Әлеуметтiк-еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтiк әрiптестiк туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 3 тамыз 1992 ж. N 645. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.03.01. N 308 қаулысымен. ~P010308

Күшін жойған

      Еңбек қатынастарын хұқықтық реттеу жүйесiне реформа жасауды жүзеге асыру, қоғамның барлық әлеуметтiк топтары мен жiктерiнiң өзара сенiм мен сындарлы ынтымақтастығы негiзiнде мемлекеттiң дәнекерлiк етуiмен әлеуметтiк әрiптестiк қатынастарын, азаматтық татулықты жолға қою үшiн жағдай туғызу мақсатында, сондай-ақ кәсiподақ органдарының, концерндердiң, қауымдастықтардың және кәсiпкерлердiң мүдделерiн бейнелейтiн басқа да бiрлестiктердiң ұсыныстарын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк өкiмет және басқару органдары мен меншiк өкiлдерi (жұмыс берушiлер, жұмыс берушiлер бiрлестiктерi) және кәсiподақтардың республикалық бiрлестiктерi арасында республикалық, салалық және жергiлiктi деңгейде еңбек және әлеуметтiк-экономикалық қатынастар саласында жыл сайын келiсiмдер жасасуы iс-тәжiрибесiне енгiзiлсiн.
      2. Салалық тарифтiк келiсiмдер жасасу тәртiбi туралы осыған қосылған Ереже бекiтiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының "Ұжымдық шарттар мен келiсiмдер туралы" Заңы қабылданғанға дейiн келiсiмдерге қатысты алауыздықтармен туындаған еңбек дауларын шешу үшiн Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне:
      келiсiмдердiң тiркелуiн және мемлекеттiк басқару органдарының, меншiк нысаны мен ведомстволық қарастылығына қарамастан, кәсiпорындардың бiрлестiктер мен ұйымдардың оларды орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
      ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) шешу жөнiндегi жұмысқа республиканың министрлiктерi мен ведомстволарының, қауымдастықтардың, концерндердiң, корпорациялар мен басқа да бiрлестiктердiң (кәсiпорындардың) басшылары мен қызметкерлерiн тартуға хұқы бар.
      4. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне, Мемэкономкомға Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен келiсiп:
      ұжымдық еңбек дауларын (жанжалдарын) қарау және реттеу жөнiндегi республикалық пәтуаластыру комиссиясының құрамын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсыну;
      комиссияның хұқықтық мәртебесiн, оның қызметiнiң тәртiбi мен шарттарын, тараптардың мүдделерiн бiлдiруге өкiлдiк беру және тәуелсiз сарапшыларды тарту тәртiбiн белгiлеу тапсырылсын.
      5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, меншiк нысанына қарамастан, салалық өкiлдiк хұқын алған концерндер, корпорациялар, қауымдастықтар мен басқа да бiрлестiктер салалық тарифтiк келiсiмдер жобаларын әзiрлеу және еңбек дауларын реттеу үшiн бiр ай мерзiмде құрамында жұмыс берушiлер мен кәсiподақтардың өкiлдерi бар салалық комиссиялар құратын болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi әлеуметтiк әрiптестiк туралы келiсiмдер жасасу жөнiндегi келiссөздердiң барысын кеңiнен әйгiлеп отыруды ұйымдастыратын болсын.
 
                Қазақстан Республикасының
                   Премьер-министрi
 

                                           Қазақстан Республикасы



                                           Министрлер Кабинетiнiң

                                           1992 жылғы 3 тамыздағы

                                               N 645 қаулысымен

                                                  Бекiтiлген



 
 
                 Салалық тарифтiк (республикалық, салалық,
              аймақтық) келiсiмдер жасасудың тәртiбi туралы
                                Ереже
      Осы Ереже салалық тарифтiк келiсiмдер жасасудың тәртiбiн ұсынады.
 
      I. Салалық тарифтiк келiсiмдер жайындағы ұғым
 
      Салалық тарифтiк келiсiмдерге халық шаруашылығының жекелеген салалары (салалар кешендерi) деңгейiнде еңбек қатынастарын реттейтiн ұжымдық келiссөздерге қатысушы тараптар жасасқан келiсiмдер жатады.
      Салалық тарифтiк келiсiм - саладағы еңбек қатынастарын реттеудiң шарттары туралы келiссөздерге қатысушы тараптар арасындағы заң жүзiнде ресiмделген жазбаша шарт.
 
      II. Салалық тарифтiк келiсiмдерге қатысушы тараптар
 
      Меншiк иесiнiң мүддесiн бiлдiретiн органдар (салалық басқару органдары) мен еңбек ұжымдарының мүдделерiн бiлдiретiн кәсiподақтардың бiрлестiктерi немесе өзге де бiрлестiктер салалық тарифтiк келiсiмдерге қатысушы тараптар болып табылады.
      Меншiк иесiнiң (жұмыс берушiнiң) мүддесiн бiлдiретiн салалық органдарға министрлiктер, концерндер, қауымдастықтар және мемлекеттiк кәсiпорындардың басқа да бiрлестiктерi жатады. Меншiктiң өзге нысандары жағдайында оның мүдделерiн салалық сипатына қарай қалыптасқан кәсiпкерлер (кәсiпорындар басшылары) одақтары бiлдiредi.
      Еңбек ұжымдарының мүдделерiн бiлдiретiн салалық бiрлестiктерге тиiсiнше сайланған, тиiстi өкiлдiктер (Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес) берiлген және салалық сипатына қарай қалыптасқан кәсiподақ ұйымдары немесе еңбекшiлердiң өзге де өкiлеттi ұйымдары жатады.
      Республика үкiметi, жергiлiктi өкiмет органдары салалық тарифтiк келiсiмдер жасасу жөнiндегi келiссөздердi ұйымдастыруға жәрдемдеседi және қатысады, ал қажет болған жағдайларда салалық тарифтiк келiсiмдер жасасуға толық хұқығы бар тарап бола алады.
 
      III. Салалық тарифтiк келiсiмдердiң қолданылу аясы
 
      Салалық тарифтiк келiсiмдердiң қолданылу аясы осы саланың (министрлiктiң, концерннiң және т.с.) кәсiпорындарына, ұйымдары мен мекемелерiне, кәсiбiне қарамастан, жалдау шартымен қабылданған барлық қызметкерлердi, сондай-ақ кәсiпкерлердi (жұмыс берушiлердi) қамтиды.
 
      IV. Келiсiм жасау рәсiмi
 

 

     Келiсiм жасау рәсiмi, келiссөздердi ұйымдастыру тәртiбi

тараптардың өзара келiсiмi бойынша белгiленедi.


     V. Келiсiмнiң қолданылу мерзiмi


     Келiсiмнiң қолданылу мерзiмiн келiссөздерге қатысқан тараптар

белгiлейдi.


     VI. Келiссөздердiң мәнi



 
       Салалық тарифтiк келiсiмдер жасау жөнiндегi келiссөздерде талқылануға арналған мәселелердiң нақты тiзбесiн тараптар белгiлейдi. Олардың қатарына тараптардың мынадай мiндеттемелерi:
      а) бiрлескен мiндеттемелерi:
      өндiрiстiк көлемiн, еңбек өнiмдiлiгiнiң деңгейiн және өнiм сапасын қамтитын саланың экономикалық дамуында белгiлi бiр көрсеткiштерге жету:
      мемлекеттiк қажетi үшiн басқа тұтынушыларға өнiм жеткiзудi қамтамасыз ету;
      орташа жалақының өсуiн қамтамасыз ету және басқалары;
      б) меншiк иесiнiң (кәсiпкерлердiң) мүдделерiн бiлдiретiн органдар тарапынан:
      салалық тарифтiк келiсiмдерде көзделген әлеуметтiк кепiлдiктердi сақтау, соның iшiнде:
      - сала қызметкерлерiнiң тиiстi кәсiптiк-мамандық топтары бойынша ставкалар мен еңбекақыларының мөлшерiн (мемлекеттiк тарифтен төмендетпей);
      - қосымша ақылар мен үстеме ақылардың мөлшерлерiн және оларды төлеудiң тәртiбiн (мемлекет тағайындаған мөлшерден азайтпай);
      - салааралық және салалық еңбек нормаларын қолданудың тәртiбiн;
      - қызметкерлердi тарифтеу мен аттестациялаудың тәртiбiн;
      - еңбек пен демалыс тәртiбiн;
      - әр түрлi жеңiлдiктердi, өтемақыларды және басқаларын белгiлеу;
      жұмыспен қамту саласындағы саясатты айқындау;
      кадрларды кәсiби даярлау және қайта даярлау;
      шаруашылықты жүргiзудiң прогресшiл құрылымы мен әдiстерiн дамыту;
      кәсiпорындар мен ұйымдарда озық техника мен технологияны, ғылыми-техникалық прогрестiң басқа да жетiстiктерiн енгiзу; рентабельдi және бәсекеге қабiлеттi өнiмдер шығару;
      жұмыс орындарының хауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде пәрмендi саясат жүргiзу;
      жұмыстан жаппай босату және кәсiпорындарды жабу шараларынан бас тарту, қызметкерлердi жұмыстан босатудың алдын алатын шаралар қолдану;
      объективтi себептерге байланысты келiсiмде көзделген әлеуметтiк кепiлдiктердi сақтау үшiн жеткiлiктi қаржылары жоқ кәсiпорындарға қаржымен, соның iшiнде тиiстi резервтiк қорлар арқылы қолдау жасау;
      салалық тарифтiк келiсiмдер жасасқан, еңбекшiлердiң мүдделерiн

 

бiлдiретiн органдарға олардың талап етуi бойынша саланың даму

жоспарлары мен перспективалары туралы және тағы басқадай ақпарат берiп

отыру;

     в) еңбек ұжымдарының мүдделерiн бiлдiретiн салалық бiрлестiктер

тарапынан:

     келiсiм шарттарын орындау барысында ереуiлден бас тарту;

     еңбек тәртiбiн қамтамасыз ету;

     еңбек ұжымдарының кәсiпорындарға, министрлiкке (концернге,

қауымдастыққа және сондайларға) материалдық зиян келтiрген негiзсiз

әрекеттерi үшiн қаржылай жауапкершiлiгi жөнiндегi мiндеттемелер

енгiзiлуi мүмкiн.


     VII. Тарифтiк келiсiмдi орындаудың барысына бақылау жасау


     Тараптардың әрқайсысының тарифтiк келiсiмiнiң орындалу барысына

дербес бақылау жасауға хұқы бар.