Нарыққа өту жағдайында денсаулық сақтауды жетiлдiрудiң шұғыл шаралары туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 5 тамыз 1992 ж. N 657. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

Күшін жойған

      Өтпелi кезеңде халықты және емдеу-профилактика мекемелерiн дәрi-дәрмекпен, медициналық техника бұйымдарымен қамтамасыз етуде елеулi қиыншылық пайда болып, денсаулық сақтау объектiлерiн салу көлемi күрт қысқарды, нақты қаржыландыру төмендеп кеттi. 
      Өзгерген әлеуметтiк-экономикалық жағдайда мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдары саланың жұмысын қайта бағдарлауға уақтылы шаралар қолданбады. 
      Экологиялық жағдай ушығып, халықтың тұрмыс деңгейi төмендеп барады. 
      Демографиялық процестердiң және халықтың денсаулық көрсеткiштерiнiң нашарлауы байқалуда: жалпы өлiм көбейiп, бала туу азайды, өмiр сүрудiң орташа ұзақтығы төмендедi, сәбилер өлiмiнiң көрсеткiшi жоғары күйiнде қалып, ересектер мен балалардың ауруға шалдығуы ұлғайды. Осылардың салдарынан жыл сайынғы экономикалық ысырап бiрнеше миллиард сомға жетiп отыр. 
      Жергiлiктi әкiмдер, министрлiктер мен ведомстволар "Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын қорғау туралы" Заңды жүзеге асыруға әлi де тиiстi шаралар қолданбады. 
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi үстiмiздегi жылғы 1 қазанға дейiн облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен және мүдделi министрлiктермен, ведомстволармен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау реформасының тұжырымдамасын ескере отырып денсаулық сақтау реформасының бағдарламасын әзiрлеп, онда бюджеттiк-сақтандыру, жалгерлiк, жеке медицинаның жаңа үлгiсiне көшу, саланы басқаруды орталықсыздандыру, әйелдер мен балаларға, оның iшiнде ауытқушылық дамуының бастапқы диагностикасы жөнiнде, туберкулез, бруцеллез ауруларымен ауыратындарға, республиканың экологиясы қолайсыз аймақтарының халқына медициналық жәрдем көрсетiлуiн ұйымдастыру, санаторий-курорт iсiн жетiлдiру, денсаулық сақтау жүйесiнде медицина, педагог және ғылыми кадрлар даярлау жөнiнде бiрiншi кезектегi шараларды анықтайтын болсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы, Қаржы министрлiгi, Материалдық ресурстар министрлiгi, басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi жылдық жоспар мен бюджет жобасын, орташа мерзiмдiк және перспективтi болжамдарды әзiрлеген кезде денсаулық сақтау проблемалары жөнiндегi мақсатты бағдарламалар республиканың мемлекеттiк тапсырысына енгiзiлуiн қамтамасыз етсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы үстiмiздегi жылдың екiншi жартысына Қазақстан Республикасының Инвестиция қоры қаржысын бөлу кезiнде республикалық бағыныстағы мекемелер мен ұйымдарға оқу-лаборатория корпустарын, тұрғын үйлер және студенттер жатақханасын салуға арнап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне қажеттi қаражат бөлiнуiн көздесiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi медицина жабдықтарын, санитарлық автокөлiк сатып алуға, ТМД-елдерiнде кадрлар даярлауға және ауруларды емдеуге үстiмiздегi жылдың екiншi жартысында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiне 635 млн. сом қосымша қаржы бөлу туралы мәселе қарастырсын. 
      5. Республикалық валюта комитетi Ресейдiң "Фарминдустрия" корпорациясының шығынын валютамен жабуды, сондай-ақ өмiрлiк маңызы бар дәрi-дәрмектер мен медицина техникасының бұйымдарын сатып алуға қажеттi валюталық қаржы бөлудi көздейтiн болсын. 
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi 1993 жылдан бастап денсаулық сақтауды бiр тұрғынға арналған нормативке сүйенiп қаржыландыруды жүзеге асырсын. 
      7. Қазақстан Республикасының Мемэкономкомы, Қаржы министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi үстiмiздегi жылдың 1 қыркүйегiне дейiн дәрi-дәрмектiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың барлық түрiнiң бөлшек сауда бағасын босату жөнiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзiп, халықтың дәрi-дәрмек жеңiлдiк жолмен босатылатын категориялары мен аурулар тiзбесiн анықтайтын болсын. 
      8. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi: 
      үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн тиiмсiз пайдаланылатын төсек қорларын санитарлық нормаға дейiн қысқартып, босаған қаржыны осы мекемелердiң мұқтажына жұмсайтын болсын; 
      1993-1995 жылдары барлық облыстарда пансионаттары және медицина-генетика консультациялары бар диагностика орталықтарын құрсын; 
      денсаулық сақтауды қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерiн қалыптастыру - кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерiне шаруашылық есеп негiзiнде нормативтен тыс медициналық жәрдем, ақылы медициналық қызмет көрсету және кәсiпкерлiк қызметтiң заңға қайшы келмейтiн басқа да түрлерiнiң көлемiн ұлғайту жөнiнде шарт жасасуға шаралар қолдансын; 
      сақтандыру медицинасын кезең-кезеңiмен енгiзуге әзiрлiк жұмысын жүргiзсiн; 
      санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды күшейту, адамдардың жаппай ауруға шалдығуын болдырмау жөнiнде қосымша шаралар қолдансын; 
      салауатты өмiр сүрiп жүрген адамдарды материалдық тұрғыда көтермелеп, шаруашылық есеп негiзiнде денсаулық сақтау орталықтарын құратын болсын. 
      9. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Меммүлiккомымен, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп "Мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңының денсаулық сақтау мекемелерiн жекешелендiруге қатысты бөлiгiне өзгерiстер енгiзу туралы белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне ұсыныс енгiзсiн. 
      10. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың 1 қазанына дейiн "Қазақстан Республикасында халықтың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасындағы жеке медициналық практика туралы ереженi әзiрлейтiн болсын. 
      11. Бiлiм министрлiгi Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен бiрлесiп 1992/93 оқу жылынан бастап медицина институтына қабылдауды қысқартып, жоғары оқу орындарында, дәрiгерлердiң бiлiмiн жетiлдiру институтында, аспирантурада және докторантурада оқушылардың белгiлi бiр категориясына жеңiлдiк бере отырып ақылы оқыту жүйесiн кеңейтудi жүзеге асырсын. 
      <*> 
      ЕСКЕРТУ. 11-тармағының 2 абзацының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.28. N 1469 қаулысымен.  P991469_  
      12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Өнеркәсiп министрлiгi, "Қазфармбиоөндiрiс" концернi белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Қеңесiне: 
      <*> 
      дәрi-дәрмек және биопрепараттар, медициналық техника мен медициналық мақсаттағы бұйымдар өндiретiн кәсiпорындарға "Медтехника" республикалық өндiрiс-техникалық бiрлестiгi мен "Фармация" өндiрiс бiрлестiгiне жеңiлдiктi кредит беру туралы ұсыныстар енгiзсiн. 
      Ескерту. 12-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.02. 
               N 1069 қаулысымен. 
      13. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi дәрi-дәрмектiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын бақылау және стандарттау жөнiндегi тиiстi құрылымдық бөлiмшелер ұйымдастыру туралы белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн. 
      14. Денсаулық сақтау министрлiгi Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп үстiмiздегi жылғы 1 қазанға дейiн халық шаруашылығы қызметкерлерiнiң барлық категорияларына арналып енгiзiлген бiрыңғай тарифтiк кесте негiзiнде денсаулық сақтау қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеудiң сараланған жүйесi туралы ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын. 
      15. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi медициналық сақтандыру компанияларымен бiрлесiп Қазақстан Республикасында тұрақты немесе уақытша тұратын шет ел мамандарын медициналық сақтандыру мәселесiн қарастырсын. 
      16. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi мемлекеттiк комитеттер, министрлiктер мен ведомстволар "Қазақстан Республикасының халықтың денсаулығын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1992 жылғы 10 қаңтардағы N 1108-XII қаулысын және осы қаулыны жүзеге асырудың барысы туралы жыл сайын 1 желтоқсанға қарай Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне хабарлап тұратын болсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi