Көрнектi композитор Сыдық Мұқамеджановты мәңгi есте қалдыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 3 қыркүйек 1992 ж. N 738

Қолданыстағы
      Қазақстанның көрнектi композиторы, халық артисi, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк сыйлығының лауреаты Сыдық Мұқамеджановты мәңгi есте қалдыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:

     Қазақстан Композиторлар Одағының:
     Алматы қаласының бiр көшесiне оның есiмiн беру;
     Алматы қаласындағы композитор тұрған Төлебаев көшесiндегi N 117 
үйге мемориал тақта орнату;
     Сыдық Мұқамеджановтың есiмiн Жезқазған облысындағы Шет ауданының 
Ақсу-Аюлы селосындағы музыкалық мектепке беру;
     Алматы музыкалық училищесiндегi студенттерге Сыдық Мұқамеджанов 
атындағы стипендия тағайындау;
     композитордың таңдамалы туындыларын шығару туралы Қазақстан 
Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Мәдениет министрлiгiмен, Баспасөз
және бұқаралық ақпарат министрлiгiмен, Жезқазған облысының және Алматы 
қаласының әкiмдерiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi