Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң санаторийлерiне жолдаманың құнын бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 26 қазан 1992 ж. N 896

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiне қарасты санаторийлерге тiркелген адамдарға, өзге ұйымдарға және жеке адамдарға сатуға арналған жолдамалардың құны N 1 және 2 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң бастығына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң санаторийлерiнде шет ел азаматтарының тұру құнын сом және доллар есебiмен белгiлеу хұқы берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi санаторийлерiне жолдамалардың құнын бекiту туралы" 1992 жылғы 16 шiлдедегi N 602 қаулысы 1-тармағының күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi
                                           Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 26 қазандағы N 896 қаулысына N 1, 2 қосымша