Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарманың құла түздегi, биiк таулардағы және аралдардағы гидрометеорологиялық станциялардың қызметкерлерiн азық-түлiк сыбағасымен жабдықтау туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 3 тамыз 1992 ж. N 652

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарманың құла түздегi, биiк таулардағы және аралдардағы гидрометеорологиялық станциялар мен постылардың қызметкерлерiн азық-түлiк сыбағасымен жабдықтау тәртiбiн белгiлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқармасына климат жағдайы ауыр құла түзде, биiк таулы аудандарда орналасқан гидрометеорологиялық станциялар мен постылардың қызметкерлерiн тегiн тамақпен қамтамасыз етуге рұқсат етiлсiн.
      2. Географиялық және климат жағдайларына қарай тегiн тамақ берудiң нормалары бойынша гидрометеорологиялық станциялар мен постылар үш санатқа бөлiнсiн.
      Құла түздегi сусыз және елсiз аудандар мен теңiз деңгейiнен 2000 метр биiктiктегi биiк таулы аудандарда орналасқан гидрометеорологиялық станциялар мен постылар бiрiншi санатқа жатқызылсын.
      Iрi елдi мекендерден (20 километрден аса) шалғай жатқан құла түздегi теңiз деңгейiнен 1000-нан - 2000 метрге дейiн биiктiктегi тауларда, елсiз аралдар мен түбектерде орналасқан гидрометеорологиялық станциялар мен постылар екiншi санатқа жатқызылсын.
      Қазақстанның шалғайдағы ел аз қонған, таяу iрi мекендермен тұрақты байланысы жоқ (20 километр және одан шалғай) аудандарында орналасқан гидрометеорологиялық станциялар мен постылар үшiншi санатқа жатқызылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарма қатынауы қиын станциялардың сыбаға санаттары бойынша бiр адамға берiлетiн азық-түлiктiң түр-түрiн Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Еңбек министрлiгiмен және Сауда министрлiгiмен келiсетiн болсын.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бағалар индексiнiң өзгеруiн ескерiп, бюджет есебiнен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарманың қатынауы қиын станцияларының сыбаға санаттары бойынша тағам өнiмдерiнiң келiсiлген түр-түрiне төлем жасалуын көздесiн.
      Облыстардың әкiмдерi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқармасы бекiткен тiзiмдер бойынша облыстардың ресурстары есебiнен сыбаға белгiленген станциялар мен постыларға тамақ өнiмдерiн берiп тұруды қамтамасыз етсiн.
      4. Сыбаға берiлетiн станциялар мен постылардың тiзiмдерiн жыл сайын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқармасы бекiтетiн болып белгiленсiн.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi