Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Статистика және есепке алу жөнiндегi ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңес туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 8 қыркүйек 1992 ж. N 751

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Статистика және есепке алу жөнiндегi ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңес туралы осыған қоса берiлген ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Статистика және есепке алу жөнiндегi ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңестiң құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


                                              Қазақстан Республикасы   

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 қыркүйектегi N 751 қаулысымен Бекiтiлген


                Қазақстан Республикасының Статистика және талдау
               жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Статистика
                     және есепке алу жөнiндегi ведомствоаралық
                         ғылыми-әдiснамалық кеңес туралы
                                    Ереже

      1. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Статистика және есепке алу жөнiндегi Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңес* өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулыларын және осы Ереже басшылыққа алады.
      Ескерту. Бұдан былай текст бойынша - Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңес.
      2. Қазақстан Республикасының Мемстаткомы жанындағы Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңес Қазақ КСР Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ КСР-iнiң Статистика және талдау жөнiндегi облыстық және Алматы қалалық басқармаларының мәселелерi" деген 1991 жылғы 28 ақпандағы N 141 қаулысына және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Республиканың халық шаруашылығында бухгалтерлiк есеп пен статистика жүйесiн жетiлдiру мәселелерi" деген 1992 жылғы 31 наурыздағы N 306 қаулысына сәйкес құрылады.
      3. Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңестiң негiзгi мiндетi аса маңызды статистикалық байқаулар жүргiзу, мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру мен экономикалық талдауды тереңдету, республика халық шаруашылығында бастапқы есепке алу мен есептiлiктi жолға қою жөнiндегi келiсiлген әрi бiрлескен iс-қимылды жүзеге асыру, мемлекеттiк статистика көрсеткiштерiнiң жүйесi мен халық шаруашылығындағы бастапқы есептiң нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргiзу талаптарына әрi халықаралық тәжiрибеде қабылданған ережелерiне сәйкес қамтамасыз ету және осы мәселелердi экономикалық ведомстволардың, ғылыми мекемелердiң және экономикалық мемлекеттiк емес құрылымдардың жұмысында жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу хақында Қазақстан Республикасының Мемстаткомы, министрлiктер, ведомстволар, әкiмдер әзiрлеген әдiснамалық және ұйымдық мәселелердi қарау болып табылады.
      4. Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңес негiзi мiндеттерiне сәйкес мынадай негiзгi бағыттар бойынша:
      а) статистикалық ақпарат пен статистикалық көрсеткiштердiң ғылыми негiзделген жүйесiн пайдалана отырып республиканың және оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық даму үрдiстерiн қорытып, терең талдау жасауға қажет жаңа әдiснамалық қағидалар түзу және қолданылып жүргендерiн жетiлдiру;
      б) республиканың және оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық дамуының ерекшелiктерiн ескере отырып, аймақтық статистика көрсеткiштерiнiң ғылыми негiзделген жүйесiн жасау;
      в) есепке алу, талдау және статистика жөнiндегi жаңа ғылыми зерттеулер жүргiзу, әрi осы мақсатта республиканың және оның аймақтарының халық шаруашылығының түрлi салаларында эксперименттiк әзiрлемелер жүргiзу қажеттiлiгiн анықтау;
      г) республиканың басқару органдарында, халық шаруашылығы салаларында, ғылыми және практикалық қызметте статистикалық және экономикалық талдаудың осы заманғы әдiстерi мен тәсiлдерiн пайдалану және қолдану арқылы ғылыми және практикалық жұмыстардың деңгейiн көтеру;
      д) әлеуметтiк мәселелер бойынша қоғамдық пiкiрдi статистикалық зерделеу және соның негiзiнде республиканың және оның жекелеген аймақтарындағы халықтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайы мен өмiр салтын сипаттайтын қорытынды көрсеткiштер әзiрлеу;
      е) басқа мемлекеттiк статистикалық жұмыс практикасындағы озық тәжiрибенi зерделеу және кеңiнен қолдану, статистикалық әзiрлемелердi халықаралық стандарттарға көшiру, статистикалық көрсеткiштердiң аттас ұлттық және халықаралық жүйелерiнiң салыстырмалылығын қамтамасыз ету;
      ж) Мемстатком мен республиканың басқа да экономикалық ведомстволары бастапқы есепке алу мен статистика жүйесiн жетiлдiрудiң аса маңызды мәселелерi бойынша әзiрлеген нормативтiк құжаттардың жобаларын жасау; республикада барынша үлкен мемлекеттiк статистикалық байқауларды ұйымдастыру мен өткiзу бағыттарды қарап, ұсыныстар бередi.
      5. Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңес өзiне жүктелген мәселелердi орындау мақсатында:
      өз құзырының шегiнде республиканың аумағында орналасқан министрлiктердiң, ведомстволардың, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың және мекемелердiң пайдалануы үшiн ұсыныстар мен шешiмдер қабылдайды;
      Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңес өзiнiң жылдық жұмыс жоспарына сәйкес кеңестiң мәжiлiсiн өткiзедi, ол жылына үш реттен кем өткiзiлмеуге тиiс;
      Ведомствоаралық кеңестiң жұмыс жоспары Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңес мүшелерiнiң, Қазақстан Республикасы Мемстаткомының бөлiмдерi мен басқармаларының және оның қарауындағы ұйымдар мен мекемелердiң ұсыныстары негiзiнде жасалады. Жұмыс жоспары Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңестiң мәжiлiсiнде қаралып бекiтiледi.
      6. Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңестiң:
      Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарынан өз қызметiне қажеттi деректердi сұратуға және алуға;
      өзiнiң мәжiлiстерiнде министрлiктер мен ведомстволардың, жергiлiктi басқару органдарының басшы қызметкерлерiнiң Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңесiнде қабылданған статистиканы, есепке алу мен есеп берудi жетiлдiру жөнiндегi ұсыныстар мен шешiмдердi жүзеге асырудың барысы мен нәтижесi туралы тыңдауға;
      кеңестiң мәжiлiстерiне тиiстi мәселелердi қарауға әзiрлеу және сараптан өткiзу үшiн республика министрлiктерiнiң, ведомстволарының, бiрлестiктерiнiң, кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерiн, сондай-ақ республиканың ғылыми-зерттеу институттары мен экономикалық жоғары оқу орындарының жетекшi ғылымдары мен мамандарын белгiленген тәртiппен тартуға хұқы бар.
      7. Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңестiң шешiмi, егер кворумда көзделген нормативке сәйкес мәжiлiске iс жүзiнде қатысқан мүшелерiнiң жартысынан көбi жақтап дауыс беретiн болса, қабылданған деп саналады.
      8. Ведомствоаралық ғылыми-әдiснамалық кеңестiң мүшелерi оның мәжiлiстерiне ауыстыру хұқынсыз қатысады.
                                           Қазақстан Республикасы   

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 8 қыркүйектегi N 751 қаулысына Қосымша


                Қазақстан Республикасының Статистика және талдау

              жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi жанындағы Статистика
                   және есепке алу жөнiндегi ведомствоаралық
                           ғылыми-әдiснамалық кеңестiң
                                 Құрамы

Жұмасұлтанов Т.Ж.          - Қазақстан Республикасы Мемстаткомының 
                             Төрағасы (кеңестiң төрағасы)
Менжулин Б.И.              - Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң
                             орынбасары (кеңес төрағасының орынбасары)
Қалмырзаев С.С.            - Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы
                             Төрағасының орынбасары (кеңес төрағасының
                             орынбасары)
Власова Е.А.               - Қазақстан Республикасы Мемстаткомының 
                             жиынтық жұмыс, есепке алу мен 
                             статистиканың әдiснамасы және ұйымдастыру
                             басқармасының жетекшi экономисi
Аманбаев Ұ.А.              - Қазақстан Республикасы Мемсәулеткомының 
                             құрылыс экономикасы бас басқармасының 
                             бастығы
Әшiмов Б.М.                - Қазақстан Республикасы Мемстаткомы мен 
                             Еңбекминi жанындағы Республикалық 
                             салааралық бiлiктiлiктi көтеру 
                             институтының директоры
Айманбетова Г.З.           - Қазақстан Республикасы Мемстаткомы халық 
                             шаруашылығының макроэкономикалық 
                             көрсеткiштерi және талдау жасау жетекшi
                             басқармасының бастығы
Алтаев Н.Е.                - Қазақстан Республикасы Көлiкминiнiң 
                             көлiкте экономикалық, бюджет-қаржы 
                             саясатын қалыптастыру бөлiмiнiң бастығы
Абдувалиева Т.В.           - Қазақстан Республикасы Өнеркәсiпминi
                             экономикалық талдау бөлiмiнiң бастығы
Бекахметов Т.К.            - Қазақстан Республикасы Еңбек министрiнiң
                             орынбасары
Бейсембетов Қ.А.           - Қазақстан Республикасы Мемэкономкомы 
                             жанындағы экономика және нарықтық 
                             қатынастар ғылыми-зерттеу институты 
                             директорының ғылым жөнiндегi орынбасары
Горячковский В.И.          - Қазақстан Республикасы Мемстаткомы 
                             Төрағасының бiрiншi орынбасары
Гарусова З.И.              - Қазақстан Республикасы Ауылшарминiнiң 
                             қаржы, есепке алу және есеп беру бас 
                             басқармасының бас маманы
Гейнц В.Д.                 - Қазақстан Республикасы Мемэкономкомы 
                             жанындағы Баға комитетiнiң талдау, бағаны
                             болжамдау және ақпарат бөлiмiнiң бастығы
Дауранов Ш.А.              - Қазақстан Республикасы Мемэкономкомының
                             әлеуметтiк-экономикалық дамуды болжамдау 
                             мен реттеудi ұйымдастыру басқармасының
                             бастығы
Ержанова С.Ж.              - Қазақстан Республикасы 
                             Бассалық-инспекциясының бухгалтерлiк есеп
                             басқармасының бастығы
Ерыгин А.Н.                - Қазақстан Республикасы Мемстаткомының  
                             жиынтық жұмыс, есепке алу мен 
                             статистиканың әдiснамасы және ұйымдастыру
                             басқармасының бастығы
Ысқақов Ұ.М.               - Қазақстан Республикасы Мемстаткомы 
                             жанындағы статистикалық зерттеу 
                             институтының директоры
Лаврещук В.А.              - Қазақстан Республикасы Ұлттықмембанкiсi
                             экономикалық басқармасының бас экономисi
Рыбакова Т.А.              - Қазақстан Республикасы Ресурстарминi 
                             экономикалық бас басқармасының бастығы
Сатыбалдин С.С.            - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясы 
                             экономика институты директорының 
                             орынбасары
Сәрсембаев А.А.            - Қазақстан Республикасы Мемстаткомы 
                             Төрағасының орынбасары  
Сизинцева Г.С.             - Қазақстан Республикасы Мәдениетминiнiң
                             бухгалтерлiк есеп жөнiндегi 
                             басқармасының бастығы
Сабыров Г.С.               - Қазақстан Республикасы Денсаулықминi 
                             медстатистика бөлiмiнiң бастығы
Тоқниязов Е.М.             - Қазақстан Республикасы Мемстаткомының 
                             халықтың әлеуметтiк дамуы мен тұрмыс 
                             деңгейiне талдау жасау жетекшi 
                             басқармасының бастығы
Темiрбекова Б.М.           - Қазақстан Республикасы Саудаминiнiң 
                             экономиканы басқаруды және нарықтық 
                             қатынастардың қалыптасуын болжамдау және 
                             статистика бөлiмiнiң бастығы
Федосеев В.Н.              - Қазақстан Республикасы Сыртбайланысминiнiң
                             сыртқы экономикалық байланысты үйлестiру 
                             және дамыту бөлiмiнiң бас экономисi