Жақып Ақбаевтың есiмiн мәңгi есте қалдыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 қазан 1992 ж. N 820

Қолданыстағы
      Алғашқы қазақ заңгерлерiнiң бiрi, көрнектi қоғамдық және саяси қайраткер Жақып Ақбаевтың есiмiн мәңгi есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Тарих және этнография институтының:
      Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң, Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттiк университетiнiң заң факультеттерiнiң үздiк студенттерi үшiн Ж. Ақбаев атындағы бiр-бiрден стипендия тағайындау жөнiндегi:
      Қарқаралы қаласында Жақып Ақбаевка бюст орнату жөнiндегi;
      Ж. Ақбаевтың Қарқаралы қаласында және Қарқаралы ауданындағы Жамбыл атындағы совхоздың "Милыбұлақ" бөлiмшесiнде тұрған үйлерiнде мемориалдық тақта орнату жөнiндегi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгiмен, Қарағанды облысы әкiмiмен келiсiлген ұсыныстары қабылдансын.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi