Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшiлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Минситрлер Кабинетiнiң Қаулысы 4 қыркүйек 1992 ж. N 744

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасында дипломатиялық қатынастар орнатылуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Вашингтон қаласында Қазақстан Республикасының Америка Құрама Елшiлiгi құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Елшiлiгiнiң штат саны жылдық жалақы қоры 217578 АҚШ доллары мөлшерiнде болатын 20,75 адам шамасында бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшiсiне айына 1880 АҚШ доллары мөлшерiнде лауазымдық жалақы белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚРМК-нiң 1993.10.22. N 1048
               қаулысымен.
      4. Елшiлiк қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшiсiнiң шет ел валютасымен алатын жалақысына қарайластырылып, штат кестесiне сәйкес белгiленсiн.
      5. Америка Құрама Штаттарымен арадағы қатынастардың айрықша маңызы, жұмыстың күрделiлiгi мен көлемiнiң үлкендiгi ескерiлiп, Қазақстан Республикасы Елшiсiнiң лауазымдық жалақысына оның шет ел валютасымен алатын жалақысының 20 процентi мөлшерiнде үстеме белгiленсiн.
      6. Елшiлiктiң қызметкерлерiне медициналық қызмет көрсетуге олардың АҚШ долларымен алатын жалақы қорының 6 процентi мөлшерiнде қаржы аударылатын болып белгiленсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшiлiгiнiң 1992 жылдың екiншi жарты жылдығындағы шығыс сметасы 457225 АҚШ доллары мен 6361 мың сом мөлшерiнде бекiтiлсiн.
      Республикалық валюта комитетi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне қажеттi қаржы бөлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшiлiгiнiң есебiн ашу үшiн Әлем Банк Қазақстан Вашингтон қаласындағы Ұлттық Ригз Банкiмен корреспонденттiк қатынастар орнатсын.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi