Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылық өсiмдiктерi мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi республикалық комиссияны құру туралы <*> Ескерту. Қаулының атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.01.09. N 37 қаулысымен.

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 20 шiлде 1992 ж. N 608. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999.04.29. N 498 қаулысымен.

Күшін жойған
      ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚРҮ-ің 1999.04.29. N 498 қаулысымен.
               P990498_
      Қазақстан Республикасында пестицидтердi және басқа препараттарды қолдану регламентiн тәртiпке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанынан Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн және орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi республикалық комиссия құрылсын. <*> <*>
      Ескерту.1-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1996.01.09. N 37
              қаулысымен.
      Ескерту.1-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 651
              қаулысымен. P980651_
      2. Аталған Комиссияға адамның денсаулығы мен айналадағы ортаның хауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн өсiмдiк қорғау құралдарын қолданудың биологиялық, токсикологиялық-гигиеналық және экологиялық регламентiн әзiрлеу мен тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ауыл және орман шаруашылықтарында пайдалануға рұқсат етiлген пестицидтердiң тiзбесiн мемлекеттiк тiркеуден өткiзу жүктелсiн.
      3. Комиссияға:
      оған жүктелген мiндеттердi шешу үшiн зерттеу шарттық негiзде жүргiзiлсiн.
      <*>
      Комиссия қызметiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес осы құралдар қолданылатын аймақта қалыптасқан экологиялық жағдайға және бұл мәселе жөнiнде осы заманғы ғылыми зерттеулер мен ұсыныстардың болуына қарай пестицидтердiң және басқа химияландыру құралдарының тiзбесiне, оларды қолдану технологиясына өзгерiстер енгiзу хұқы берiлсiн.
      Ескерту. 3-тармақтың 2-абзацы жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1996.
               01.09. N 37 қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ.3-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.09. N 651
              қаулысымен. P980651_

      4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасында Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi мен орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын, феромондарды және өсуiн реттегiштердi сынау мен тiркеу жөнiндегi республикалық комиссия туралы Ереженi әзiрлеп, бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын. <*>

     Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРМК-нiң 1996.01.09.
              N 37 қаулысымен.
     5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару 
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне комиссияның жұмыс аппаратын 
орналастыру үшiн үй-жай (100 м2 кем емес) бөлу тапсырылсын.
<*>

     Ескерту. Жаңа 5-шi тармақпен толықтырылды - ҚРМК-нiң 1996.
              01.09. N 37 қаулысымен.                

          Қазақстан Республикасының
             Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1992 жылғы 20 шiлдедегi
                                           N 608 қаулысына
                                              Қосымша

     Қазақстан Республикасында ауыл шаруашылық өсiмдiктерi мен
       орман алқабын химиялық, биологиялық қорғау құралдарын,
       феромондарды  және өсуiн реттегiштердi сынау мен
         тiркеу жөнiндегi Мемлекеттiк ведомствоаралық
                        комиссияның

                           Құрамы

     Косарев В.А.   - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                      министрiнiң орынбасары (комиссиясының
                      төрағасы)

     Ляхов Б.К.     - Республикалық өсiмдiк қорғау стансасының
                      бастығы (төрағасының орынбасары)

     Реймер А.А     - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                      министрiнiң орынбасары, Қазақстан
                      Республикасының Мемлекеттiк бас санитарлық
                      дәрiгерi (төрағаның орынбасары)

     Әмiрғалиев Н.А - Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу
                      институты директорының ғылым жөнiндегi
                      орынбасары

     Баканов Ш.А    - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
                      аймақтық тамақтандыру проблемалары ғылыми
                      орталығының пестицидтер гигиенасы
                      лабораториясының меңгерушiсi

     Беляков В.П    - "Қазқұнарлылық" мемлекеттiк-кооперативтiк
                      бiрлестiгiнiң төрағасы

     Букенова Р.К   - Қазақ ауыл шаруашылық ғылыми академиясының
                      егiншiлiк, мелиорация, экология, орман
                      шаруашылығы және агроэкожүйе бөлiмшесiнiң
                      ғалым хатшысы

     Дмитриенко В.Е - Қазақ азаматтық авиация басқармасының бас
                      маманы

     Ершова Н.П     - Орман шаруашылығы комитетiнiң Бас маманы

     Корниевский Е.Ю- Республикалық санитарлық-эпидемиологиялық
                      стансасының пестицидтер токсикологиясы
                      лабораториясының меңгерушiсi

     Лукашев А.А    - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
                      министрлiгiнiң гигиена және кәсiптiк
                      аурулар ғылыми-зерттеу институтының
                      интоксикация механизмiн зерттеу 
                      лабораториясының меңгерушiсi

     Малыгин Е.В    - Мемлекеттiк карантин инспекциясының бастығы

     Нұрмұратов Т.Н - Қазақ өсiмдiк қорғау ғылыми-зерттеу
                      институтының директоры

     Сағитов А.О    - Қазақ ауыл шаруашылық институтының проректоры

     Суслов Г.Б     - Қазақстан Республикасының Экология және
                      биоресурстар министрлiгiнiң жердiң пайдаланылу
                      мен қорғалуына мемлекеттiк бақылау жасау
                      бөлiмiнiң бастығы

     Төлемiсов К.А  - Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының
                      Микробиология ғылыми-зерттеу институты
                      директорының орынбасары

     Шеянов В.Н     - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк бас
                      санитарлық дәрiгерiнiң орынбасары

     Эльперин М.М   - "Агрохим" ғылыми-технологиялық орталығының
                      директоры