Маңғыстау еркiн экономикалық аймағын дамыту үшiн басым маңызы бар бiрiншi кезектегi мәселелер туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 30 қазан N 904. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.02.19. N 213 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Маңғыстау" еркiн экономикалық аймағын құру туралы" 1992 жылғы қаңтардың 11-дегi қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Маңғыстау еркiн экономикалық аймағы туралы осыған қосылған ереже бекiтiлсiн.
      2. Маңғыстау облысының әкiмi:
      он күндiк мерзiм iшiнде еркiн экономикалық аймақты басқару жөнiнде әкiмшiлiк кеңес құрсын;
      әкiмшiлiк кеңеске аймақты дамыту бағдарламасын кейiннен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiту үшiн әзiрлеуiне көмек көрсетсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Геодезия және картография бас басқармасы, Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Сыртқы iстер министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы экономикалық аймағының Маңғыстау еркiн экономикалық аймағының аумағына енгiзiлген Каспий теңiзiнiң континентальды шельфi аудандары мен аралдарын анықтасын және аймақтың батыс шекарасының сипаттамасын әкiмшiлiк кеңеске табыс етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi:
      Маңғыстау еркiн экономикалық аймағының әкiмшiлiк кеңесiмен бiрлесiп екi ай мерзiм iшiнде кедендiк пункттер желiсi бар аймақтық кеден басқармасын құрсын және олардың ұсталуы мен жұмыс iстеуiнiң тәртiбiн анықтасын;
      Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен және ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiмен бiрлесiп кедендiк бақылаудың, еркiн экономикалық аймаққа әкелiнетiн және әкетiлетiн тауарлар мен өзге де мүлiктi декларациялаудың тәртiбi мен ережесiн белгiлесiн.
      5. Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен және ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiмен бiрлесiп Маңғыстау экономикалық аймағында келу мен кетудiң және шет ел азаматтарының болуының жеңiлдетiлген тәртiбiн белгiлесiн.
      6. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi 1992 жылдың IV тоқсанында халықаралық әуе қатынасы үшiн "Ақтау" әуежайын, халықаралық теңiз жүк қатынасы үшiн, ал теңiз бекетiн салу аяқталғаннан кейiн - халықаралық қатынасы үшiн "Ақтау" теңiз тұрақжайын ашсын. Аталған тұрақжайлар ашық деп жариялансын.
      7. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Маңғыстау еркiн экономикалық аймағының әкiмшiлiк кеңесiмен бiрлесiп Маңғыстау облысын осы заманғы байланыс құралдарымен кезең-кезеңмен қамтамасыз ету бағдарламасын әзiрлеп, жүзеге асырсын.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Материалдық ресурстар министрлiгi Маңғыстау еркiн экономикалық аймағының жұмыс iстеуi және дамуы үшiн қажеттi орталықтандырылып бөлiнетiн өнiмдер бойынша материалдық-техникалық ресурстар бөлудi, сондай-ақ еркiн нарықта тауарлар сатып алу жөнiнде делдалдық қызмет көрсетудi көздейтiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Маңғыстау ЕЭА-ғы әкiмшiлiк кеңесiнiң аймақ аумағындағы республикалық меншiк объектiлерiн мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру, экономикалық және әлеуметтiк даму қорында жинақтау үшiн  жекешелендiру барысында алынған қаржының бiр бөлiгiн  ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесiне беру, сондай-ақ аймақтың кепiлдi валюталық қоры, Маңғыстау еркiн экономикалық аймағының әкiмшiлiк кеңесiне мемлекеттiк меншiкке иелiк ету хұқын беру жөнiндегi ұсынысын қарау ұсынылсын.

        Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы     
Министрлер Кабинетiнiң     
1992 жылғы 30 қазандағы    
N 904 қаулысымен        
Бекiтiлген           

           Маңғыстау еркiн экономикалық аймағы туралы
                           ЕРЕЖЕ

      Осы Ереже Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының аумағында құрылған, бұдан әрi қарай "Маңғыстау" ЕЭА деп аталатын Маңғыстау еркiн экономикалық аймағындағы шаруашылық қызметтiң хұқықтық негiздерi мен құрылу мақсатын айқындайды.

                1 бөлiм. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап.  "Маңғыстау"ЕЭА оған Қазақстан Республикасы экономикалық аймағы Каспий теңiзiнiң аралдары мен континентальды шельфi енетiн Маңғыстау облысының әкiмшiлiк шекараларында орналасқан және ол Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлiгi болып табылады.
      2-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА мынадай мақсаттарға құрылады:
      - өңiрдiң табиғи, өндiрiстiк және зиялылық әлеуетiн жұмылдыру негiзiнде аумақтың және тұтас алғанда республиканың экономикасын халықаралық еңбек бөлiсiне кешендi әрi тиiмдi тарту;
      - өңiрдiң өндiрiстiк күштерiн жеделдете дамыту, кәсiпкерлiк қызметтi жандандыру жолымен осы заманғы ғылым және техника жетiстiктерiн игеру және өндiрiске енгiзу, шетел капиталын, технологиясы мен басқару тәжiрибесiн тарту, шетелдермен ғылыми-техникалық және сауда-экономикалық қарым-қатынасты жеделдету;
      - аймақ аумағының табиғи ресурстарын ұтымды да кешендi игеру, аймақ пен республиканың экспорттық мүмкiндiктерiн ұлғайту, импортты алмастыратын өнiмдер өндiрудi дамыту;
      - осы заманғы өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдар құру;
      - әлеуметтiк-экономикалық дамыту мiндеттерiн жеделiрек шешу негiзiнде облыстың және тұтас алғанда республика халқының әл-ауқаты мен тұрмыс сапасын арттыру.
      "Маңғыстау" ЕЭА құру мақсатын жүзеге асыру шаруашылық жүргiзудiң жаңа нарықтық түрлерiн дамыту, кәсiпкерлiктi (соның iшiнде шетелдiк) ынталандыру, капиталдар тарту, бiрлескен кәсiпорындар, халықаралық акционерлiк қоғамдар мен консорциумдер құру жолымен аймақ экономикасын дүниежүзiлiк шаруашылыққа кiрiктiру негiзiнде iске асырылады.
      3-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында заңдық ұйымдар мен жеке адамдардың (шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң) қызметi, "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңмен Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтiн заңдарымен және осы Ережемен реттеледi.
     Қазақстан Республикасының заңдарында "Маңғыстау" ЕЭА аумағындағы шаруашылық қызметтiң жекелеген мәселелерi реттелмеген жағдайда, ЕЭА туралы Ережеге тиiстi өзгерiстер енгiзгенше, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарының жалпы нормалары қолданылады.
      4-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағы кедендiк шекарасы бар бiрыңғай экономикалық кеңiстiк болып табылады.
      Аймақтың, республикасының, басқа да мемлекеттердiң азаматтарының шекараны кесiп өтуi, сол сияқты тауарларды әкелу мен әкету Қазақстан Республикасының шекаралық және кедендiк режимiнiң ережелерiне сәйкес УЭА басқару органы белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

          2 бөлiм. "МАҢҒЫСТАУ" ЕЭА БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ

      5-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағындағы мемлекеттiк өкiмет органы халық депутаттарының Маңғыстау облыстық Кеңесi болып табылады.
      "Маңғыстау" ЕЭА аумағындағы жоғары басқару органы ЕЭА-тың әкiмшiлiк кеңесi болып табылады, ол Маңғыстау облысы әкiмiнiң шешiмiмен "Маңғыстау" ЕЭА аумағында тiркелген республикалық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың, кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң өкiлдерiнен құрылады.
      "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының заңдары, осы Ереже, халық депутаттарының Маңғыстау облыстық Кеңесi бекiткен Маңғыстау еркiн экономикалық аймағының әкiмшiлiк кеңесi туралы Ереже негiзiнде жұмыс iстейдi.
      6-бап.  "Маңғыстау"ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiнiң төрағасы Кеңестiң қарауындағы мәселелер бойынша халық депутаттары облыстық Кеңесiнiң бақылауында болады, оны Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды, өзi оған есеп бередi.
      7-бап.  Халық депутаттарының Маңғыстау облыстық Кеңесi өз құзыры шегiнде мемлекеттiк меншiктегi объектiлердiң ұтымды пайдалануына бақылау жасау хұқын өзiне қалдыра отырып, мемлекеттiк меншiктегi объектiлерге (жер, су, жер қойнауы және басқа да табиғи ресурстар, ұзақ пайдаланатын үйлер, ғимараттар) иелiк ету хұқын ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiне бередi.
      Заңды ұйымдардың және азаматтардың өздерiнiң пайдалануына берiлген жер учаскелерi мен басқа да табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланудың шарттарын бұзушылығы, иесiне келтiрiлген залалды өтей отырып, пайдалану хұқығын тоқтатуына және экологиялық жағдайын қайта қалпына келтiруiне әкелiп соғады.
      8-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiнiң құрылымы халық депутаттарының Маңғыстау облыстық Кеңесi бекiткен басқару схемасымен айқындалады.
      Аймақтың әкiмшiлiк кеңесi өз қызметiнде "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңда анықталған функцияларды орындайды, сондай-ақ:
      табиғи зiлзала, өндiрiстiк апаттар, қатерлер пайда болған кезде ЕЭА халқын қорғаудың ұйымдастырылуына жауап бередi және бақылау жасауды жүзеге асырады, бейбiт уақытта төтенше ахуал пайда болған және қатер төнген жағдайда дұрыс iс-қимыл жасауға халықтың барлық жiгiнiң әзiр тұруын қамтамасыз етедi;
      ЕЭА дамыту бағдарламасын әзiрлеу мен iске асыруды қамтамасыз етедi. Бағдарлама бойынша шешiмдер алу кәсiпкерлiктi қолдау, бәсекелестiктi дамыту мен монополизмдi шектеу жөнiндегi шараларды ескере отырып жүргiзiледi;
      республика Үкiметi айқындаған халыққа бiлiм берудiң мемлекеттiк стандартын, тиiстi республикалық ведомстволармен келiсiм-шарт негiзiнде жоғары және арнаулы орта оқу орындарында ЕЭА аумағында орналасқан республиканың халық шаруашылығы үшiн кадрлар даярлауды қамтамасыз етедi;
      республика үшiн тиiстi ведомстволар әзiрлегеннен төмен емес нормативтер бойынша оқу орындарын, тәрбиелiк, емдеу-сауықтыру және санитарлық-гигиеналық мекемелердi қаржыландыруды жүзеге асырады;
      табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалану, өндiрiстiк қызметтiң аймақтың экологиялық жағдайына терiс әсер етуiн азайту жөнiндегi шаралар кiретiн айналадағы табиғи ортаны қорғаудың кешендi бағдарламасын әзiрлеп, орындалуын жүзеге асырады.
      9-бап.  Әкiмшiлiк кеңестiң өз құзыры шегiнде қабылдаған шешiмдерi "Маңғыстау" ЕЭА аумағында жұмыс iстейтiн барлық шаруашылық субъектiлерiнiң орындалуы үшiн мiндеттi.
      ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң, егер бұл қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн болса, шаруашылық, қаржылық және өзге де қызметiне араласуына хұқығы жоқ. ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өзара қарым-қатынасының негiзiн келiсiм-шарттар мен контрактылар құрайды.
      10-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi қосалқы аймақ аумағында әлеуметтiк-экономикалық процестердiң дамуына тиiмдi басқару мен бақылауды қамтамасыз ететiн, оларға шаруашылық қызметiнiң айрықша режимi белгiленетiн мамандандырылған сауда, өндiрiстiк және басқа да қосалқы аймақтарды өңiр аумағында құра алады.

          3 бөлiм. "МАҢҒЫСТАУ" ЕЭА ШАРУАШЫЛЫҚ
                       ҚЫЗМЕТТIҢ НЕГIЗДЕРI

      11-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-да, егер Қазақстан Республикасының заңдарымен және осы Ережемен тыйым салынбаса, кез-келген кәсiпкерлiк қызмет түрлерi жүзеге асырылады.
      "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi қызметтiң жекелеген түрлерiне тек мынадай негiздерде ғана тыйым сала алады.
      егер атқарылатын қызмет аумақтың және халықтың хауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса;
      егер атқарылатын қызмет жағдайы немесе оның нәтижесi белгiленген экологиялық талаптарға сәйкес келмейтiн болса;
      егер атқарылатын қызмет халықтың денсаулығы мен көңiл-күйiне қатер төндiретiн болса;
      егер атқарылатын қызмет тарихи, мәдени және табиғи ескерткiштердiң сақталуына қатер төндiретiн болса;
      егер атқарылатын қызметке Қазақстан Республикасы қатысатын халықаралық шарттарда тыйым салынған болса.
      12-бап.  ЕЭА аумағында, сол сияқты одан тысқары жерде тiркелген шаруашылық жүргiзушi, оның iшiнде шетелдiк субъектiлер, аймақ аумағы шегiнде инвестицияларды бiрлесiп те, дербес те жүзеге асыра алады.
      "Маңғыстау" ЕЭА аумағынан тысқары орналасқан кез-келген заңды ұйымдардың, заңда белгiленген тәртiппен тiркеуден өткеннен кейiн, аумақта өзiнiң филиалдарын немесе жаңа кәсiпорындарын құруға хұқы бар.<*>
      Ескерту. 12-бапқа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.13.
N 1327 қаулысымен.
      13-бап.  Шетел инвесторлары "Маңғыстау" ЕЭА аумағында инвестицияларын:
      - Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiмен бiрлесiп ұйымдастырылған кәсiпорындарға үлес қосып қатысу;
      - өздерiне түгелiмен тиесiлi кәсiпорындар мен олардың филиалдарын құру;
      - мүлiктер, акциялар мен басқа да бағалы қағаздар сатып алу;
      - жердi пайдалану хұқысын, оның iшiнде қосалқы жалгерлiк хұқты ұзақ мерзiмдi жалгерлiк туралы келiсiм негiзiнде алу жолымен жүзеге асыра алады.
      "Маңғыстау" ЕЭА аумағында банкi және сақтандыру салаларында шетел инвестициялары бар кәсiпорындар құруға рұқсат етiледi.
      ЕЭА аумағындағы шетел инвестицияларының заттық мәнi шаруашылық қызметiн жүзеге асыруға арналған мүлiктiк хұқ пен табиғи ресурстарды пайдалану хұқын алған өнеркәсiптiк және басқа да кәсiпорындар, үйлер, ғимараттар, өзге де мүлiктер, кәсiпорындардың мүлiктерiндегi үлестер, акциялар мен басқа да тауар белгiлерi, ноу-хау мен фирмалық атаулар болуы мүмкiн.
      14-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағындағы шетелдiк инвестициялар Қазақстан Республикасының Үкiметi тарапынан хұқықтық жағынан қорғалуын пайдаланады. Олардың режимдерi Қазақстан Республикасының заңды ұйымдары мен азаматтарының мүлiктерi мен мүлiктiк хұқтарына арналып белгiленген тиiстi режимдерден қолайсыз болмауы тиiс.
      Аймақ аумағындағы шетелдiк заңды ұйымдардың меншiк хұқысының кепiлдiгiн "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi шарт негiзiнде кепiлдi валюта қорын құру жолымен, сондай-ақ оның меншiгiнде тұрған мүлiктердi кепiлге беру жолымен қамтамасыз етедi.
      15-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-да бар немесе құрылатын кәсiпорындар, сондай-ақ ЕЭА аумағынан тыс жерде тұрған кәсiпорындардың аймақта бар немесе құрылатын филиалдары, бөлiмшелерi мен өкiлдiктерi заңда белгiленген тәртiппен тiркеуiне жатады.<*>
      "Маңғыстау" ЕЭА аумағында заңды ұйым құрмастан ұдайы жекелей еңбек қызметiн жүзеге асыратын азаматтар заңда белгiленген тәртiппен кәсiпкерлер ретiнде тiркеледi.<*>
      ЕЭА-да жаңадан құрылатын кәсiпорындар, филиалдар, бөлiмшелер, өкiлдiктер, қоғамдық және өзге де ұйымдар заңда белгiленген тәртiппен тiркелгеннен кейiн заңды ұйым хұқысына ие болады.<*>
      (4-шi бөлiк). <*>
      "Маңғыстау" ЕЭА аумағына тiркелген заңды ұйымдар, жеке адамдар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер "Қазақ КСР-iндегi экономикалық аймақтар туралы" Заңмен және осы Ережемен берiлген барлық хұқықтарды пайдаланады.
      Ескерту. 15-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.13.
N 1327 қаулысымен.
      16-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының заңдарында, осы Ережеде көзделген немесе құрылтай (тiркеу) құжаттарында баянды етiлген мiндеттемелерiн бұзған жағдайларда аймақ аумағындағы заңды ұйым қызметiн тоқтату туралы шешiм қабылдауға хұқылы.<*>
      Ескерту. 16-баптан сөздер алынып тасталды - ҚРМК-нiң 1995.10.13. N 1327 қаулысымен.
      17-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында тiркелген, Қазақстан Республикасының тiкелей басқаруында болмайтын заңды ұйымдар дербес әрi заңды ұйымдардың ведомстволық және өзге де бағыныстылығынан тәуелсiз болып табылады.
      "Маңғыстау"ЕЭА-дағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер өздерiнiң шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi үшiн толық жауап бередi.
      Аймақ аумағында Қазақстан Республикасы, халық депутаттарының облыстық және жергiлiктi Кеңестерi аймақта өз қызметiн жүзеге асыратын шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мiндеттемелерi бойынша қаржылық жауап бермейдi.
      18-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-да орналасқан немесе тiркелген экономикалық субъектiлердiң шаруашылық қарым-қатынастары келiсiм-шарт негiзiнде құрылады.
      ЕЭА шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi өндiрiстiк бағдарламаны дербес өзi қалыптастырады және өндiрiлген өнiмдердi (қызметтi) өткiзедi. Өзi шығарған өнiмдер, егерде Қазақстан Республикасының мемлекетаралық келiсiмдерiнде өзгеше көзделмесе, оны өндiрушiлердiң толықтай иелiк етуiне келiп түседi.
      ЕЭА-да Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң келiсiмiмен iс қағаздарын жүргiзу мен бухгалтерлiк есепте халықаралық стандартты қолдануға жол берiледi.
      19-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында тiркелген шаруашылық жүргiзушi субъектiлер коммерциялық делдалдықты қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызметтi өздерi дербес жүзеге асырады, меншiк нысанына қарамастан отандық және шетелдiк инвесторларды қатыстыра отырып бiрлескен кәсiпорындар құру мәселесiн шешедi.
      20-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi барлық азаматтардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының және ЕЭА аумағында жұмыс iстейтiн басқа да мемлекеттердiң кәсiпорындарының, ұйымдары мен мекемелерiнiң заңды мүдделерi мен хұқықтарының сақталуына кепiлдiк бередi. Мемлекеттiк мүлiкке айналдыруға, сондай-ақ заңға негiзделмеген инвестицияларды ықтиярсыз қайтарып алу жөнiндегi шараларға жол берiлмейдi. Сонымен қатар, инвестордың өз мiндеттемелерiн өтегенге дейiн оның әкету хұқығын уақытша тоқтата тұрудан басқа, инвесторлық мүлiктерiн шектеуге немесе пайдаланбауына жол берiлмейдi. Ықтиярсыз қайтарып алу тек қана сот шешiмiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      21-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында тiркелген шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге, шаруашылық режимiн өзгерткен жағдайларда, тiркеу кезiндегi тиiстi шарттар негiзiнде қызметiн бiр жыл бойы жалғастыру хұқына кепiлдiк берiледi.
      22-бап.  Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердiң заңды ұйымдары мен азаматтарына ЕЭА аумағында олардың жүзеге асыратын қызметiне лауазымды адамдардың, мемлекеттiк және өзге де органдардың негiзсiз араласуы нәтижесiнде келтiрiлген зияндары соттың немесе төрелiк соттың шешiмiмен осы органдардың немесе лауазымды адамдардың өтеуiне жатады.
      23-бап.  ЕЭА-да жұмыс iстеушi шетелдiк инвесторларға өздерiнiң пайда түрiнде, сондай-ақ шетелдiк инвестициялары бар кәсiпорын одан шыққанда немесе таратылғанда оның жарғылық қорындағы үлесiн түгел немесе бiр бөлiгiн сатуға байланысты алған сомасын шет елдерге аударуына немесе тиiстi валютада төлем жасауына кепiлдiк берiледi.
      Шетел инвесторларының "Маңғыстау" ЕЭА аумағындағы қызметi нәтижесiнде ұлттық валютадағы алған пайдасы аймақ аумағында қайтадан еркiн инвестицияға түсiрiлiп пайдаланылуы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен осы Ережеде көзделген тәртiппен шет елге аударылуы мүмкiн.
      24-бап. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi арасындағы даулар Қазақстан Республикасының сот және төрелiк сот органдарында немесе тараптардың келiсуi бойынша аралық сотта қаралады.
      25-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-да тiркелген отандық және шетелдiк инвесторлар мүлiкке қосалқы жалгерлiк хұқ пен мүлiктiк хұқты және жалгерлiк келiсiмге қол қоюшы жақтардың немесе олардың заңды мұрагерлерiнiң өзара келiсуi бойынша пайдалану хұқын беруге хұқы бар.
      Отандық және шетелдiк инвесторлармен жердi және басқа да табиғи ресурстарды, үйлердi, ғимараттарды, жабдықтарды, өнеркәсiптiк және басқа да кәсiпорындарды пайдалануға арналған жалгерлiк келiсiмдi қайта қарауға тек қана келiсiмге қол қойған жақтардың немесе олардың заңды мұрагерлерiнiң өзара келiсiмi бойынша, не болмаса соттың немесе төрелiк соттың шешiмi бойынша жол берiледi.
      26-бап.  Инвесторлардың өз мүлiктерiн де пайдалану хұқы, оның iшiнде заемдық валюта қаржысын тарту Қазақстан Республикасының "Кепiл туралы" Заңына сәйкес мiндеттемелердiң барлық түрiн кепiлдiк қамтамасыз ету ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
      27-бап.  Әкiмшiлiк кеңестiң аймақта тiркелген, шаруашылық және басқа коммерциялық қызметтi жүзеге асырушы отандық және шетелдiк заңды ұйымдарға, азаматтарға белгiленген тәртiп бойынша жеңiлдiктер:<*>
      - негiзгi өндiрiстiк қорлардың жекелеген топтары бойынша жеделдете (жылына 20 процентке дейiн) амортизациялау нормасына рұқсат беруге;
      - жердi және сатып алған жылжымайтын мүлiктi пайдаланудың төмен ставкаларын, сондай-ақ коммуналдық және көлiк қызметiн көрсету тарифтерiн енгiзуге;
      - жаңа жұмыс орындарын құруға, жергiлiктi зерттеу мекемелерiмен ынтымақтасып бiрлескен ғылыми-iздестiру жұмыстарын жүргiзуге арналған субсидия беруге;
      - "Маңғыстау" ЕЭА-да орналасқан банкiлер мен басқа да заңды ұйымдардан алынатын заемдар мен несиелер бойынша кепiлдiктер беруге;
      - жаңа кәсiпорындар салуды тiкелей қаржыландыру үшiн облигациялар шығаруға рұқсат етуге;
      - инфрақұрылым объектiлерiн жеңiлдiкпен немесе тегiн пайдалануға рұқсат етуге;
      Ескерту. 27-баптың бiрiншi абзацынан сөздер алып
тасталған, үшiншi, тоғызыншы, оныншы абзацтары алынып тасталған -
ҚРМК-iнiң 2.08.1995 ж. N 1069 қаулысымен.
      28-бап.  Әкiмшiлiк кеңес "Маңғыстау" ЕЭА аумағындағы барлық басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң орындауына мiндеттi, Қазақстан Республикасының тиiстi заң және нормативтi актiлерiмен белгiленген табиғатты пайдалану, айналадағы табиғи ортаны қорғау тәртiбi, санитарлық-гигиеналық және жұқпалы ауруларға қарсы ереженiң, зиянды заттардың радиацияның, тербелiстiң, шудың және т. б. жол берiлетiн шектi деңгейi сақталуын "Маңғыстау" ЕЭА аумағында қамтамасыз етедi.
     Табиғатты пайдалануға байланысты шаруашылық шешiмдерiн қабылдаудың алдында жобаларға мемлекеттiк экологиялық,
санитарлық-гигиеналық сараптау немесе тиiстi ресурстық негiздемелер жүргiзiлуi тиiс.
     29-бап.  Меншiк нысанына қарамастан "Маңғыстау" ЕЭА аумағында орналасқан кәсiпорындарға, ұйымдарға, мекемелерге Қазақстан Республикасының Мемстаткомы бекiткен мемлекеттiк статистикалық есеп
беру қолданылады және оны табыс ету ақпаратты жiберушiнiң қаржысы  есебiнен жүзеге асырылатын мемлекеттiк ақпарат салығы болып саналады.

         4 бөлiм. "Маңғыстау" ЕЭА-дағы меншiк
             қатынастары және жекешелендiру
                        шарттары

      30-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында меншiктiң барлық нысандары заң жүзiнде мойындалып, қорғалады, оларды, тең хұқылығы қамтамасыз етiледi.
      ЕЭА аумағындағы жер сатуға жатпайды. Әкiмшiлiк кеңесi шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге жер мен басқа да табиғи ресурстарды пайдалану және жалға алу хұқын беру тәртiбiн анықтайды.
      31-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында тұрған, Қазақстан Республикасының меншiгiндегi және тiкелей басқаруындағы мемлекеттiк меншiк объектiлерiнiң (республиканың темiр жол, әуе, теңiз және магистральды труба құбыры көлiгi, бiрыңғай энергия жүйесiнiң элементтерi), сол сияқты мемлекет иелiгiнен алуға және жекешелендiруге жатпайтын объектiлердiң жұмыс iстеуiн ЕЭА-ның әкiмшiлiк кеңесi тиiстi республикалық басқару органдарымен ынтымақтастық шарттары негiзiнде үйлестiрiп отырады.
      32-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiнiң аймақ аумағындағы республикалық меншiк объектiлерiн мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi әзiрлейтiн жалпыреспубликалық бағдарламаға енгiзуге хұқы бар.
      ЕЭА аумағында орналасқан мемлекет меншiгiндегi объектiлердi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процесiнде алынған қаржы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бөлiнедi.
      Жекешелендiру барысында Қазақстан Республикасына тиесiлi акцияларды (жарналарды) сатудан алынған қаржыны тиiмді әрi нысаналы пайдалану мақсатында "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуiмен оларды арнайы құрылған ЕЭА экономикалық және әлеуметтiк даму қорына, сондай-ақ ЕЭА-ның кепiлдi валюталық қорына iшiнара шоғырландыра алады.
      33-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi негiзгi мақсаты ЕЭА аумағы шегiнде табиғи ресурстарды шаруагерлiкпен игеру болып табылатын қор корпорациясын құра алады. Корпорация Қазақстан Республикасының заңдары жол беретiн шеңберде шаруашылық қызметiнiң барлық түрiн жүзеге асырады. Қор корпорациясы акциясының бақылау пакетiне Қазақстан Республикасы ие болады. Акцияның бақылау пакетiне иелiк ету хұқы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсуiмен "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiне берiледi.
      Корпорация өз қызметiн жүзеге асыру үшiн отандық және шетелдiк заемдық қаржыларды тартып, Қазақстан Республикасында және одан тысқары жерлерге орналастыру үшiн акциялар мен облигациялар шығарады, инвестициялық қызмет атқаруды жүзеге асырады және кәсiпорындар мен банкiлердi құрады немесе құруға қатысады. Оның ақша қаржысынан, жер учаскелерiнен, құрылыстарынан, жабдықтардан, басқа да материалдық игiлiктер мен хұқықтардан тұратын материалдық қорды қалыптастыруға және оларға дербес иелiк етуге хұқы бар.
      Корпорацияның қаржылық операциясын, сондай-ақ бағалы қағаздармен жасайтын операциясын Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң "Маңғыстау" еркiн экономикалық аймағындағы тиiстi бөлiмшесi бақылайды және реттеп отырады.
      34-бап. "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi "Кен қойнауы және минералды шикiзатты ұқсату туралы" Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес аймақ аумағындағы табиғи ресурстар кенi орындарын барлау мен игерудiң реттелуiн қамтамасыз етедi.
      35-бап. "Маңғыстау"ЕЭА аумағында жер учаскелерiн пайдалануға, сондай-ақ табиғи ресурстарды барлау мен игеруге байланысты шаруашылық қызметi аймақтың әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiп бойынша беретiн рұқсат (лицензия) негiзiнде жүзеге асырылады.
      Аталған лицензияларда игерушi кәсiпорындардың салықтары мен басқа да төлем түрлерi мен мөлшерiн қоса алғанда пайдалы қазбалар кен орындарын игерудiң нақты шарттары ескерiледi. Кен қойнауы үшiн ақы мөлшерiн анықтаған кезде геологиялық-барлау жұмыстарына және минералды шикiзат базаларын ұлғайта дамытуға жұмсалған шығындарға өтем жасау ставкасы ескерiледi.
      36-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi ЕЭА аумағындағы табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы шаруашылық қызметтi реттеу тәртiбiн бекiтедi онда:
      түрлi деңгейдегi басқару органдарының кен қойнауына жiберу және оны пайдалану тәртiбiнде қарама-қайшылық пен айқынсыздықты болдырмайтын құзырын дәл межелеп беру;
      шетел инвесторларын қоса алғанда барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, алдын ала ескертiлгеннен басқа реттерде табиғи ресурстарды iздестiру, барлау және пайдалану хұқын алуға тең жол берiлуi;
      республикада белгiленген нормативтiк-әдiстемелiк құжаттамаға, сондай-ақ әлемдiк практикаға сәйкес анықталатын төлемдердiң мөлшерi
мен түрлерi көзделедi.

