Халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн бiрыңғай тариф кестесi негiзiнде еңбекке ақы төлеудiң жаңа шарттары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 20 қазан N 888. Ескерту. ҚРМК-нiң 28 сәурдегi 1994 ж. N 439 қаулысын көтеру керек. Ескерту. 1994 жылдың 1 шiлдесiнен бастап дәрiгерлердiң орта және кiшi медицина қызметкерлерiнiң лауазымдық окладтары (ставкалары) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн. Бiрыңғай тариф кестесi негiзiнде еңбекке ақы төлеудiң жаңа шарттары туралы 1992 жылғы 20 қазандағы N 888 қаулысымен енгiзiлген Бiрыңғай тариф кестесiнiң тиiстi разрядтарынан бiр разрядқа жоғары көтерiлсiн - ҚРМК-нiң 15 маусым 1994 ж. N 634 қаулысымен өзгерiстер енгiзiлген. Ескерту. Осы қаулыда көзделген еңбекке ақы төлеудiң шартарры ҚМЭБИ-ның (Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының) қызыметкерлерiне қолданылсын - бұл өзгерiстер ҚРМК-нiң 21 маусым 1994 ж. N 696 қаулысымен енгiзiлген. Ескерту. Осы қаулысында көзделген еңбекке ақы төлеу шарттары Мектептiң профессор-оқытушы кұрамы мен басқа да қызметкерлерiне қолданылсын - ҚРМК-нiң 1995 ж. 11 қантардағы N 35 қаулысына сәйкес. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.01.09. N 31 қаулысымен.

Күшін жойған

      Халық шаруашылығы салаларында қолданылып жүрген жалақыны ұйымдастыру принциптерi экономиканы орталықтан басқарудың құрамды бөлiгi ретiнде қалыптасқан және қазiргi кезеңде еңбекке ақы төлеу жүйесi оны қолдану өрiсiн бағалауда нақты айырмашылықтарды бейнелеуден қалды, еңбек ресурстарын қалыпты ұдайы өндiрудi қамтамасыз етпейдi және еңбектi қуаттауда өзiнiң маңызын жойды. Күрделiлiгi тең еңбекке ақы төлеуде салааралық бiр iздiлiк қамтамасыз етiлмейдi.
      Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң "Ең төменгi жалақы және еңбекке ақы төлеу саласындағы мемлекеттiк әлеуметтiк кепiлдiктер туралы" Қазақ КСР-iнiң Заңын күшiне енгiзу туралы" қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық санаттары үшiн Бiрыңғай тариф кестесi енгiзiлсiн.
      Халық шаруашылығының барлық салалары үшiн ортақ:
      N 1 қосымшаға сәйкес қызметкерлердiң бiлiктiлiк топтары бойынша сараланған разрядаралық тарифтiк коэффициенттер;
      N 2 қосымшаға сәйкес қызметкерлердiң барлық санаттары үшiн Бiрыңғай тариф кестесiн қолданудың негiзгi шарттары бекiтiлсiн.
      Бiрыңғай тариф кестесiн құру, халық шаруашылығының барлық салалары қызметкерлерiнiң тарифтiк ставкалары мен лауазымдық окладтарын есептеу үшiн бастапқы негiз жалпы республика бойынша заң жүзiнде тағайындалған ең төменгi жалақы мөлшерi болып белгiленсiн.
      Бiрыңғай тариф кестесi және разрядаралық коэффициенттер негiзiнде есептелген тарифтiк ставкалар мен лауазымдық окладтар еңбекке ақы төлеудiң кепiлдi ең төменгi дәрежесi болып тағайындалсын және тарифтiк келiсiмдер мен ұжымдық шарттар жасасуда негiз болып белгiленсiн.
      Ескерту. 1-тармағының үшiншi абзацы қызметкерлердiң бiлiктiлiк
               топтары бойынша сараланған разрядаралық тарифтiк
               коэффициенттерге қатысты жерi - күшi жойылған
               Қ.Р.К.М. 1994 ж. 15 қарашадағы N 1289 қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, корпорациялары, концерндерi, қауымдастықтары, жергiлiктi әкiмшiлiктердiң басшылары, меншiктiң барлық түрлерiндегi бiрлестiктер, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер Бiрыңғай тариф кестесiн енгiзу, қызметкерлердiң кәсiбiне, мамандығына, атқарып жүрген жұмыстарының күрделiлiгi мен жағдайларына қарай олардың тарифтiк ставкалары мен лауазымдық окладтарының нақты мөлшерлерiн талдап жасау жөнiнде дайындық жұмыстарын жүргiзетiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қазақстан Республикасының Ғылым академиясымен және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен келiсе отырып, 1993 жылғы 1 қаңтарға дейiн салалық коэффициенттерi әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      4. Осы қаулыда көрсетiлген Бiрыңғай тариф кестесiнiң коэффициенттерi негiзiндегi ставкалар мен еңбекке ақы төлеудiң басқа шарттары мына мерзiмдерде енгiзiлетiн болып тағайындалатын болсын:
      - халыққа бiлiм беру және денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру және мәдениет, архив мекемелерi, ғылым және ғылыми қызмет көрсету және бюджеттен қаржыландырылатын басқа да ұйымдар мен мекемелердiң қызметкерлерi үшiн - 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап;
      - экономиканың шаруашылық есептегi секторының кәсiпорындары мен ұйымдары бойынша осы мақсаттар үшiн қаржы iздестiрiп табуына қарай енгiзедi.
      Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемэкономкомымен бiрлесе отырып 1993 жылғы 1 наурызға дейiн қызметшiлердiң жалпы салалық лауазымдары мен жұмысшылардың кәсiптерi бойынша бiлiктiлiк талаптарды әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы мақсаттарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың тәртiбi мен көздерi туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзетiн болсын.
      5. Еңбекке ақы төлеу реформасының негiзгi кезеңдерi аяқталғанға дейiн аудандық коэффициенттердiң, биiк таулы, далалық және сусыз жерлерде жұмыс iстегенi үшiн берiлетiн коэффициенттердiң бұрынғы тағайындалған мөлшерлерi қолданылатын болып;
      өтемақы төлемдерi мен үстеме ақының мөлшерiн кәсiпорындар дербес белгiлейдi, бiрақ ол қолданылып жүрген нормативтiк актiлерде тағайындалған мөлшерден төмен болмауға тиiс. Ынталандыру төлемдерi кәсiпорындармен дербес белгiленедi және қолда бар қаражат шегiнде төленедi. Қосымша төлемдер мен басқа да төлемдердiң мөлшерi мен шарттары ұжымдық шарттармен анықталатын болып;
      меншiктiң және қожалық етудiң түрлерiне қарамастан қызметiн жүзеге асыруда қызметкерлердi жалдаудың контрактылық әдiсiн қолданатын кәсiпорындар еңбекке ақы төлеудiң негiзгi дәрежесi ретiнде Бiрыңғай тариф кестесiне сәйкес есептелген ставкаларды қолданатын болып белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Ғылым академиясы Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң Денсаулық сақтау министрлiгiнiң және Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң қатысуымен 1992 - 1993 жылдары "Аймақтардың айрықша қиын табиғи-климаттық жағдайлары мен аумақтық-климаттық жағдайлары мен аумақтық-экономикалық дамуы - еңбекке ақы төлеудi аймақтық саралаудың факторы" тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының кешенiн iске асыратын, халық өмiрiнiң табиғи жағдайларын және экологиялық ахуалды есепке ала отырып, аумақтарды табиғи-климаттық аймақтар бойынша егжей-тегжейлi аудандарға бөлудi және аумақтарды аудандарға бөлу мен коэффициенттердiң ең аз мөлшерiнiң көлемiн белгiлеу жөнiнде әдiстемелiк нұсқауларды әзiрлеудi жүзеге асыратын болсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы мақсаттарға Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының есебiне сәйкес қаржы бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы мен Мемстаткомы 1993 жылы Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының әдiстемелiк нұсқаулары негiзiнде аймақтар бойынша коэффициенттердiң нақты мөлшерлерiн белгiлейтiн және халықтың өмiр сүру жағдайларына қарай әрбiр табиғи-климаттық және экологиялық аймақта өмiр сүру құнының айырмашылығын есепке алатын ең төменгi жалақыны аймақтық саралауды жүзеге асыратын болсын.
      7.Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi ғылыми ұйымдардың және мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың, корпорациялардың, концерндердiң, қауымдастықтардың, консорциумдардың қатысуымен Халықаралық стандартты жiктеу принциптерi негiзiнде 1993 жылдың аяғына дейiн қызметкерлердiң Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығын әзiрлейтiн болсын.
      8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Еңбек министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемэкономкомының қатысуымен түпкi жоғарғы нәтижелерге жетудi, ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудi арттыруды, сондай-ақ халық тұтынатын тауарлар шығаруды ынталандыру мақсатында агроөнеркәсiп кешенi қызметкерлерiнiң еңбегiне заттай ақы төлеу тәртiбiн әзiрлейтiн және оны қолдануды кеңейтетiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы қаулыға сәйкес ең төменгi жалақы көрсеткiшi мен Бiрыңғай тариф кестесiнiң енгiзiлуiне байланысты жұмыс iстеушiлердiң жалақысының толық статистикалық есебiн алуды ұйымдастыратын болсын.
      10. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесе отырып Үкiмет шешiмдерiне осы қаулыдан туындайтын өзгерiстер енгiзу туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынатын болсын.
 
       Қазақстан Республикасының
           Премьер-министрi
 

                                          Қазақстан Республикасы    



                                          Министрлер Кабинетiнiң

                                         1992 жылғы 20 қазандағы

                                             N 888 қаулысына

                                              N 1 қосымша




                                           Қазақстан Республикасы



                                           Министрлер Кабинетiнiң

                                          1992 жылғы 20 қазандағы

                                              N 888 қаулысына

                                              N 2 қосымша



 
 
              Қызметкерлердiң барлық санаттары үшiн
      (халық шаруашылығының барлық салалары үшiн ортақ)
       Бiрыңғай тариф кестесiн қолданудың негiзгi шарттары
 
      1. Бiрлестiктер, кәсiпорындар, ұйымдар, мекемелер, концерндер, қауымдастықтар Бiрыңғай тариф кестесi және заң бойынша тағайындалған ең төменгi жалақы мөлшерi негiзiнде өндiрiс жағдайлары мен өздерiнiң мүмкiндiктерiне сүйене отырып тарифтiк ставкалардың нақты мөлшерiн дербес әзiрлейдi.
      2. Жұмысшы кәсiптерiнiң жаңа Бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамасы мен қызметшiлер лауазымдарының Бiлiктiлiк анықтамасын күшiне енгiзгенге дейiн кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер Бiрыңғай тариф кестесiнде ескерiлмеген кәсiптер мен лауазымдарды еңбектiң күрделiлiгi мен бiлiктiлiк дәрежесiне қарай тиiсiнше кестенiң белгiлi бiр бiлiктiлiк тобына сәйкестендiрiп, өздерi дербес саралап белгiлейдi.
      3. Орынбасарлардың ставкаларын тиiстi басшылардың ставкаларынан 10-20 процент төмен, ал көмекшiлер мен ассистенттердiң ставкаларын 20-30 процент төмен тағайындау ұсынылады.
      4. Меншiктiң барлық түрлерiндегi кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларының нақты алатын жалақыларының дәрежесi кәсiпорындарда, ұйымдарда нақты қалыптасқан орташа жалақының 10 еселiк дәрежесiнен артпауға тиiс.
      5. Қызметкерлердi қайтадан тарификациялау кәсiпорындарда, ұйымдар мен мекемелерде тағайындалған мерзiмдерде өткiзiлуге тиiс, бiрақ ол кемiнде 3 жылда бiр рет болуға тиiс.
      6. Өндiрiс учаскесiндегi шебердiң тарифтiк ставкасын учаскедегi орташа жұмыс разрядының тарифтiк ставкасынан 3 дәреже жоғары тағайындау, цех бастығының окладын инженердiң ең төменгi ставкасынан 2 есе жоғары, ал бөлiм басшысының окладын бөлiмдегi бiлiктi маманның окладынан 3 топ жоғары тағайындау ұсынылсын.
      7. Толық емес жұмыс күнi немесе оның жұмыспен толық қамтамасыз етiлмеуi жағдайында, сондай-ақ уақытша немесе бiр жолғы сипаттағы жұмысқа еңбек ақы төлеу үшiн нақты атқарылған жұмысқа сағаттық ақы төлеу қолданылсын.
      8. Жеңiлдiктер мен өтемақының ең аз мөлшерi Бiрыңғай тариф кестесi негiзiнде есептелген тарифтiк ставкаларға процент түрiнде белгiленедi. Ұжымдық шарттар мен тарифтiк келiсiмдерде бұл мөлшерде еңбекке ақы төлеуге арналған қолда бар қаржы шегiнде көбейтiлуi мүмкiн.
      9. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары тиiстi кәсiптiк бiрлестiктермен бiрлесе отырып Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң келiсiмi бойынша қызметкерлердiң басқа санаттары бойынша бiлiктiлiк талаптарды, сондай-ақ осы лауазымдарды Бiрыңғай тариф кестесiнiң еңбекке ақы төлеу разрядтарына жатқызудың тәртiбiн әзiрлейтiн және бекiтетiн болсын.
      10. Қазақстан Республикасының Мемстаткомының ресми деректерi негiзiнде облыс әкiмдерiнiң олардың аумағында қалыптасып отырған тұтыну бағасы индексiнiң өзгеруiне байланысты тиiстi бюджеттiң қаражаты есебiнен Бiрыңғай тариф кестесiнiң әуелгi разрядының айлық тарифтiк ставкасының (лауазымдық окладтың) мөлшерiн арттыруға, Бiрыңғай тариф кестесiнiң тарифтiк коэффициенттерiне сәйкес облыстың бюджеттiк ұйымдарының барлық қызметкерлерi үшiн ставкалар мен окладтарды бiр мезгiлде арттыруға хұқық берiледi.
      11. Осы қаулыға сәйкес қызметкерлер үшiн коэффициенттердi, үстеме ақылар мен жеңiлдiктердi есепке ала отырып енгiзiлiп жатқан ставкалар мен окладтар коэффициенттердi, үстеме ақыларды және жеңiлдiктердi қоса есептегендегi қолданылып жүрген ставкалар мен окладтардан төмен болған жағдайда, бұл қызметкерлерге осы бюджеттi мекемеде және ұйымда сол жұмыста немесе басқа жоғары лауазымда жұмыс iстеген уақытына жалақының тиiстi айырмашылығы (жеңiлдiктердi есепке ала отырып) төленедi.