Геологиялық барлау жұмыстарын және жер қойнауын қорғауды қаржыландыруды тұрақтандыру туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1992 жылғы 3 шiлдедегi N 579. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993.05.20. N 407 қаулысымен.

Күшін жойған
      Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыруды тұрақтандыру және геологиялық барлау жұмыстары мен жер қойнауын қорғауға арналған шығындардың орнын толтыру ставкаларын қалыптастыру механизмiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Геологиялық барлау жұмыстары мен жер қойнауын қорғауға арналған шығындардың орнын толтыру ставкаларының мөлшерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      Геологиялық барлау жұмыстарын қаржыландыру республика

бюджетiне түскен орнын толтыру ставкаларының нақты көлемiнде
жүзеге асырылсын.
     2. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
"Қазақстан Республикасының минералды шикiзат базасын дамыту
мен ұдайы жаңарту жөнiндегi геологиялық барлау жұмыстарын
қаржыландыру туралы" 1992 жылғы 21 қаңтардағы N 43 қаулысының
тармағының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
                                     Қазақстан Республикасы  
                                     Министрлер Кабинетiнiң
                                     1992 жылғы 3 шiлдедегi 
                                         N 579 қаулысына
                                               Қосымша

           Геологиялық барлау мен жер қойнауын қорғауға
           арналған шығындардың орнын толтыру ставкаларының
           мөлшерi (1992 жылғы 1 қаңтардан енгiзiледi)
-------------------------------------------------------------------
     Пайдалы қазбалардың топтары   | Өлшем бiрлiгi |Өткiзу бағасының
       мен түрлерiнiң атаулары     |               |проценттiк ставкасы
--------------------------------------------------------------------
                1                           2                3
---------------------------------------------------------------------
Отын-энергетикалық шикiзат:
   мұнай                                 тонна              8
   газ конденсаты                          >>               8
   табиғи газ                        мың текше метр         8
   көмiр                                тонна               0,9
   радиоактивтi шикiзат                 кг                  6,3
Қара металдар:
   темiр кенi (iшiндегi темiр үшiн)      тонна              2,4
   темiр концентраты (iшiндегi темiр
   үшiн)                                   >>               0,9
   марганец концентраты (iшiндегi
   марганец үшiн)                          >>               2,3
   хром кенi немесе концентраты 
   (iшiндегi хром тотығы үшiн)             >>               2,4
Түстi металдар:
   мыс (кесек, тазартылған, анодтық)     тонна              5,3
   концентраттағы мыс                      >>               6,6
   кендегi мыс                             >>               7,9
   қорғасын (кесек күйiнде)                >>               6,5
   концентраттағы қорғасын                 >>               9,4
   қорғасын - мырыш кенi (қорғасын,
   сондағы мырыш)                          >>               6,7
   мырыш құйымы                            >>               6,5
   концентраттағы мырыш                    >>               9,4
   бокситтер (iшiндегi алюминий тотығы)    >>               11,6
   концентраттағы қалайы                   >>               8,1
   концентраттағы танталдық бестотығы      >>               5,8
   концентраттағы вольфрамды ангидридi     >>               8,1
   кобальтты никель кенi (iшiндегi
   никель үшiн)                            >>               10
   кобальтты никель кенi (iшiндегi
   кобальт үшiн)                           >>               10
   концентраттағы молибден                 >>               8,1
Асыл металдар:                         
   химиялық таза алтын                    грамм             2,1
   күмiс                                   >>               1,6
Металлургияға арналған кен емес
шикiзаттар:
   доломиттер                             тонна             6,3
   флюстiк әктастар                        >>               6,3 
   қалыптау құмдары                  текше метр             6,3
Химиялық тау-кен шикiзаты:    
   фосфор кенiндегi фосфордың бестотығы    >>               6,3
   бор кенiндегi бор ангидридi             >>               6,2
   концентрат пен кендегi барит            >>               2
Басқа кен емес шикiзаттар:   
   хризолит-асбест                       тонна              6,3
   отқа төзiмдi саздар                     >>               3,2
   керамика өнеркәсiбiне арналған
   шикiзат                                 >>               3,2
   каолин                                  >>               3,2
   құрылысқа арналған әктастар         текше метр           3,2
   ас тұзы                               тонна              3,2
   калий тұздары                           >>               3,2
   цементтiк шикiзат                       >>               3,2
   бентонит саздары                        >>               3,2
   вермикулит                              >>               6,3
Жергiлiктi құрылыс материалдары:
   жол құрылысына арналған килер        тонна               3,2
   қаптауға арналған мәрмәрлар,
   әктастар                           текше метр            3,2
   қаптауға арналған тау жыныстары         >>               3,2
   құрылыс тастары                         >>               3,2
   құмдар және құм-қиыршық қосындылары     >>               3,2
   шыны өндiрiсiне арналған шикiзат        >>               3,2
   керамзиттiк шикiзат                     >>               3,2
   кiрпiш саздары                          >>               3,2
   гипс және гипсангидридтi тастар       тонна              3,2
   бор                                     >>               3,2
Жарқылтас шикiзатынан жасалған өнiм:
   желiлiк сүт кварц                     килограмм          12
   жарқылтас шикiзаты                      >>               11,2
Жерасты сулары                          текше метр          10