Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереже мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 7 қазан N 834. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998.05.25. N 477 қаулысымен

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Осыған қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлығы туралы Ереже мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет туралы Ереже бекiтiлсiн және олар 1993 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлсiн.
      (2-баптың күшi жойылды деп есептелсiн. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылдың 21 қаңтардағы N 54 қаулысы бойынша)
      3. Қазақстан Республикасының 1992 жылғы Ғылым, техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтарын алу үшiн ұсынылған жұмыстарды қарау Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтар туралы және Қазақ ССР Министрлер Советi жанындағы Ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтар жөнiндегi комитет туралы қолданылып жүрген қаулылар мен ережелерге сәйкес жүргiзiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiнiң осыған қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес күшi жойылған деп танылсын.
 
             Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1992 жылғы 7 қазандағы

                                            N 834 қаулысымен

                                             Бекiтiлген



 
 
              Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және
               бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлығы туралы
 
                            Ереже
 
      1. Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлығы (бұдан былай "Мемлекеттiк сыйлық" делiнедi) Қазақстан Республикасының азаматтарына:
      республиканың экономикалық және әлеуметтiк дамуын айтарлықтай жеделдетуге және қазақстандық ғылым мен техниканы әлемдегi озық жетiстiктер деңгейiне жеткiзген iргелi және қолданбалы зерттеулердiң аса үздiк нәтижелерi үшiн;
      мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламаларды жүзеге асырудағы аса жетiстiктерi үшiн;
      техниканың, материалдар мен технологиялардың жаңа түрлерiн таңдаулы әлемдiк теңдестерi деңгейiнде және одан да жоғары деңгейде жасап, шығарылуын ұйымдастырғаны үшiн;
      республика үшiн жоғары бiлiктi мамандар мен ғылыми кадрлар даярлауға қосқан зор үлесi үшiн, жұртшылыққа кеңiнен танылған және кемiнде үш жыл бойы байқаудан өткен республиканың бiлiм жүйесiнiң барлық сатыларына арналған таңдаулы оқулықтар мен оқу құралдары үшiн берiледi.
      Ескерту. 1-тармақтың бесiншi абзацы толықтырылды - ҚРМК-нiң
               1995.10.31. N 1412 қаулысымен.
      2. Мемлекеттiк сыйлықтар Республика күнiне орай екi жылда бiр рет бес сыйлыққа дейiн берiледi. Мемлекеттiк сыйлықтың ақша мөлшерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi сыйлықтар берiлетiн жылы белгiлейдi.
      3. Мемлекеттiк сыйлық алу үшiн ұсынылған ғылыми еңбектер жариялануы тиiс, оқулықтар мен оқу құралдары республиканың бiлiм жүйесiнде кеңiнен сыннан өтiп, ал техниканың, материалдар мен технологиялардың жаңа түрлерi өндiрiсте игерiлуi қажет.
      4. Мемлекеттiк сыйлық алу үшiн жұмыстар ұсынуды Қазақстан Республикасы ғылым академияларының төралқалары, министрлiктер мен ведомстволардың алқалары, республиканың ғылыми және оқу орындарының, концерндер мен бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен қоғамдық ұйымдарының ғылымдық, ғылыми-техникалық, ғылыми кеңестерi мен басқа да алқалық органдары жүргiзедi. Жұмыстарды Мемлекеттiк сыйлыққа ұсыну туралы шешiм ашық дауыспен жай көпшiлiк дауыс пен қабылданады.
