Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының зейнеткерлерi үшiн белгiленген зейнетақы мөлшерiн арттыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 27 қазан N 901. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.12.25. N 1620 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының зейнеткерлерiн әлеуметтiк қорғауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының жеке адам құрамының ақшалай қамтамасыз етiлуiн арттыру туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi N 581 қаулысына сәйкес белгiленген ақшалай үлестiң орташа деңгейiне

 

сүйенiп, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамы мен

олардың отбасы мүшелерiне бұрын тағайындалған зейнетақы мөлшерi

1992 жылғы 1 тамыздан бастап арттырылсын.

     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған

санаттағы адамдарға және олардың отбасы мүшелерiне зейнетақыны

арттырылған мөлшерде төлеудi қамтамасыз ету үшiн қосымша қаржы

бөлсiн.

            Қазақстан Республикасының

              Премьер-министрi