Қазақстан Республикасының Әдебиет, Журналистика, Музыка, Сурет және Сәулет қорлары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 8 қазан N 843. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.04.03. N 468 қаулысымен. ~P970468

Күшін жойған
      Нарықтық қатынастар жағдайында республиканың шығармашылық одақтарының материалдық базасын нығайту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының тиiстi шығармашылық одақтары жанынан Әдебиет, Журналистика, Музыка, Сурет және Сәулет қорлары құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әдебиет қорының қаражаты:
      а) меншiк нысандарына қарамастан мемлекеттiк, қоғамдық, кооперативтiк және басқа ұйымдар, мекемелер мен кәсiпорындар, көркем әдебиет баспалары мен журналдардың редакциялары түпнұсқа және аударма көркем-әдеби шығармалар үшiн төлеген авторлық қаламақы сомасының 10 процентiне тең мөлшерде аударатын жарнасынан;
      б) ойын-сауық кәсiпорындары музыкасыз да, музыканың сүйемелдеуiмен де спектакльдер мен әдеби концерттер қойғаны үшiн (оның iшiнде мемлекет меншiгi деп жарияланған түгелдей әдеби шығармалардан тұратындары) алынған жалпы түсiм сомасының немесе спектакль не концерт үшiн шарт бойынша алынған соманың 2 процентi мөлшерiнде аударатын алымынан;
      в) авторлық хұқық арқылы қорғалмайтын шығармаларды шығарғаны үшiн ең төменгi ставка бойынша есептелген қаламақы сомасының 10 процентiне тең мөлшердегi аударым сомасы құралатын болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Журналистика қорының қаражаты:
      а) мемлекеттiк, кооперативтiк және қоғамдық кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, газеттер мен журналдардың редакциялары, баспалар, Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi, теледидар мен радиохабар органдары төлеген авторлық қаламақының (Әдебиет, Музыка және Сурет қорларына аударылым жасалатын қаламақыдан басқалары) 6 процентi мөлшерiндегi аударым сомасынан;
      б) республикалық, облыстық, қалалық, аудандық, ведомстволық, салалық және бiрiккен газеттердiң редакциялары, Қазақ мемлекеттiк ақпарат агенттiгi пайдаланатын және тапсырыс беретiн барлық шығармалар мен материалдар үшiн жасалатын аударым сомасынан;
      в) қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшiлiк және салалық журналдардың редакциялары, телерадиохабар компаниясы пайдаланатын немесе тапсырыс беретiн публицистикалық, ғылыми-көпшiлiк, қоғамдық-саяси, хабарламалық және безендiрiлген шығармалар мен материалдар үшiн жасалатын аударым сомасынан;
      г) кiтап және кiтап-журнал баспалары шығаратын немесе тапсырыс беретiн қоғамдық-саяси, публицистикалық, хабарламалық және ғылыми- көпшiлiк шығармалар мен материалдар үшiн жасалатын аударым сомасынан құралатын болып белгiленсiн.
      Аталған аударым сомалары газеттер мен журналдар редакцияларының, баспалардың, телеграф-ақпарат агенттiктерiнiң және теледидар мен радиохабар органдарының жоспарларында (сметаларында) көзделген шығындардың жалпы сомасы шегiнде жасалады.
      4. Қазақстан Республикасы Музыка қорының қаражаты:
      а) мемлекеттiк, қоғамдық және кооперативтiк кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, баспалар музыкалық шығармалар мен музыкатану еңбектерiн шығарғаны үшiн шарт бойынша төленетiн авторлық қаламақы сомасының 10 процентi мөлшерiнде аударым сомасынан;
      б) ойын-сауық кәсiпорындары музыкалық спектакльдер мен эстрадалық концерттерден түскен жалпы түсiмнен 2 процент мөлшерiндегi аударым сомасынан;
      в) концерттерде авторлық хұқықпен қорғалмайтын шығармаларды орындағаны үшiн алынатын аударым сомаларынан құралатын болып белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасы Сурет қорының қаражаты:
      а) барлық мемлекеттiк, кооперативтiк және қоғамдық мекемелер, ұйымдар мен кәсiпорындар суретшiлерге (сұңғатшыларға, кескiндемешiлерге, көркемдеушiлерге және өнеркәсiп суретшiлерiне, зергерлерге, граверлерге, декораторларға, бутафорларға) өз мамандығы бойынша орындаған жұмыстары үшiн төленген сыйақыға 2 процент мөлшерiнде қосылатын сомадан құралатын болып белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Сәулет қорының қаражаты:
      а) меншiк нысандарына қарамастан барлық жобалау және басқа ұйымдар мен кәсiпорындарда сәулет-құрылыс жобалауының барлық түрлерiмен шұғылданатын сәулеткерлердiң жалақысына қосылған 7 процент мөлшерiндегi сомадан құралатын болып белгiленсiн.
      Аталған аударым сомалары сәулет-жобалау жұмыстарына арналған сметаларда жеке баппен көрсетiлген жобалау жұмыстарының өзiндiк құнына жатқызылуға тиiс.
      7. Жоғарыда аталған қорлардың қаражаты сондай-ақ:
      - тиiстi шығармашылық одақтарының Жарғысы бойынша анықталатын осы одақ мүшелерiнiң арнаулы жарналарынан;
      - одақтарға тиесiлi мүлiк пен қаражаттан түскен кiрiстерден құралады.
      8. Республиканың Музыка, Әдебиет, Сурет және Журналистика қорларына аударымдарды Қазақстан Республикасының Музыка, Журналистика, Әдебиет, Сурет және Сәулет қорларына аударым жасау тәртiбi жөнiндегi Нұсқамаға сәйкес Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас хұқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi жасайды.
      9. Музыка, Журналистика, Әдебиет, Сурет және Сәулет қорлары бiр ай мерзiмде Жарғы (Ереже) әзiрлесiн және оны белгiленген тәртiп бойынша бекiтсiн.
      10. Қазақстан Республикасының авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiгi Қаржы министрлiгiмен және тиiстi шығармашылық одақтармен келiсе отырып бiр ай мерзiмде аталған қорларға аударымдар жасау тәртiбi туралы Нұсқаманы әзiрлеп бекiтетiн болсын.

                Қазақстан Республикасының
                    Премьер-министрi