           5 бөлiм. САЛЫҚ САЛУ, ВАЛЮТАЛЫҚ ЖӘНЕ
                     ҚАРЖЫ-КРЕДИТ МЕХАНИЗМI

      37-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiне
бағынатын салық қызметi жұмыс iстейдi, салық операциясының барлық түрiн жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының салық жүйесi
iс-әрекет жасайды. Аймақ аумағында салық заңдарының сақталуына бақылау жасауды әкiмшiлiк кеңеспен қатар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық қызметiнiң органдары жүзеге асырады.
      Ескерту. 37-баптың екiншi және үшiншi абзацтары алынып
тасталған - ҚРМК-iнiң 2.08.1995 ж. N 1069 қаулысымен.
     38-бап.<*>
     39-бап.<*>
     Ескерту. 38, 39-баптар алынып тасталған - ҚРМК-iнiң
2.08.1995 ж. N 1069 қаулысымен.
     40-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-ның өз алдына дербес бюджетi мен төлем
балансы болады.
     "Маңғыстау" ЕЭА-ы Қазақстан Республикасының қаржы мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, сол сияқты республика да "Маңғыстау" ЕЭА-ның және оның аумағында тiркелген заңды ұйымдар мен жекелей еңбек қызметiмен шұғылданатын азаматтардың мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
      41-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында тiркелген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мiндеттемелерiне кепiлдiк берудi аймақтың әкiмшiлiк Кеңесi, өкiлеттi банктер, қаржы компаниялары, заңды ұйымдардың құрылтайшылары жүзеге асырады.
      42-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА бюджетiнiң кiрiс бөлiгi "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңға, сондай-ақ оның ережелерiне қайшы келмейтiн "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесi туралы", "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесi туралы" заңдары мен басқа да тиiстi заңдарға сәйкес қалыптастырылады. Аймақ бюджетiне түсiмдер мен төлемдердi реттеу механизмiн "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң бөлiмшесiмен бiрлесе отырып белгiлейдi.
      "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен бiрыңғай нысан мен әдiстемелiк бойынша бюджеттiң атқарылуы туралы қажеттi ақпараттың, жедел және бухгалтерлiк есеп-қисаптың табыс етiлуiн қамтамасыз етедi.
      43-бап.  Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі банкті тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банкті ашуға берген рұқсатының негізінде жүзеге асырады. <*>
      Ескерту. 43-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 1996.02.15
N 209 қаулысымен .
      44-бап. "Маңғыстау" ЕЭА-дағы ақша айналымының тұрақтылығын қамтамасыз ету, несие-қаржы жүйесi қызметiне кешендi әрi тиiмдi бақылау жасау және басқару үшiн аймақ аумағында Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң бөлiмшесi жұмыс iстейдi, ол өз қызметiнде тек қана Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсiне есеп бередi. <*>
      Ескерту. 44-бап өзгерді - ҚР Үкіметінің 1996.02.15 N 209 қаулысымен .
      45-бап.  Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң бөлiмшесi аймақ аумағында шетелдiк банкiлердiң бөлiмшелерi мен фирмаларын және шет елдер қатысатын банктердi қоса алғанда банкiлер мен басқа да несиелiк мекемелердi тiркеудi белгiленген тәртiп бойынша жүзеге асырады.
      46-бап.  Коммерциялық банкiлер мен шет елдер қатысатын банкiлердiң қызметiне Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң бөлiмшесi "Қазақ КСР-iндегi банктер және банк қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген тәртiппен лицензия бередi.
      47-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-ның iшкi нарығында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы айналыста болады.
      Шет ел валютасын және шет ел валютасындағы төлем құжаттарын пайдалануға аймақтың әкiмшiлiк кеңесiнiң келiсуiмен Қазақстан Республикасының Ұлттықмембанкi белгiлеген тәртiппен жол берiледi.
      48-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-ның шет мемлекеттермен есеп айырысуы тараптардың келiсуi бойынша кез-келген валютамен жүргiзiледi.
      49-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында шет ел валютасының қолма-қолсыз түрде сатып алу мен есеп айырысуды жүзеге асыру хұқы аймақ аумағында тiркелген, жұмыс iстейтiн және тұратын барлық заңды ұйымдар мен азаматтарға қолданады.
      50-бап.<*>
      Ескерту. 50-бап алынып тасталған - ҚРМК-iнiң 2.08.1995 ж.
N 1069 қаулысымен, 40-66-баптар тиiсiнше 38-63-баптар болып саналсын.

      6 бөлiм. "Маңғыстау" ЕЭА-дағы кедендiк режимнiң
                және Қазақстан Республикасының басқа да
                аймақтарымен және шет ел мемлекеттерiмен
                тауар айырбасының негiздерi

      51-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында айрықша кедендiк режимi әрекет жасайды.
      "Маңғыстау" ЕЭА аумағында кедендiк бақылауды жүзеге асыру үшiн аймақтың әкiмшiлiк кеңесiне бағынатын арнаулы кеден басқармасы құрылады.
      ЕЭА-ның кеден басқармасының қызметi "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңмен, Қазақстан Республикасының оған қайшы келмейтiн заңдарымен реттеледi және де "Маңғыстау" ЕЭА бюджет қаржысымен қаржыландырылады.
      52-бап.  "Маңғыстау"ЕЭА-ның аумағында, одан тыс жерлерде тұратын отандық және шетелдiк шаруашылық жүргiзушi субъектiлер арасындағы тауар мен көрсетiлген қызмет айырбасы Қазақстан Республикасының заңдарымен жол берiлетiн кез келген тауар айырбасы операциясы нысандарында жүзге асырылады.
      "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi аймақтан қосымша ұқсатусыз әкетiлетiн шикiзат тауарларының тiзбесi мен квотасын белгiлеуге хұқылы.
      53-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағына тауар әкелу мен қызмет көрсету, тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет аумақ пен халыққа қатер төндiретiннен, экологиялық және техникалық стандартқа сәйкес келмейтiннен, азаматтардың денсаулығына, көңiл-күйiне, мәдени және табиғи ескерткiштердiң сақталуына хауiп төндiретiннен басқа жағдайда шектеуден босатылады.
      54-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында өндiрiлген тауарлардың экспорты, шығарылуы Қазақстан Республикасының үкiметаралық келiсiмдерiмен шектелген тауарлардан басқасы, квоталау мен лицензиялаудан босатылады.
      55-бап.  Аймақта пайдалануға арналған тауарлар мен көрсетiлетiн қызмет импорты, әкелiнуi арнаулы ереже және Қазақстан Республикасының үкiметаралық келiсiмдерi бойынша жүзеге асырылатын тауарлардан (көрсетiлетiн қызметтен) басқасы, квота мен лицензиядан босатылады.
      Импортталатын тауарларды Қазақстан Республикасының өзге аймағы мен басқа да мемлекеттердiң аумағына кейiннен қайта экспорттау жалпы негiзде жүзеге асырылады.
      Аймақ аумағы бойынша темiр жол, әуе және теңiз көлiгiмен жүзеге асырылатын транзит жүктер мен жолаушылар тасымалы, сондай-ақ көрсетiлетiн байланыс қызметi, электр энергиясын тұтыну Қазақстан Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен тарифтер бойынша төленедi және аймақтың әкiмшiлiк кеңесi белгiлеген салықтар мен кеден баж салығы салынбайды.
      "Маңғыстау" ЕЭА аумағы арқылы Қазақстан Республикасының өзге өңiрi аумағына өткiзiлетiн тауарлардың экспорты мен импорты нендей бiр кеден баж салығынсыз жүзеге асырылады.

