"Қазтамақөнеркәсiбi" мемлекеттiк-кооперативтiк бiрлестiгi жанындағы "Қазтамақөнеркәсiпшикiзат" республикалық сыртқы экономикалық бiрлестiгiн құру туралы

Қазақстан Республикалық Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 қазан 1992 ж. N 863

Қолданыстағы
      Шет елдердiң фирмаларымен сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрi дамыту, тамақ өнеркәсiбiне арналған шикiзат экспорты мен импорты көлемiн ұлғайту және республика тамақ өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының экспорттық-импорттық операциялар жөнiндегi бiлiктi қызметке деген өскелең қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазтамақөнеркәсiбi" Мемлекеттiк-кооперативтiк бiрлестiгiнiң "Қазтамақөнеркәсiпшикiзат" республикалық сыртқы экономикалық бiрлестiгiн ("Қазтамақөнеркәсiпшикiзат" РСЭБ) құру туралы шешiмiне құптаушылық бiлдiрiлсiн.
      2. "Қазтамақөнеркәсiпшикiзат" РСЭБ-iне қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өнiмдер мен шикiзат бойынша экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру хұқы берiлсiн.
      3. "Қазтамақөнеркәсiпшикiзат" РСЭБ-i:
      облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiнiң келiсiмi бойынша өз қаржысы және несие, заем салым нысанындағы шетел валютасындағы тамақ өнеркәсiбi кәсiпорындарының қаржысын тарту есебiнен өнеркәсiп және өңдеу кешендерiнiң құрылысын жүзеге асыратын, сондай-ақ шетелдердегi осындай объектiлердiң құрылысына қатысатын;
      өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы шикiзат пен материалдарды, машиналарды, жабдықтарды және олардың босалқы бөлшектерiн, халық тұтынатын тауарларды белгiленген тәртiп пен шетелдерден сатып алатын болып белгiленсiн.
      4. "Қазтамақөнеркәсiпшикiзат" РСЭБ-i заңдарда көзделген тәртiп пен шарттарға сәйкес бiрлестiктегi, оның филиалдарындағы және меншiктiң кез-келген нысанындағы кәсiпорындардың өкiлдiктерiндегi жұмысқа кеңес және шетел мамандарын тартуға хұқылы.
      5. "Қазтамақөнеркәсiпшикiзат" РСЭБ-iне белгiленген тәртiп бойынша "Қазтамақөнеркәсiпшикiзат" РСЭБ-i аппараты мен оның-филиалдарының делегациялары мен мамандарының шетелдерге қызметтiк iссапарға шығуы жөнiнде шешiм қабылдауына рұқсат етiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi "Қазтамақөнеркәсiпшикiзат" РСЭБ-iне оның өтiнуi бойынша қажеттi байланыс құралдарын бөлетiн болсын.
      7. Республикалық министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi "Қазтамақөнеркәсiпшикiзат" РСЭБ-iнiң практикалық қызметiне жан-жақты көмек көрсетсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi