Сот құжаттарын әзірлеу туралы

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1986 жылғы 28 наурыз N 13. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Сот тәжірибесінде кездесетін мәселелерге байланысты Қазақ ССР Жоғарғы Сотының Пленумы

      Қаулы етеді:

      Кеңесу бөлмесінде іс бойынша қабылданатын үкімді, шешімді және соттың басқа да қаулыларын машинкада басу тәсілімен әзірлеуге қылмыстық және азаматтық істер жүргізу заңдарында тыйым салынбағандықтан, судьялардың бірі қолжазба түрінде де, машинкада басу тәсілімен де әзірлей алады деп соттарға түсіндірілсін.

      Аталған документтер машинкада басу тәсілімен әзірленген жағдайда парақтардың санын, документті судьялардың қайсысы және қандай маркалы машинкада әзірленгендігін соттың құрамы жазба түрде куәлендіруі тиіс.