзылған, бiрақ шешесi өзiнiң жазбаша арызы бойынша табыс айқындалатын жылы (тоқсанда) алимент алмаған жағдайда жиынтық табыс алиментсiз есептелiнедi. Егер шешесiнiң алимент алу фактiсiн жасырғаны анықталса, онда балаға берiлетiн жәрдемақының артық төленген сомасы қолданылып жүрген заңда белгiленген тәртiппен ұсталады.
      Егер шешесiне (әкесiне) соттың шешiмiмен алимент өндiрiп алынбайтын болса, сондай-ақ ерлi-зайыптылар арасындағы неке бұзылған, бiрақ шешесi (әкесi) алимент алудан бастартқан не оны алмаған жағдайда жиынтық табыс сот шешiмiнiң көшiрмесiн не жәрдемақы сұраған адамның алимент алмағаны туралы жазбаша арызы табыс етiлгеннен кейiн алиментсiз есептелiнедi.
      Жиынтық табысты айқындау кезiнде алынған алимент сомасы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың аударылған алимент туралы анықтамасы негiзiнде, әкесi (шешесi) алименттi тiкелей өзi жiберген жағдайда - почта аудармалары, шешесiнiң (әкесiнiң) арызы негiзiнде есептелiнедi.
      17. Өтемақы немесе жәрдемақы жөнiнде өтiнiш жасалған жылы отбасының құрамында бала тууына немесе басқа да себептерге байланысты өзгерiс бола қалған жағдайда өтемақы немесе жәрдемақы алу хұқығы қайта қаралады.
      18. Жалғызiлiктi ананың баласына, жесiр әйелге (тұл еркекке), ажырасқан әйелге (еркекке) тағайындалған жәрдемақы, шешесiнiң некеге тұрғанына қарамастан, күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн төленедi.
      19. Отбасының бiр немесе екi мүшесi I немесе II топтағы мүгедектер әрi жұмыс iстемейтiн болса, отбасының орташа айлық жиынтық табысын есептеген кезде, аталған адамдардың өтемақы немесе балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасаған жылдың (кезеңнiң) алдындағы жылғы (тоқсандағы) табысы есептелмейдi, ал отбасының орташа айлық жиынтық табысына мүгедекке тағайындалған зейнетақы қосылады.
      Егер өтемақы немесе жәрдемақы тағайындалғаннан мүгедек тұрақты жұмысқа түскен болса, отбасының орташа айлық жиынтық табысы мүгедектiң өткен жылы (тоқсанда) алған табысының жалпы сомасы ескерiлiп қайтадан есептелiнедi.
      20. Асыраушысынан айрылған отбасыға өтемақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы мәселе асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақы белгiленгеннен кейiн шешiледi, ал асыраушысының табысының орнына, отбасының орташа айлық жиынтық табысында тағайындалған зейнетақы есептелiнедi.
      Егер асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы тағайындалған бала мемлекеттiк қамсыздандыруға көшiрiлсе, балаларға жәрдем ақы алу хұқығын анықтау кезiнде ол отбасының құрамында болады және оның алдыңғы жыл үшiн алған зейнетақыдағы үлесi есептелмейдi.
 
              III. Отбасының жиынтық табысын есептеу
 
      21. Жиынтық табыс отбасының балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасаған жылдың алдындағы күнтiзбелiк жылғы табыстары бойынша (тиiсiнше тоқсандағы - алдыңғы үш айдағы) айқындалады.
      Отбасының орташа жиынтық табысын есептеу кезiнде өтемақы немесе балаларға берiлетiн жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасаған сәттегi отбасының құрамына кiретiн оның мүшелерi және олардың табыстары есептелiнедi (егер осы Ережеде өзгеше көзделмесе).
      Айына отбасының мүшесiне шаққандағы орташа жиынтық табыс отбасының күнтiзбелiк жылғы табыстарының жалпы мөлшерiн 12-ге (отбасының орташа айлық жиынтық табысы), сосын отбасы мүшелерiнiң санына (тоқсан үшiн тиiсiнше 3-ке) бөлу арқылы есептелiнедi.
      22. Әкесi мерзiмдi қызметiн өтеп, армиядан қайтқан отбасының бiр мүшесiне шаққандағы орташа айлық жиынтық табыс отбасының алдыңғы жылғы табыстарының жалпы мөлшерiн бөлу арқылы есептелiнедi (ерiнiң армиядан қайтқаннан кейiнгi жалақысы - егер мұндай түсiм болса, әйелiнiң жалақысы мен мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң балаларына алынған ай сайынғы жәрдемақысының сомасы 12-ге, сосын отбасы мүшелерiнiң санына бөлiнедi) (тоқсан үшiн тиiсiнше 3-ке бөлiнедi).
      23. От басында уақытша болмауына байланысты отбасының құрамында есепке алынбауға тиiстi және өтемақы немесе балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасалған жылы жұмысқа тұрған немесе осы Ереженiң II-бөлiмiне сәйкес табыс айқындалатын күнтiзбелiк жылы толық жұмыс iстемеген отбасы мүшелерiнiң орташа айлық табысын айқындау кезiнде олардың тиiстi жылғы жұмыс iстеген барлық толық айларындағы табыстары (жалақы, еңбекке уақытша жарамсыздығына байланысты жәрдемақы т. б.) есептелiнедi; орташа айлық табыс жұмыс iстеген барлық толық айлардағы табысы мен басқа да табыстарды осы айларға бөлу арқылы айқындалады.
      Егер отбасының аталған мүшелерi өтемақы немесе балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасаған сәтке дейiн толық бiр айға толмайтын уақыт жұмыс iстеген болса, онда барлық жұмыс iстеген уақыттағы табысы жұмыс iстелген күндердiң санына бөлiнiп, алынған сома орта есеппен бiр жылда айқындалған бiр айдағы жұмыс күндерiнiң санына көбейтiледi (6 күндiк жұмыс аптасында - 25,4 күн және 5 күндiк жұмыс аптасында - 21,2 күн).
      24. Өтемақы немесе балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасалған жылы некенiң бұзылуына байланысты отбасының құрамында өзгерiс болған отбасыларының орташа айлық табысын есептеу кезiнде отбасының алдыңғы жылғы табысы отбасының кеткен мүшесiн және оның табысын ескере отырып есептелiнедi.
      Өтемақы немесе балаларға берiлетiн жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасалған жылы бас бостандығынан айыруға сотталуына немесе оның күштеп емдеуге жiберiлуiне байланысты ерлi-зайыптының бiрi отбасында болмаған жағдайда бұл отбасының алдыңғы жылғы орташа жиынтық табысын есептеу кезiнде отбасының кетiп қалған мүшесi және оның табыстары ескерiледi. Келесi жылы бұл отбасылардың орташа жиынтық табысын есептеу кезiнде кетiп қалған ерi және оның сотталғанға (күштеп емделуге жiберiлгенге) дейiнгi табыстары, алименттер және отбасының аталған адамдардан сотталғаннан (күштеп емдеуге жiберiлгеннен) кейiн алатын басқа да сомалары ескерiледi. Егер бұл адамдар отбасында аталған себептер бойынша толық күнтiзбелiк жыл бойына болмаса, олар отбасының құрамында есептелмейдi.
      Ерлi-зайыптылардың арасындағы неке бұзылмаған, бiрақ өтемақы немесе жәрдемақы тағайындау туралы өтiнiш жасалған жылы әкеден (шешеден) алимент өндiрiп алу туралы соттың шешiмi шығарылған жағдайда отбасының орташа жиынтық табысын айқындау кезiнде төленетiн алименттiң сомасы емес, әкесiнiң (шешесiнiң) табысы есептеледi және оның өзi отбасының құрамына енгiзiледi. Бұл

 

отбасы өтемақы немесе жәрдемақы тағайындау жөнiнде келесi жылы

өтiнiш жасалғанда кетiп қалған ерiнiң табыстары есептелмейдi,

тек алынған алименттiң орташа айлық сомасы есептеледi.

