Павлодар индустриалды институтын қазақ мемлекеттiк техникалық университетi етiп қайта құру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 21 шiлде 1992 ж. N 615

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ғылымды және халыққа бiлiм берудi дамыту мәселелерi жөнiндегi, Өнеркәсiптi, көлiктi және байланысты дамыту мәселелерi жөнiндегi комитеттерiнiң 1992 жылғы шiлдеден бастап Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiне бөлiнген бюджет қаражаты шеңберiнде Павлодар индустриалды институтын Қазақ мемлекеттiк техникалық университетi етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасының Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi осы университеттiң құрылымын, республиканың инженер кадрлары жөнiндегi қажетiн қанағаттандырарлықтай мамандықтар мен мамандандыру тiзбесiн анықтасын.
      3. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Бiлiм министрлiгi Қазақ мемлекеттiк техникалық университетiнде өзiнiң полиграфиялық базасы болуы және оған баспа қызметiмен шұғылдану хұқын беру мәселесiн шешетiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi