Ақталған азаматтар шеккен зиянды өтеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 4 қараша N 933. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993.09.09. N 854 қаулысымен.

Күшін жойған
      30-40-шы жылдарда және 50-жылдардың бас кезiнде орын алған қуғын-сүргiн құрбандарының тәргiленген ақшалай сомалар мен бағалы қағаздарына қатысты шеккен зияндарын өтеген кезде әлеуметтiк әдiлдiктi қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ақталған азаматтардың (немесе олардың мұрагерлерiнiң) тәргiленген ақшалай сомаларға, бағалы қағаздарға (чектерге) қатысты шеккен зиянының сомаларын анықтаған кезде, 1947 жылғы ақша реформасы және 1961 жылғы баға ауқымының өзгеруi ескерiлiп, сондай-ақ айналысқа түскен күнi белгiленген ең төменгi жалақы мөлшерiнiң 1961 жылғы ең төменгi жалақы деңгейiне арақатынасы ретiнде анықталатын 60 сом мөлшерiндегi индекстеу коэффициентi қабылданатын болып белгiленсiн.
      2. Тәргiленген ақшалай сомалар мен бағалы қағаздарға қатысты зиянды өтеудiң белгiленген тәртiбi ақталған азаматтарға (немесе олардың мұрагерлерiне) олардың өтiнiш бiлдiрген уақытына қарамастан төлем жасалмаған сомалар бойынша қолданылады.

                Қазақстан Республикасының
                    Премьер-министрi