Қазақстан республикасының Өнеркәсiп министрлiгi туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 13 тамыз 1992 ж. N 675. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.06.14. N 826 қаулысымен.

Күшін жойған

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi туралы Ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде министрлiктiң орталық аппараты қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң жылдық қорын бекiту үшiн басқару аппаратының құрылымын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсынсын.
 
                Қазақстан Республикасының
                    Премьер-министрi
 

                                                 Қазақстан Республикасы



                                                 Министрлер Кабинетiнiң

                                                1992 жылғы 13 тамыздағы

                                                   N 675 қаулысымен

                                                     Бекiтiлген



 
 
                        Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп
                                министрлiгi туралы
 

                                  Ереже



                           1. Жалпы ережелер



 
 
       1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ ҚСР-iнде мемлекеттiк басқару органдарын қайта құру туралы" 1990 жылғы 20 желтоқсандағы Жарлығымен құрылған Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi (бұдан әрi текст бойынша-Министрлiк) республика өнеркәсiбiнiң қызметiн ретке келтiру мен дамыту саясатын жүргiзушi мемлекеттiк басқару органы болып табылады, өз жұмысында Қазақстан Республикасының заң актiлерiн, Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн, осы Ереженi басшылыққа алады.
      2. Министрлiк Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiнiң жүйесiне кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық дербестiгiнiң негiзiнде халық шаруашылығы мен халықтың өнеркәсiп өнiмi мен халық тұтынатын тауарларға деген қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатымен Қазақстан Республикасының машина жасау, қорғаныс, кен-металлургия және химия кешендерiнiң, орман және ағаш өңдеу, жеңiл және жергiлiктi өнеркәсiп қызметiн мемлекеттiк басқару мен үйлестiрудi жүзеге асырады.
      3. Министрлiк Инвестициялық қор, бюджеттен тыс және басқа да арнаулы қорлар есебiнен өнеркәсiптiң базалық салаларын қаржы жағынан қолдау жөнiнде ұсыныстар қалыптастырып, жасауды жүзеге асырады.
      4. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi:
      тиiстi мемлекеттiк басқару органдарымен бiрлесе отырып, монополияға қарсы саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өнеркәсiптегi мемлекеттiк меншiктi мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру, кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi шаралар жиынтығы мен бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысу;
      халық шаруашылығы мен халықтың өнеркәсiп өнiмiне және халық тұтынатын тауарларға деген қажеттiлiгiн болжау негiзiнде өнеркәсiп салаларын, сондай-ақ республиканың қоғамдық өндiрiсiнде қажеттi құрылымдық бөлiмшелердi дамытудың тұжырымдамалары мен мемлекеттiк басым бағдарламаларын әзiрлеу;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесе отырып, арнаулы техника шығарудың немесе қорғаныс өнеркәсiбiнiң кәсiпорындарында бәсекеге төтеп беретiн өнiм шығару үшiн өндiрiстi конверсиялаудың
бағдарламаларын жасау;
      салалық нормативтiк актiлер мен стандарттардың, ережелер мен нұсқаулардың, техникалық шарттардың жаңаларын және қолданылып жүргендерiн
жетiлдiрудiң жобаларын әзiрлеу және оларды белгiленген тәртiп бойынша мемлекеттiк құрылымдарға тiркеуге немесе бекiтуге ұсыну, меншiктiң түрлерiне қарамастан, Қазақстан Республикасының территориясындағы өнеркәсiптiң акционерлiк қоғамдары мен бiрлестiктерiнiң, кәсiпорындары мен ұйымдарының өндiрiстiк-шаруашылық қызметiнiң ұтымды да тиiмдi болуын қамтамасыз ететiн заң шығару және заңға негiзделген актiлерiн әзiрлеуге қатысу;
      өнеркәсiп салаларында ғылыми-техникалық және инвестициялық саясат пен өндiрiс қуаттарының даму ауқымы мен тепе-теңдiгiн қалыптастыру және iске асыру болып табылады.
 
                            II. Өнеркәсiп министрлiгiнiң
                             қызметi мен функциялары
 
      5. Министрлiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      мемлекеттiк өнеркәсiп кәсiпорындары мен бiрлестiктерiнiң, ұйымдары мен басқа да құрылымдық қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi тұжырымдарды, жарғыларды, ережелердi, басқа да нормативтiк құжаттарды белгiленген тәртiп бойынша бекiтедi;
      мемлекеттiк өнеркәсiп бiрлестiктерiне, концерндерiне, кәсiпорындар мен ұйымдарға меншiктiң әр алуан нысандарына негiзделген нарықтық инфрақұрылымдар қалыптастыруда әдiстемелiк, ұйымдастырушылық көмек көрсетедi;
      өнеркәсiпте стратегиялық мiндеттердi шешу үшiн жұмсалатын қаржы мен валюта қаражатының қажеттiлiгiн негiздейдi, арнаулы қорлар жинайды, ұсыныстар әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының бюджетiн қалыптастыруға қатысады;
 
      Қазақстан Республикасының Мемэкономкомымен және Материалдық ресурстар министрлiгiмен бiрлесе отырып, өнеркәсiп өнiмi мен халық тұтынатын тауарларды шығаруға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыруға қатысады және оның орындалу барысын бақылап отырады;
      республика кәсiпорындарының шарттық қарым-қатынастар мен контрактiлер негiзiнде мемлекеттiк тапсырыстан тыс экспортқа жөнелтетiн өнеркәсiп өнiмдерi мен халық тұтынатын тауарларына квота қоюды жүзеге асырады;
      кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекетаралық сыртқы экономикалық байланыстарын дамытуына ықпал етедi, үкiметтiң тапсыруы бойынша салааралық және мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттарды әзiрлеп, жасайды;
      экспорттық, бәсекеге төтеп беретiн өнiмдер мен тауарларды көбейтуге бағытталған өнеркәсiп салаларын дамытудың мемлекеттiк басым бағдарламаларының iске асырылуын қамтамасыз етедi;
      министрлiктiң, корпорациялар мен концерндердiң, қауымдастықтардың және республиканың өнеркәсiп кешенiне кiретiн басқа да бiрлестiктердiң ақпаратпен қамтамасыз ету жүйелерiн құруға, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен
органдардың, шетелдермен сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық комиссиялардың жұмысына қатысады;
      белгiленген тәртiп бойынша кәсiпкерлер қызметiне мемлекеттiк қолдауды

 

жүзеге асырады;

     тиiстi мемлекеттiк органдармен бiрлесiп, өнеркәсiп кешенiн монополия

үстемдiгiнен арылту жөнiндегi шараларды белгiлейдi жүзеге асырады;

     нарықтық қатынастар жағдайында республиканың өнеркәсiп кешенi

кәсiпорындарының, бiрлестiктерi мен ұйымдарының экономикалық және

әлеуметтiк

жағынан қорғауды қамтамасыз етедi;

     өндiрiстiк бiрлестiктер мен кәсiпорындардың айрықша кезде де олардың

өндiрiсiн жұмылдыруға әзiрлiк жөнiндегi қызметiн үйлестiрудi жүзеге

асырады.


                           III. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп

                                  министрлiгiнiң хұқықтары


     6. Министрлiктiң алдына қойылған мiндеттер мен жүктелген функцияларына

сәйкес:


 
       Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып, белгiленген тәртiппен өнеркәсiп кәсiпорындарын мемлекет иелiгiнен алуға және жекешелендiруге қатысуға;
      мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, өнеркәсiп салаларын дамытудың мемлекеттiк басым бағдарламаларын қаржымен және материалдық ресурстармен қамтамасыз ету мәселелерiн шешуге қатысып отыруға;
      бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражатын Министрлiктiң осы Ережеде көзделген негiзгi мiндеттерiнiң iске асырылуына пайдалануға;
      мемлекеттiк басым бағдарламаларды iске асыру үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң жеңiлдетiлген несиелерiн бөлуге қатысуға;
      корпорациялардың, концерндердiң, қауымдастықтардың және Қазақстан Республикасының өнеркәсiп кешенiне кiретiн басқа да бiрлестiктердiң оларға берiлген мемлекеттiк басқару органдарының хұқықтары мен функцияларын орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
      Мемэкономкоммен және Материалдық ресурстар министрлiгiмен, сондай-ақ республиканың басқа да ведомстволарымен бiрлесе отырып, Қазақстанның басқа мемлекеттермен ынтымақтастығы туралы келiсiмдер мен шарттарды әзiрлеуге қатысуға;
      республиканың өнеркәсiп кешенi корпорацияларының, концерндерiнiң, бiрлестiктерi мен кәсiпорындарының басшы кадрларының резервiн орналастыру, даярлау мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешуге;
      өз құзыры шегiнде нормативтiк құжаттарды басып шығаруға, корпорациялар, концерндер, қауымдастықтар, кәсiпорындар және өнеркәсiп кешенiнiң басқа да бiрлестiктерi үшiн мiндеттi Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн орындау үшiн қаулылар қабылдауға; олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыруға;
      Министрлiкке жүктелген мiндеттердi орындау үшiн корпорациялардан, концерндерден, қауымдастықтардан, кәсiпорындардан және басқа да бiрлестiктерден өнеркәсiп кешенi қызметiнiң мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк статистикалық есептелiкте көзделмеген қажеттi ақпаратты, материалдарды, анықтамалық деректердi сұратып алуға;
      өз құзырының шегiнде мемлекеттiк кәсiпорындарды, ұйымдар мен мекемелердi құру, қайта құру, тарату жөнiндегi мәселелердi белгiленген тәртiппен шешуге;
      республиканың өнеркәсiп кешенiнде баға мен салық саясатын қалыптастыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге және оларды белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардың қарауына енгiзуге;
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi тарапынан өзiне берiлген хұқыққа сәйкес өнеркәсiп кешенiне кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн иеленуге, пайдалануға және басқаруға;
      көп салалы, трансұлттық және республикааралық холдингердi қалыптастыру

 

жөнiндегi ұсыныстар енгiзуге, нормативтiк актiлерге сәйкес олардағы

мемлекеттiк акциялардың пакетiн ұстаушы болуға хұқы бар.


                           IV. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп

                               министрлiгiнiң басшы органдары


     7. Министрлiктi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес

тағайындалып, бекiтiлетiн Министр басқарады.

     Министрдiң өз ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер

Кабинетi тағайындайтын орынбасарлары болады.

     8. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрi:

     Министрлiктiң қызметiн басқарады;

     Министрлiкке жүктелген мiндеттер мен функциялардың орындалуы үшiн жеке

өзi жауапты болады;

     өз орынбасарлары мен Министрлiктiң бөлiмшелерi басшыларының арасында

мiндеттердi бөледi;


 
       Министрлiктiң бөлiмшелерi туралы Ереженi, белгiленген адам саны мен еңбекке ақы төлеу қоры шегiнде орталық аппараттың құрылымы мен штатын бекiтедi;
      Министрлiкке жұмысқа қабылдайды және аппарат қызметкерлерiн жұмыстан босатады;
      Министрлiк бюджетiнiң пайдаланылуына бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Министрлiктiң мүлкiне иелiк етедi;
      Министрлiктiң қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың құрылымына өзгерiстер енгiзедi;
      Мемлекеттiк корпорациялардың, концерндердiң, қауымдастықтардың, бiрлестiктер мен басқа да мемлекеттiк кәсiпорындардың бiрiншi басшыларын шарттық негiзде лауазымдық орынға бекiтедi және жұмыстан босатады.
      9. Министрлiкте құрамында Министр (алқаның төрағасы) лауазымы жөнiнен Министрдiң орынбасарлары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өнеркәсiбi салаларының басшы қызметкерлерi бар алқа құрылады. Министрлiктiң алқа құрамы мен алқа мүшелерiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Алқа Министрлiктiң құзыры шегiнде өнеркәсiп салаларының жұмыс атқаруындағы аса маңызды мәселелердi қарап отырады.
      10. Министрлiктiң құрамында шаруашылық есеп принциптерi негiзiнде iс-қимыл жасаушы корпорациялардың, концерндердiң, қауымдастықтар мен басқа да құрылымдардың өкiлдiктерi құрылады.
      11. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi заңды ұйым болып табылады, банкте есеп айырысу, бюджеттiк және валюталық шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы қазақ және орыс тiлдерiнде жазылған мөрi бар.