Алматы қаласында экономикалық және әлеуметтiк реформалар қорының өкiлдiгiн ашу туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1992 жылғы 28 сәуiрдегi N 386

Қолданыстағы
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Экономикалық және әлеуметтiк реформалар қорының ("Реформа" Қоры) Қазақстан Республикасында түбегейлi реформаларды жүргiзу жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүзеге асыруда өтемсiз негiзде көмек көрсетуге дайын екендiгi туралы инициативасы мақұлдансын.
      2. Нарыққа көшу кезеңiндегi экономикалық және әлеуметтiк саясат, сыртқы экономикалық қызмет, заң және нормативтi актiлердi, сондай-ақ экономикалық реформаны жүзеге асыруға байланысты бағдарламалардың жобасын сараптау мәселелерi бойынша "Реформа" Қорымен ынтымақтастық жасау орынды болады әрi қажет деп саналсын.
      3. Алматы қалалық әкiмшiлiгi "Реформа" Қорымен бiрлесе отырып, Алматы қаласында Қордың бөлiмшесiн немесе өкiлдiгiн ашу мәселесiн қарастырып, шешетiн болсын және оны орналастыруға көмек көрсетсiн.
      4. Министрлiктер, ведомстволар және жергiлiктi әкiмшiлiктер қарамағындағы кәсiпорындар мен ұйымдардың "Реформа" Қоры мен өзара қарым-қатынасының нысандарын анықтайтын болсын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi