Маскүнемдікпен, есірткі заттармен, улы заттармен ауыратындарды емдеу-сауықтыру мекемелеріне жіберу туралы сот қаулыларын қайта қараудың тәртібі туралы

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1987 жылғы 2 қазан N 10, Пленумның 1996-жылғы 20-желтоқсандағы N 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге. (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 1 том, 178 бет)

Қолданыстағы
      Маскүнемдiкпен, есiрткiмен және улы заттармен ауыратындарды емдеу-сауықтыру мекемелерiне жiберу туралы сот қаулыларын қайта қарау кезiнде туындайтын мәселелерге байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы қаулы етеді:

     Маскүнемдiкпен, есiрткiмен, улы заттармен ауыратындарды 
емдеу-сауықтыру мекемелерiне жiберу немесе одан бас тарту туралы аудандық 
(қалалық) соттың қаулысы облыс прокурорының қадағалау тәртiбiндегi 
наразылығы бойынша облыстық соттың төралқасында қайта қаралуы мүмкiн 
екенi түсiндiрiлсiн. 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Икебаева Ә.Ж.)