Мұнай мен көмiрге ренталық төлемдердiң ставкасын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 тамыз 1992 ж. N 672

Жаңартылған
      "Тiркелген (ренталық) төлемдер туралы" және "Қазақстан Республикасының 1992 жылға арналған республикалық бюджетi туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1992 жылғы 1 маусымнан бастап екi еселенген орташа салалық рентабельдiлiктi асырған жағдайда "Маңғышлақмұнай" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайға ренталық төлем ставкасы бiр тоннадан 765 сом, "Теңiзмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайға - тоннасынан 140 сом, "Қаражанбастерммұнай" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайға - тоннасынан 755 сом, "Оңтүстiкқазмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн мұнайға - тоннасынан 430 сом мөлшерiнде белгiленсiн.
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - Қазақстан Республикасы
               Министрлер Кабинетiнiң 1992.09.30. N 905 қаулысымен.
      2. "Қарағандыкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiне Қарағанда "Екiбастұзкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгiнде айрықша қолайлы кен-геологиялық жағдайына орай сараланған таза табыс құралып отыр.
      Осыған байланысты 1992 жылғы 1 маусымнан бастап "Екiбастұзкөмiр" өндiрiстiк бiрлестiгi өндiретiн көмiрге тiркелген (ренталық) төлем ставкасы бiр тоннадан 115 сом мөлшерiнде белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi