Орыс тiлi тереңiрек оқытылатын және әскери-дене тәрбиесi әзiрлiгi күшейтiлген арнаулы мектеп-интернаттарды қайта құру мен атауын өзгерту туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 9 шiлде 1992 ж. N 587

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы тәуелсiздiк пен егемендiк алған, армияның басшы құрамының ұлттық кадрларын даярлау қажеттiгi пайда болған жағдайда, оқушы жастарды әскери бағдарлау iсiн одан әрi жақсарту және әскери оқу орындарына түсуге даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Халыққа бiлiм беру министрлiгiнiң 1992 жылғы 1 қыркүйектен бастап орыс тiлi тереңiрек оқытылатын және әскери-дене тәрбиесi әзiрлiгi күшейтiлген Қарағанды және Шымкент арнаулы мектеп-интернаттарын республикалық оқу орындары етiп қайта құру туралы;
      аталған мектептердi тиiсiнше Қарағанды және Шымкент республикалық әскери мектеп-интернаттары деп атын өзгерту туралы;
      орыс тiлi тереңiрек оқытылатын және әскери-дене тәрбиесi әзiрлiгi күшейтiлген Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық арнаулы мектеп-интернатын Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы атындағы Алматы республикалық әскери мектеп-интернаты деп атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен, Қарағанды, Шымкент облыстық және Алматы қалалық әкiмдерiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi