Iшкi iстер органдарының кадрында тұрған және арнаулы әскери атағы бар қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамы қызметкерлерiнiң қызмет өткеру тәртiбi мен шарттары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 13 қазан 1992 ж. N 861

Қолданыстағы
      Хұқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң шекара және iшкi әскерлердiң жеке адам құрамының дене тәрбиесi мен арнайы даярлығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мүдделi тараптардың келiсуi бойынша:
      Қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт қоғамының республикалық және облыстық кеңестерiнiң аппаратындағы "Динамо" шеберлер командасында iшкi iстер органдарының орта және аға басшы құрамдағы адамдарымен ауыстыруға жататын лауазымдар тiзбесiн бекiтсiн;
      ҚРДСҚ "Динамосының" iшкi iстер органдарының кадрында тұратын және арнаулы әскери атағы бар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысын iшкi iстер органдарының басшы құрамындағы адамдардың тиiстi категорияларына белгiленген лауазымдық жалақысына қарайлас белгiлейтiн болсын;
      ҚРДСҚ "Динамосының" республикалық және облыстық кеңестерi аппаратында, "Динамо" шеберлерiнiң командаларында iшкi iстер органдарының орта және басшы құрамдағы адамдарымен ауыстыруға жататын лауазымдар бойынша шектi арнаулы әскери атақтарды анықтасын.
      2. Iшкi iстер органдарының орта және басшы құрамындағы адамдармен ауыстыруға жататын ҚРДСҚ "Динамосының" қызметкерлерiн iшкi iстер органдарының кадрына қабылдауды, сондай-ақ оларға бастапқы әскери атақ берудi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi жүргiзедi.

     
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың 2 абзацы күшiн жойған - ҚРҮ-нiң 1996.12.27.
              N 1644 қаулысымен.  

P961644_

 
     3. Iшкi iстер органдарының кадрында тұратын және арнаулы әскери 
атағы бар ҚРДСҚ "Динамосының" қызметкерлерiн ақшалай және материалдық
қамтамасыз ету Қазақ республикалық "Динамо" дене тәрбиесi-спорт 
қоғамының қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi