Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бiрлестiктерi, кәсiпорындары мен ұйымдары қызметкерлерiнiң қызмет бабындағы iссапарлары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 22 қазан N 892. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000.09.22. N 1428 қаулысымен. ~P001428

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Iссапарға шыққан қызметкердiң:
      тұрғын жайды жалдағаны және жол жүргенi үшiн шығыстары тапсырған құжаттарының негiзiнде өтеледi;
      жол жүру билеттерi мен мейманханадағы орындарды брондау, сондай-ақ поездарда төсек орынды пайдалану құнын растайтын құжаттары болған жағдайда өтелетiн шығыстарға кiргiзiледi;
      қызметкерлер белгiленген тәртiппен тегiн тұрғын жаймен пайдаланған кездерден басқа жағдайларда тұрғын жайды жалдау жөнiндегi шығысы құжаттары берiлмеген реттерде қызмет бабындағы сапарға, "сондай-ақ монтаждау, реттеу және құрылыс жұмыстарын орындауға барғанда берiлетiн тәулiктiк нормасының 50 процентi мөлшерiнде өтем жасалады;
      iссапар орнына дейiн және қайтадан тұрақты жұмыс орнына дейiн жол жүру құжаттары болмаған жағдайда шығысы әуе, темiр жол, су және жалпы пайдаланымдағы автомобиль көлiгiнiң (таксиден басқаларының) ең төменгi құны бойынша өтеледi; <*>
      Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшыларына қызмет бабындағы iссапарларға жiберiлген бiрiншi басшылар мен олардың орынбасарларынан басқа қызметкерлерге қымбат тұрғын жайды ("Жоғарғы-А" разрядты мейманханалардың жоғарғы санаттағы номерлерiн, "Люкс"номерлерiн) жалдауына байланысты шығыстарды өтеуге тыйым салынсын;
      қымбат тұрғын жайды жалдау шығыстарын ерекше жағдайларда бiрiншi басшының жазбаша рұқсатымен өтеуге болады. <*>
      Ескерту. 1-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды. Қ.Р.М.К. қаулысы
               1994 ж. 15 тамыз, N 906.
       <*> (4-абзацта Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 қаңтардағы N 27 қаулысы бойынша түзету енгiзiлдi).
       <*> (осы қаулының 6-абзацының күшi жойылған деп танылсын. (Қазақстан Республикасының 1993 ж., 23 қарашадағы N 1175 қаулысына сәйкес).
     2. Мемлекеттiк бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерi iссапарға бiрлестiктер, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшыларының рұқсатымен жiберiледi. Бұл ретте бағыныстылық тәртiбi бойынша жоғары тұрған ұйымға iссапарға жiберу осы ұйымның басшысының шақыруы бойынша немесе онымен арадағы келiсiм бойынша жүзеге асырылады.
      3. Қызметкерлердiң iссапарының мерзiмiн бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары белгiлейдi, бiрақ оның мерзiмi жол жүрген уақытын санамағанда 40 күннен аспауға тиiс.
      Қызметкерлердiң Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарын немесе басқа да мемлекеттiк және шаруашылық басқару органдарына, сондай-ақ ТМД мемлекеттерiнiң астаналарына iссапарларының мерзiмi жол жүрген уақытын санамағанда 5 күннен аспауға тиiс. Iссапар мерзiмiн айрықша жағдайларда осы басқару органы басшысының жазбаша рұқсатымен 5 күннен аспайтын уақытқа ұзартуға жол берiледi. Тексерулер мен тексерiстер жүргiзуге арналған iссапарларының ұзақтығы осы тармақтың 1 парасына сәйкес анықталады.
      Жөндеу кәсiпорындары қызметкерлерiнiң iссапарларының мерзiмi 3 айдан аспауы керек. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ толықтырылды - ҚРМК-нiң 1993.08.25. N 728
               қаулысымен.
      4. Министрлiктер мен ведомстволар, бiрлестiктер, кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар басшыларының қызмет бабындағы iссапарларына арналған қаржылардың дұрыс әрi үнемдi жұмсалуы үшiн жауапкершiлiгi арттырылсын, осы мақсаттарға арналған қаржыны заңсыз немесе ысырапқорлықпен жұмсағаны үшiн кiнәлi лауазымды адамдар тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке тартылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Қаржы министрлiгiнiң қатысуымен екi ай мерзiмде қолданылып жүрген нормативтiк актiлерге осы қаулыдан туындайтын өзгерiстердi енгiзу туралы ұсыныстар әзiрлеп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсырсын.

                Қазақстан Республикасының
                    Премьер-министрi