      Үмiткерлер ұжымына кандидаттарды iрiктеу-ұсынылған жұмыс орындалған кәсiпорын, оқу орны немесе ұйымның алқалық органының мәжiлiсiнде олардың қосқан үлесiне берiлген баға ескерiлiп, жасырын дауысқа салу арқылы жүргiзiледi. Мемлекеттiк сыйлыққа екi немесе одан да көп жұмыс бойынша бiр кандидатура ұсынылмайды.
      Үмiткерлер ұжымына адамдарды тек лауазымына қарай қосуға жол берiлмейдi.
      Қазақстан республикасы мемлекеттiк сыйлығының иесi жаңа iрi жетiстiктерге қол жеткiзген жағдайда сыйлық оған бұл аталған сыйлық берiлгеннен кейiн кемiнде бес жыл өткен соң ғана тапсырылуы мүмкiн.
      Ескерту. 4-тармақтың 1 абзацына өзгерiс енгiзiлдi және жаңа
               абзацтармен толықтырылды - ҚРМК-нiң 1995.10.31.
               N 1412 қаулысымен.
      5. Мемлекеттiк сыйлыққа ұсынылған ұжым 8 адамнан аспауы тиiс.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.31.
               N 1412 қаулысымен.
      6. Мемлекеттiк сыйлықтар алу үшiн ұсынылған жұмыстарды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылыми, техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет (бұдан былай "Комитет" делiнедi) сыйлық берiлетiн жылғы 1 ақпанына дейiн қабылдайды.
      Сыйлыққа ұсынылған жұмыстарға құжаттарды ресiмдеу тәртiбi Комитет төралқасы бекiткен нұсқамамен белгiленедi.
      Мемлекеттiк сыйлықтарға ұсынылған жұмыстарды қабылдау туралы Комитет бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабарлайды.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.31.
               N 1412 қаулысымен.
      7. Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды Комитет екi кезеңде қарайды.
      Бiрiншi кезеңде жұмыстарды алдын-ала iрiктеп алуды Комитеттiң төралқасы жүзеге асырады. Алдын-ала iрiктеуден өткен жұмыстар тiзiмiн қараудың екiншi кезеңiне дейiн кемiнде бiр ай бұрын авторлар мен осы жұмыстарды ұсынған ұйымдарды көрсете отырып кеңiнен талқылау үшiн Комитет республикалық газеттерде жариялайды.
      Қараудың екiншi кезеңiнде Комитет Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы шешiмдер қабылдайды.
      8. Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы Комитеттiң шешiмдерi сыйлықтар берiлетiн жылғы 15-қыркүйегiне дейiн қабылданып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.31.
               N 1412 қаулысымен.
      9. Комитеттiң Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы шешiмдерi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткеннен кейiн күшiне енiп, Республика күнiне орай баспасөзде жарияланады.
      10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлықтарына ие болған адамдарға "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк сыйлығының иесi" атағы берiлiп, диплом, құрмет белгiсi және куәлiк тапсырылсын.
      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1995.10.31.
               N 1412 қаулысымен.
      11. Авторлар ұжымына Мемлекеттiк сыйлықтар берiлген кезде сыйлықтың ақшалай бөлегi олардың арасында тең бөлiнедi.
      12. Қайтыс болған немесе өлгеннен кейiн наградталған Мемлекеттiк сыйлық лауреатының дипломы мен құрметтi белгiсi оның отбасына қалдырылады немесе берiледi. Мемлекеттiк сыйлықтың ақшалай бөлегi республиканың азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен мұрагерлерiне берiледi.
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1992 жылғы 7 қазандағы
                                          N 834 қаулысымен
                                           Бекiтiлген
 
             Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
            жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым,
            техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк
                сыйлықтары жөнiндегi комитетi туралы
 
                            Ереже
 
      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым, техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк сыйлықтары жөнiндегi комитет (бұдан былай "Комитет" делiнедi) мемлекеттiк-қоғамдық ұйым болып табылады ол республика ғылым академияларының, министрлiктерiнiң, ведомстволарының, ғылыми ұйымдарының, оқу орындары мен кәсiпорындарының ұсыныстары бойынша көрнектi ғалымдардан, педагогтардан, iрi мамандардан құралады.
      Комитет пен оның төралқасының дербес құрамын Министрлер Кабинетi 4 жылдық мерзiмге одан әрi тiзiмдiк құрамының кемiнде жартысын жаңартуды көздеп бекiтедi.
      2.
      Ескерту. 2-тармақ күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.10.31.
               N 1412 қаулысымен.
      3. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      Мемлекеттiк сыйлықтарды алу үшiн ұсынылған жұмыстарды қабылдайды және қарайды;
      Мемлекеттiк сыйлықтарды алу үшiн ұсынылған жұмыстарды алдын-ала iрiктеудi жүзеге асырады және бұл жұмыстарды кең көлемде жұртшылық талқысына салу үшiн тiзiмiн республикалық газеттерде жариялайды;
      Мемлекеттiк сыйлықтарға ұсынылған жұмыстарға түскен ұсыныстарға, ескертпелер мен пiкiрлерге талдау жасайды;
      Мемлекеттiк сыйлықтар беру туралы шешiмдер қабылдап, оларды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне бекiтуге ұсынады;
      Мемлекеттiк сыйлықтар лауреаттарының дипломдарын, куәлiктерiн және құрметтi белгiлерiн ресiмдейдi, Мемлекеттiк сыйлықтардың ақша жағын лауреаттарға төлейдi;
      Мемлекеттiк сыйлықтар лауреаттарының шығармашылық тәжiрибесi мен жетiстiктерiн бұқаралық ақпарат құралдарының таратуына жәрдемдеседi.
      4. Комитетке:
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды алдын-ала қарау үшiн секциялар, тұрақты немесе уақытша сарапшылар комиссияларын құру. Секциялар мен сарапшылар комиссияларының жұмыс тәртiбi Комитет төралқасы бекiткен ережелермен белгiленедi;
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды сарапшылық жолымен қарау үшiн тиiстi саланың ғылыми және басқа да ұйымдарына жiберуге;
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарды рецензиялау үшiн көрнектi ғалымдар мен халық шаруашылығының iрi мамандарын тартуға;
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға түскен жұмыстарды ұсыну мен сарапшылық қараудың белгiленген тәртiбiн сақтауға бақылау жасауға;
      қаралып жатқан жұмыстардың нәтижелерiмен және жергiлiктi жерде танысу үшiн Комитет мүшелерiн, сарапшыларды жiберуге;
      Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жұмыстарға сараптау жүргiзу мен рецензиялауға байланысты жұмысқа ақы, сондай-ақ Комитет мүшелерi мен осыған тартылған сарапшыларға iссапар шығындарын төлеуге хұқық берiледi.
      Ескерту. 4-тармақтың 2,6 абзацтарына өзгерiс енгiзiлдi -
               ҚРМК-нiң 1995.10.31. N 1412 қаулысымен.
      5.
      Ескерту. 5-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1995.10.31. N 1412
               қаулысымен.
      6. Комитет жұмысына төраға басқарған төралқа басшылық етедi.
      Жұмыстарды алдын-ала iрiктеу туралы шешiмдердi Комитет төралқасы ашық дауыс беру арқылы кәдiмгi көпшiлiк дауыспен қабылдайды.
      Олардың тiзiмдiк құрамының кемiнде 2/3-i қатысса, комитеттiң және оның төралқасының мәжiлiстерi құқықты болып саналады.
      Шетелдiк iссапарда жүрген, сондай-ақ денсаулығының жай-күйiне және басқа айрықша жағдайлар олардың мәжiлiске қатысуына және дауыс беруiне мүмкiндiк бермейтiн мүшелерi комитеттiң тiзiмдiк құрамына енгiзiлмейдi.
      Мемлекеттiк сыйлықтарды беру туралы шешiмдi Комитет жасырын дауыспен, "құпия" белгiлi жұмыстар бойынша - Комитет төралқасы жасырын дауыспен қабылдайды.
      Жасырын дауыс беруге арналған бюллетеньге барлық iрiктелген жұмыстар қосылып, дауысқа салу жүргiзiледi. Мемлекеттiк сыйлық берiлмек жұмыс мәжiлiске қатысқандардың дауыс санының кемiнде 3/4 жинауы тиiс. Қайта дауысқа салуға жол берiлмейдi.
      Ескерту. 6-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚРМК-нiң
               1995.10.31. N 1412 қаулысымен.
      7. Комитет мүшелерiнiң жұмыстары Мемлекеттiк сыйлықтар алуға ұсынылған жағдайда соңғылары Комитеттiң жұмысына қатыспайды.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.31.
               N 1412 қаулысымен.
      8. Комитет өз қызметiн Комитеттiң жауапты хатшысы басқаратын аппараттың көмегiмен, республикалық бюджеттен ғылымға осы мақсат үшiн бөлiнген қаржы шегiнде жүзеге асырады.
      Комитет аппараты қызметкерлерiнiң штаттық санын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      9. Комитеттiң Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi болады.
 

                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1992 жылғы 7 қазандағы

                                             N 834 қаулысымен

                                              Бекiтiлген



 
 
              Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi

 

            жанындағы Қазақстан Республикасының Ғылым,

            техника және бiлiм саласындағы Мемлекеттiк

             сыйлықтары жөнiндегi Комитет аппараты

            қызметкерлерiнiң лауазымдық окладтарының


                         Схемасы


-------------------------------!--------------------------------

     Лауазымдар атауы          !  Айлық лауазымдық окладтары

                               !        (сом есебiмен)

----------------------------------------------------------------


     Жауапты хатшы                        4000


     Аға сарапшы                          3700


     Сарапшы                              2900


     Инспектор                            2000


----------------------------------------------------------------