Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарына кiруi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 тамыз 1992 ж. N 659

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелiгiн ресiмдеудi аяқтағаннан кейiн Қазақстан Республикасы тиiстi ұйымдардың басшы органдарына бiр атқарушы директор сайлайтын елдердiң ("сайлау округтерi") мына топтарына:

     Халықаралық валюта қорына (ХВҚ) - Бельгия, Австрия, Түркия, 
Чехословакия, Венгрия және Люксембург құрайтын елдер тобына;
     Халықаралық қайта жаңарту мен дамыту банкiне (ХҚЖДБ) - жоғарыда 
аталған топқа;
     Европалық қайта жаңарту мен дамыту банкiне (ЕҚЖДБ) - Австрия,
Кипр, Израиль және Мальта құрайтын топқа кiру үшiн өтiнiмдер жасайтын
болып белгiленсiн.
<*>

     ЕСКЕРТУ. Қаулы өзгердi - ҚРМК-нiң 1993.07.30. N 656 қаулысымен.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi