"Цифрлық үкімет" операторын айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 8 мамырдағы № 374 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Цифрлық кодексі 74-бабының бірінші бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы "цифрлық үкімет" операторы болып айқындалсын.

      2.--"Электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 40 қаулысының күші жойылсын.

      3. Осы қаулы 2026 жылғы 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов