Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкiлдiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 2 шiлде 1992 ж. N 566

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкiлдiгiн ашу туралы" 1992 жылғы 5 маусымдағы N 795 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкiлдiгi штатының саны жылдық қоры 100000 АҚШ доллары болатын 8 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкiлiнiң лауазымдық жалақысы айына 1880 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн. <*>
      Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлдiгi қызметкерлерiнiң

лауазымдық жалақысы Тұрақты өкiлдiң жалақысына қарай штаттық
кестеге сәйкес белгiленсiн.
     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1993.10.22. N 1048
              қаулысымен.
     3. Жұмыстың күрделiлiгi мен көлемдiлiгiне байланысты 
Қазақстан Республикасының Бiрiккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты
өкiлiнiң лауазымдық жалақысына шетел валютасымен оның жалақысының
20 процентi мөлшерiнде үстеме төленсiн. 
     4. Қазақстан Республикасының Тұрақты өкiлдiгiнiң 1992 жылғы
шығын сметасы 392130 АҚШ доллары мөлшерiнде белгiленсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi