1. 1992 жылдың 1 қазанынан бастап қосылған құнға салынатын
салықтан босатылатын, Қазақстан Республикасында өндiрiлетiн және халыққа сатылатын балалар тауарлары түр-түрiнiң осыған қосылған Тiзбесi бекiтiлсiн. 2. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын сауда кәсiпорындары мен ұйымдары сауданың қосымша құнға салынатын салық жөнiндегi бюджетпен өзара есеп айырысуына өзгерiстер енгiзу есебiнен балалар тауарлары түр-түрiнiң қалдықтарын қайта бағалайтын болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 12 тамыздағы N 673 қаулысымен Бекiтiлген Қосылған құн салығынан босатылатын балалар тауарлары түр-түрiнiң Тiзбесi Тiгiн бұйымдары (таза жүн мен табиғи жiбек маталардан жасалған бұйымдардан басқалары) Сыртқы трикотаж (таза жүннен иiрiлген бұйымдардан басқалары) Iш киiмдiк трикотаж Нәрестелерге арналған iш киiм Шұлық-ұйық бұйымдары Бас киiм, шарф, қолғап Аяқ киiмнiң барлық түрлерi Портфель, ранец, жасанды терiден жасалған оқушы сөмкелерi бас киiмдердiң барлық түрлерi, оның iшiнде мехтан тiгiлген Арбашалар, велосипедтер, спорт жабдықтары Ойыншықтар Оқушы дәптерлерi, сурет салатын альбомдар, кiтаптар