     2-мысал. Отбасы 5 адамнан тұрады (ерi, әйелi және 17, 7, 5

жастағы үш бала). 1993 жылы жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш

жасады.

     1992 жылдың IV тоқсанында отбасы мүшелерiнiң мынадай

табыстары болды:


        а) жалақы:   

        ерi 3 айда                  - 5075 сом         

        әйелi 3 айда                - 4020 сом

        17 жастағы ұлы 1 айда       - 880  сом

        ә) стипендия 2 айда         - 1400 сом


     Отбасының жалпы тоқсандық табысы 11375 сом болды.



 
       Отбасының IV тоқсандағы орташа айлық табысы 3791 сом 67 тиын (11375 сом:3), ал отбасының бiр мүшесiне шаққанда 758 сом 33 тиын (3791 сом 67 тиын:5).
      1992 жылғы IV тоқсанда ең төмен жалақы айына 900 сом болғанда ең төмен жалақының төрт еселенген мөлшерi 3600 сом болады. Демек, отбасының 5 және 7 жастағы балаларға белгiленген мөлшерде бiрыңғай жәрдемақы алуға хұқы бар.
      3-мысал. 1993 жылғы қаңтарда балаларға жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасаған отбасы 6 адамнан тұрады: ерi, әйелi, 4 және 2 жастағы екi баласы және ерлi-зайыптының бiреуiнiң зейнетақы алатын әке-шешесi.
      Жәрдемақы хұқығын қарау кезiнде отбасының құрамында мыналар есептеледi: ерi, әйелi және екi бала, барлығы 4 адам. Әйелi алдыңғы тоқсанда баланы күтуге байланысты демалыста болған.
      Ерiнiң 1992 жылғы IV тоқсандағы жалақысы айына 3500 сом болды (тоқсанда 10500 сом).
      Отбасының тоқсандық табысы 10500 сом, отбасының орташа айлық табысы - 3500 сом (10500 сом :3), ал отбасының бiр мүшесiне шаққандағы орташа айлық табыс - 875 сом 00 тиын.
      Отбасының жәрдемақы алуға хұқығы бар, өйткенi 1992 жылғы IV тоқсанда ең төменгi жалақы айына 900 сом болғанда, ең төменгi жалақының төрт еселенген мөлшерi 3600 сом.
      25. Жәрдемақы алған жылы (тоқсанда) табыстарда болған өзгерiстер есептелмейдi.
      4-мысал. 1993 жылы отбасына он жасқа толмаған 2 бала үшiн жәрдемақы тағайындалды. Жәрдемақы тағайындау кезiнде ерiнiң 1992 жылғы IV тоқсандағы айына 4500 сом мөлшерiндегi табысы ескерiлдi. 1993 жылғы ақпанда балалардың бұрын жұмыс iстемеген шешесi жұмысқа тұрды, осыған орай материалдық ахуалы жақсарды, алайда бұл жағдай ескерiлмейдi, сөйтiп 1993 жылғы I тоқсанның аяғына дейiн отбасы жәрдемақы алып отыратын болады.
      26. Ағымдағы жылы (тоқсанда) отбасының мүшесiне шаққанда өткен күнтiзбелiк жылы (тоқсанда) есептелген жиынтық табысы азаматтардың арызы бойынша мынадай жағдайда:
      бала туғанда, шешесiне баланы күтуге байланысты демалыс берiлгенде;
      мiндеттi әскери қызметтi өтеу үшiн Қарулы Күштерге шақырылғанда (офицерлер құрамынан басқа);
      отбасының мүшесi қайтыс болғанда, ата-аналық хұқықтан айырылғанда, неке бұзылғанда, бала мемлекеттiк қамсыздандыруға көшiрiлгенде анықталады.
      27. Егер өтемақы немесе жәрдемақы жөнiнде өтiнiш жасалған жылы (тоқсанда) отбасының құрамында некенiң бұзылуына байланысты өзгерiстер болса, отбасының алдыңғы жылғы (тоқсандағы) орташа айлық табысы жалпы тәртіппен есептелiнедi, яғни кетiп қалған зайыбы және оның табыстары ескерiледi.
      Егер некенiң бұзылуына байланысты отбасының құрамындағы өзгерiстер жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасалған жылдың (тоқсанның) алдындағы жылы (тоқсанда) болса және отбасы алимент алып жүрсе, онда кетiп қалған зайыбы және оның табыстары есептелмейдi, ал отбасының бiр жылғы (тоқсандағы) орташа айлық табысына алынған алименттiң орташа айлық сомасы қосылады, бұл сома өткен жылы (тоқсанда) алынған алименттiң жалпы сомасын осы алимент төленген толық айлардың санына бөлу арқылы айқындалады.
      5-мысал. 1992 жылғы қазанда ерлi-зайыпты некенi бұзды. Қарашаның 1-iнен бастап жылдың аяғына дейiн шешесi екi балаға 1130 сом алимент алды. Алименттiң айына орташа мөлшерi 565 сом болды (1130 сом:2). Шешесiнiң 1992 жылғы IV тоқсандағы орташа айлық жалақысы - 2500 сом. Отбасының 1992 жылғы IV тоқсандағы жалпы айлық табысы 3065 сомға тең (2500+565), ал отбасының бiр мүшесiне шаққанда - 1021 сом 67 тиын (3065 сом:3).
      28. Егер неке өтемақы немесе жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасалған жылдың (тоқсанның) алдындағы жылдан (тоқсаннан) ерте бұзылған және шешесi жиынтық табыс аяқталатын жылдың (тоқсанның) барлық айларында толық алимент алмаған болса, онда бұл ретте отбасының жиынтық табысы күнтiзбелiк жылы (тоқсанда) нақты алынған алименттi негiзге ала отырып есептелiнедi. Алынған алименттiң сомасы 12-ге (3-ке), сосын отбасы мүшелерiнiң санына бөлiнедi.
      Ерлi-зайыптылар арасында неке бұзылмаған, бiрақ өтемақы немесе жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасалған жылы (тоқсанда) әкесiнен (шешесiнен) алимент өндiрiп алу туралы соттың шешiмi шығарылған жағдайда отбасының орташа жиынтық табысын айқындау кезiнде төленетiн алименттiң сомасы емес, әкесiнiң (шешесiнiң) табыстары есептеледi, сөйтiп оның өзi отбасының құрамына кiредi. Осы отбасы келесi жылы (тоқсанда) өтемақы немесе жәрдемақы жөнiнде өтiнiш жасағанда кетiп қалған зайыбының табысы есептелмейдi, тек алынған алименттiң орташа айлық сомасы есептелiнедi.
      29. Егер отбасында ерлi-зайыптылардың бiрi өтемақы немесе жәрдемақы жөнiнде өтiнiш жасаған жылдың (тоқсанның) алдындағы жылы (тоқсанда)бас бостандығынан айыруға сотталған немесе күштеп емдеуге жiберiлген болса және осыған байланысты күнтiзбелiк жылы (тоқсанда) толық жұмыс iстемеген болса, онда осы отбасының орташа жиынтық табысын есептеу кезiнде кетiп қалған зайыбы отбасы мүшелерiнiң құрамында және оның сотталғанға (күштеп емдеуге жiберiлгенге) дейiнгi кезеңдегі табысы есептеледi. Сотталғаннан (күштеп емдеуге жiберiлгеннен) кейiнгi айларда кетiп қалған зайыбының және оның табыстары отбасының жиынтық табысында есептелмейдi, ал оның табыстарының орнына алимент және одан алынған басқа да сома есептелiнедi.
      6-мысал. Отбасы 5 адамнан тұрады (ерi, әйелi және 16 жасқа дейiнгi, орта мектепте оқитын үш баласы). 1992 жылғы қарашада әкесi 2 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды. Ерiнiң 1992 жылғы қазандағы жалақысы айына 2495 сом, әйелiнiкi - 1700 сом болды. Отбасының 1993 жылғы 1 тоқсанда балаларға берiлетiн жәрдемақы хұқығын анықтау кезiнде жиынтық табыс 1992 жылғы IV тоқсандағы табыстар бойынша есептеледi: ерiнiң сотталғанға дейiнгi жалақысы 2495 сом (2495х1), әйелiнiң осы кезеңдегi жалақысы -1700 сом (1700х1). Отбасының қазандағы табысы 4195 сомға тең (2495+1700), ал осы кезеңде отбасының бiр мүшесiне шаққанда -839 сом (4195:5). Әйелдiң қалған 2 айдағы табысы 3400 сом болды, балаларға ерiнен алынған алимент - 1650 сом. 2 айда жиынтығы 5050 сом, ал отбасының бiр мүшесiне шаққанда -1262 сом 50 тиын (5050:4).
      Отбасы мүшелерiнiң тоқсандағы бүкiл табысы 2101 сом 50 тиын (839+1262,5), ал отбасының бiр мүшесiне шаққанда орташа айлық табыс -700 сом 50 тиын (2101,5:3). Демек, отбасының толық мөлшерде жәрдемақы алуға хұқығы бар.
      30. Отбасында болмаған ерi жазасын өтегеннен (күштеп емдеуден өткеннен) кейiн отбасына қайтып оралған және осыған байланысты күнтiзбелiк жылы (тоқсанда) толық жұмыс iстемеген отбасының бiр жылғы (тоқсандағы) орташа айлық табысын анықтаған кезде оның бiр жылғы (тоқсандағы) жұмыс iстеген барлық толық күнтiзбелiк айларындағы табысы есептеледi. Орташа айлық табыс қайтып оралған ерiнiң тиiстi жылдағы (тоқсандағы) жұмыс iстеген барлық толық айларындағы табысы мен басқа да табыстарын осы айлардың санына бөлу арқылы айқындалады. Мұндай жағдайда отбасының әрбiр мүшесiне шаққандағы орташа табыс бөлек есептеледi және алынған сома отбасының есептелiнетiн мүшелерiнiң санына бөлiнедi.
      7-мысал. Ерi жазасын өтегеннен кейiн 1992 жылғы қарашада қайтып оралды (қазанда алимент төлеген жоқ). Оның тұтқындау орнына қайтып оралғаннан кейiнгi толық 1 айдағы (желтоқсан) табысы 4000 сом. Әйелiнiң 1992 жылғы IV тоқсандағы орташа айлық жалақысы 2100 сом. Бүкiл отбасының (5 адамнан тұрады) орташа айлық табысы 5100 сомға тең (4000+2100), ал отбасының бiр мүшесiне шаққанда - 1220 (6100:5). Отбасының жәрдемақы алуға хұқығы бар.
      Егер бұл адамдар өтемақы немесе жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасаған жылы (тоқсанда) аталған себептермен жұмысқа тұрған болса, олардың табысы осындай тәртiппен есептеледi.
      Кетiп қалған зайыбы аталған себептермен отбасында толық күнтiзбелiк жыл (тоқсан) бойына болмаған жағдайда ол отбасының құрамында есептелiнбейдi.
      31. Егер жазасын өтегеннен немесе күштеп емдеуден өткеннен кейiн қайтып оралған зайыбы өтемақы немесе жәрдемақы тағайындау жөнiнде өтiнiш жасалған сәтте толық бiр айға толмайтын уақыт жұмыс iстеген болса, бүкiл жұмыс iстеген уақыттағы табыс жұмыс істелген күндерге бөлiнедi, ал алынған сома бiр айдағы жұмыс күндерiнiң орташа санына бөлiнедi (6 күндiк жұмыс апталығында - 24,5 күн, 5 күндiк жұмыс апталығында -21,2 күн).