Ақын, жыршы, термешiлердiң Республикалық Одағына аударым жасау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 16 қазан 1992 ж. N 869

Қолданыстағы
      Әуесқой ақын, жыршы, термешiлердi әлеуметтiк қорғау және ақын,

жыршы, термешiлердiң Республикалық Одағының, материалдық базасын 
нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 
қаулы етедi:
     Ақындар айтысын, жыршы мен термешiлердiң концертiн өткiзетiн 
кәсiпорындар, қоғамдар мен мекемелер айтыс пен концерт үшiн өздерiне 
түскен сомадан немесе шарт бойынша алынған сомадан ақын, жыршы, 
термешiлердiң Республикалық Одағына 2 процент мөлшерiнде аударым 
жасайтын болып белгiленсiн.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi