Қазақстан Республикасында Жарылыс iсiн жетiлдiру және үйлестiру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 тамыз 1992 ж. N 658.

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Бiрыңғай ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, министрлiктер мен ведомстволар қызметiн үйлестiру, кәсiпорындарды жарғыш материалдармен, арнайы көлiкпен, техникамен және жабдықтармен қамтамасыз етудi жақсарту, жарылыс жұмыстарын жүргiзген кезде қауiпсiздiктi көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi (Мемкенқадағалауком) жанынан Жарылыс iсi жөнiндегi Ведомствоаралық Кеңес құрылсын.
      Ведомствоаралық Кеңеске шаруашылық қызметiнде жарғыш заттарды және жарылыс жұмыстарын механикаландыру құралдарын пайдалануға, сондай-ақ министрлiктер, ведомстволар, корпорациялар, концерндер және шаруашылық қызметтiң басқа да субъектiлерi үшiн жарылыс iсiн жетiлдiру мен жарылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде болатын апат пен өндiрiстiк жарақат алу себептерiн жоюға бағытталған шараларды жүзеге асыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеуге байланысты мәселелер бойынша министрлiктер мен ведомстволардың қызметiн үйлестiру жүктелсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомы министрлiктермен және ведомстволармен келiсе отырып, Жарылыс iсi жөнiндегi Ведомствоаралық Кеңестiң жеке құрамын жасақтасын және 1992 жылғы 15 қыркүйекке дейiн Ведомствоаралық Кеңестiң Ережесiн әзiрлеп, бекiтетiн болсын.
      3. Жарылыс iсi жөнiндегi Ведомствоаралық Кеңестiң жұмысын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Мемкенқадағалаукомының орталық аппаратына қосымша 3 адам берiлсiн.
      4. Ведомствоаралық Кеңестiң шешiмi Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрлiгi, iшкi iстер министрлiгi және Ұлттық қауiпсiздiк 
комитетiнен басқа республиканың жарылыс жұмыстары жүргiзiлетiн, жарғыш 
заттар мен жарылыс жұмыстарын механикаландыру құралдарын дайындайтын, 
жарғыш заттарды тасымалдау және сақтау жұмыстарын жүзеге асыратын 
барлық министрлiктерi, ведомстволары, кәсiпорындары мен ұйымдары үшiн 
орындауға мiндеттi деп белгiленсiн.
     5-7. 
<*>

     ЕСКЕРТУ. 5,6,7-тармақтары күшін жойды - Қазақстан Республикасы        
              Үкіметінің 2002 жылғы 11 шілдедегі N 763 қаулысымен.
               

P020763_

 
 
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi