Маскүнемдікпен, есірткі заттармен, улы заттармен ауыратындарды емдеу-сауықтыру мекемелеріне жіберу туралы сот қаулыларын қайта қараудың тәртібі туралы

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1987 жылғы 2 қазан N 10, Пленумның 1996-жылғы 20-желтоқсандағы N 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Маскүнемдiкпен, есiрткiмен және улы заттармен ауыратындарды емдеу-сауықтыру мекемелерiне жiберу туралы сот қаулыларын қайта қарау кезiнде туындайтын мәселелерге байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

      Маскүнемдiкпен, есiрткiмен, улы заттармен ауыратындарды емдеу-сауықтыру мекемелерiне жiберу немесе одан бас тарту туралы аудандық (қалалық) соттың қаулысы облыс прокурорының қадағалау тәртiбiндегi наразылығы бойынша облыстық соттың төралқасында қайта қаралуы мүмкiн екенi түсiндiрiлсiн.