                 

 7 бөлiм. "Маңғыстау" ЕЭА-дағы
                         еңбек қатынастары

      56-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-да Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңдары ережелерiнiң "Қазақ КСР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Заңға қайшы келмейтiн бөлiгi қолданылады.
      57-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында тiркелген және өз қызметiн жүзеге асыратын заңды ұйымдар мен басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлер аймақтың кәсiпорындарда жұмыс iстеуi үшiн оның әкiмшiлiк кеңес белгiлейтiн басым тәртiппен жергiлiктi еңбек ресурстарын тартады және еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып оларды оқытуға және мамандыққа қайта даярлауға қатысады.
      Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуға және мамандыққа қайта даярлауға бағытталған пайданың бiр бөлiгi "Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесiнiң шешiмiмен салықтан босатылуы мүмкiн.
      58-бап. "Маңғыстау" ЕЭА кәсiпорындарында, әлеуметтiк кепiлдiктер мен өтем жасау мәселелерiн қоса алғанда, еңбек қатынастары ұжымдық шарттарымен (контракттармен) реттеледi.
      Ұжымдық және жеке еңбек шарттарының талаптары Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген талаптармен салыстырғанда "Маңғыстау" ЕЭА аумағында тiркелген және жұмыс iстейтiн кәсiпорындар мен ұйымдар жұмысшыларының жағдайын нашарлатпауы тиiс.
      Қызметкерлердiң еңбекақысы, сондай-ақ басқа да табыс түрлерiнiң шарттары мен мөлшерiн өз қызметiн шаруашылық есеп негiзiнде дербес асыратын кәсiпорындар мен ұйымдар өз қаржысы есебiнен; бюджеттегi ұйымдар мен мекемелер - "Маңғыстау" ЕЭА-ның бюджетi мен жергiлiктi бюджет қаржысы есебiнен белгiлейдi.
      Кәсiпорындардың шет ел қызметкерлерiне ақы төлеу, демалыс беру, зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi жекелеген контракттарымен анықталады. Осы қызметкерлердiң шет ел валютасымен алған табыстарын олар шет елге ешбiр бөгеусiз аудара алады.
      59-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА аумағында тiркелiп, жұмыс iстейтiн заңды ұйымдардың өздерi құрайтын валюта қоры есебiнен жұмысшылар мен мамандарға шетелдiк валютамен жалақы төлеуге хұқы бар, ЕЭА банкiлерiндегi арнаулы есепшотқа аударылады және аймақтың мамандандырылған дүкендерiнде пайдалану үшiн бәсiре чектер, несиелiк кәртiшкелер мен басқа да төлем қаржыларын беру жолымен төленедi, сондай-ақ осы есепшот иелерiне шет елге кеткен кезiнде қолма-қол берiледi.
      60-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-да индекстелген ең аз мөлшердегi жалақы, жергiлiктi зейнетақы, жәрдемақы, дотация, стипендия мен әлеуметтiк қамсыздандырудың басқа да түрлерi белгiленедi, олар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленгеннен төмен болмауы тиiс.
      Қосымша үстемеақының мөлшерiн әкiмшiлiк кеңесi белгiлейдi және ол "Маңғыстау"ЕЭА бюджетiнiң қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
      61-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-да жалақысына аудандық коэффициенттер белгiленген жерлерде тұратын азаматтар үшiн жеңiлдiктер сақталады.
      Осы жеңiлдiктердi қаржыландыру белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      62-бап.  Кәсiпорын қысқартылуына немесе таратылуына (қайта
құрылуына) байланысты жұмыстан шығарылған жағдайда ЕЭА жұмысшылары мен қызметшiлерiне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жәрдемақы төленедi.
      Жұмыссыздық жөнiндегi жәрдемақыны тағайындау шарттары мен төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
"Маңғыстау" ЕЭА әкiмшiлiк кеңесi белгiлейдi.

          8 бөлiм. "Маңғыстау" ЕЭА-дағы келумен
                   кету режимi

      63-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-да шет ел азаматтарының келуiнiң, кетуi мен болуының жеңiлдетiлген режимi қолданылады.
      64-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА-да тiркелген заңды ұйымдардың қызмет бабымен ешқандай бөгетсiз шет ел азаматтарын шақыру және өз қызметкерлерiн шет елдерге iссапарға жiберу жөнiнде дербес шешiм қабылдауға хұқы бар.
      "Маңғыстау" ЕЭА-да тiркелген заңды ұйымдардың өкiлдерi және оның аумағында тұратын азаматтар аймақ аумағына емiн-еркiн келу хұқымен пайдаланады.
      65-бап.  Хұқық қорғау органдарының қызметi "Маңғыстау" ЕЭА аумағында Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

           9 бөлiм. "Маңғыстау" ЕЭА мәртебесiн өзгерту
                     және қызметiн тоқтату

      66-бап.  "Маңғыстау" ЕЭА мәртебесiн өзгертудi, сондай-ақ оны таратуды Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi жүзеге асырады.