Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 2 шiлде 1992 ж. N 565 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 27 желтоқсандағы N 1406 Қаулысымен.

Күшін жойған

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тәуелсiздiгi туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңын орындау мақсатымен республиканың ұдайы дамып отырған сыртқы байланыстарын ескере келiп Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық аппараты қызметкерлерiнiң саны 476 адам (шет елдердегi мекемелердiң аппараты мен қызмет көрсетушi адамдарды қоспағанда) болып белгiленсiн. Сонымен бiрге аппаратты 1992 жылы 190 адамға, 1993 жылы - 197 адамға кезең - кезеңмен көбейту негiзге алынсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде министрдiң 5 орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi және құрамында 17 адамнан тұратын коллегия болуына рұқсат етiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қызметкерлерiнiң "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалақыны арттыру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 20 мамырдағы N 448 қаулысында көзделмеген жалақы мөлшерi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қызметкерлерiне дипломатиялық дәрежесi үшiн N 2 қосымшаға сәйкес үстеме белгiленсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметкерлерiне шетел тiлдерiн бiлгенi үшiн лауазымдық жалақысына 30 процентке дейiн төлем жасалсын. 
      6. Қызмет көрсетуден түскен өз (бюджеттен тыс) қаржысын соммен де, валютамен де, толығымен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң материалдық-техникалық базасын дамытуды қаржыландыру үшiн, сондай-ақ оның арнаулы және басқа мақсаттарына жұмсауға рұқсат етiлсiн.<*> 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп арнайы қаржы бойынша және ағымдағы валюталық есептер ашуды қарастырып, көрсетiлген қаржыны пайдаланудың жалпы тәртiбiн анықтасын. 
       ЕСКЕРТУ. 6-тармақтың 1-абзацынан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.04.02. N 465 қаулысымен P970465_  
      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жылжымалы құрамымен 40 автомобилi бар автокөлiк гаражына рұқсат берiлсiн. 
      Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiн гаражбен қамтамасыз ететiн болсын. 
      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң орталық аппараты үшiн қызмет бабындағы 6 жеңiл автомашина лимитi  белгiленсiн.
      9. Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Iс басқармасы өз балансынан 2 "Чайка" автомашинасын шетелдiк делегацияларға қызмет көрсету үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң балансына беретiн болсын.
      10. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi шетелдiк делегацияларға қызмет көрсету дипломатиялық
почтаны тасу және басқа да қажеттер үшiн Қазақстан Республикасының
Сыртқы iстер министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша мынадай автомашиналар бөлетiн болсын:
      ГАЗ-2410 "Волга"                       - 32
      ГАЗ-2412                               - 2
      РАФ-22035-01 "Латвия"                  - 2
      ГАЗ-53 жүк машинасы                    - 1
      ЛАЗ-2141 автобусы                      - 1
      11. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi, Экономика жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Сауда министрлiгi, "Қазмұнайөнiм" және "Қазжеңiлөнеркәсiп" концерндерi тиiсiнше материалдық-техникалық ресурстар, жанар-жағар материалдар, ұйымдастыру iсiнiң техникасын, кеңсе бұйымдарын, өкiлдiк мақсаттар үшiн кәдесыйлар бөлудi қарастырсын. 
      12. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық дәрежесi бар қызметкерлерi өкiлдiк киiмдерiмен қамтамасыз етiледi деп белгiленсiн. 
      13. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгiмен бiрлесiп өкiлдiк киiм-кешек мөлшерiн белгiлеп, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне ұсынатын болсын. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi аталған мақсаттарға республикалық бюджеттен қажеттi қаржыны бөлетiн болсын. 
      14. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi 1992 жылы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiн шет елдерде және ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде керек болатын пункттерiмен бiрге қажеттi телефон, телекс және басқа да байланыс құралдарымен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша Министрлiктiң ғимаратына параболикалық телевизиялық антена орнататын болсын. 
      Осы мақсат үшiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi тиiстi қаржы бөлудi көздесiн. 
      15. Қазақстан Республикасының Мемлекет хауiпсiздiгi комитетi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнде шифрлық қызмет жүйесiн ұйымдастырсын. 
      16. Қазақстан Республикасының Шетел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң әкiмшiлiк үйiн салуға шетел инвестицияларын тарту туралы ұсыныс әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн. 
      17. Алматы қаласының әкiмi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң үйiнде асхана буфеттер ашсын. 
      18. Алматы қаласының әкiмi 1993 жыл iшiнде Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiн 35-40 пәтермен қамтамасыз етсiн. Мемэкономком аталған тұрғын үйлердi салуға инвестициялық қордан қаржы бөлудi көздейтiн болсын. 
      19. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң материалдарын басып шығару жөнiндегi тапсырыстарын орындайтын болсын. 
      20. Қазақстан Республикасының Бiлiм беру министрлiгi мен Сыртқы iстер министрлiгi дипломат кадрлар даярлау мақсатында Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнде халықаралық қатынастар факультетiн ашсын. 
      21. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне өз қызметкерлерiн ТМД-ға қатысушы мемлекеттер мен шет елдерге оқуға және бiлiмiн көтеруге жiберу хұқы берiлсiн.
      22. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қызметкерлерiнiң қызмет бабында шет елдерге баратын iссапарына жыл сайын Республикалық валюта қорынан валюта қаржысының лимитi бөлiнiп отырсын. 
      23. Алматы облысының әкiмi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнiң қызметкерлерiне бау-бақшаға жер бөлiп берсiн.
      24. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Әдiлет министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бұрын қабылдаған шешiмдерiн осы қаулыға сәйкестендiру туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1992 жылғы 2 шiлдедегi
                                           N 565 қаулысына
                                             N 1 қосымша

           Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
         1992 жылғы 20 мамырдағы N 448 қаулысында көзделмеген
           Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
            қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерi   
                              (Кесте)

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1992 жылғы 2 шiлдедегi
                                           N 565 қаулысына
                                             N 2 қосымша

           Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
         қызметкерлерiнiң дипломатиялық дәрежесiне үстеме мөлшерi
                                 (Кесте)